И5 модуль Бактериологиялық зерттеу үшін материал алу Зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Биологиялық зерттеуге несеп, нәжіс, қақырық жинау тәртібі. Зертханаға жолдамалар толтыру. Бактериологиялық зерттеуге материалды тасымалдау және сақтау. Мұрын мен тамақтан жұғынды алу. Емшаралар жүргізу үшін науқасты және зертханалық ыдысты дайындау. Бактериологиялық зертханаға биологиялық материалды тасымалдау.
И6-7 модулі. Рентгенологиялық зерттеу әдістері. Жүрек пен тыныс алу ағзаларын аспаппен зерттеу әдістері Рентгенологиялық зерттеу әдістері туралы түсінік. Көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Зерттеу әдістері. Науқасты зерттеуге дайындау. Зерттеу жүргізу кезінде оған қатысу.
Электрокардиография, фонокардиография, спирография туралы түсінік. Оларды қолдану көрсетімдері. Науқасты емшаралар жүргізуге дайындау. Оларды қолдану әдістемелері мен техникасы. Науқастың қауіпсіздік техникасы.
Электрокардиография мен спирография алу.
И8 модулі. Наукасты эндоскопиялык зерттеу әдістері Эндоскопиялык зерттеу әдістері туралы түсінік. Көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Зерттеу әдістері. Науқасты зерттеуге дайындау. Зерттеуді жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы. Стандарт бойынша қажетті іс-әрекеттерді орындау.
И9 модулі. Радиоизотопты және ультрадыбыстық зерттеу әдістері Радиоизоптық, ультрадыбыстық зерттеу әдістері. Зерттеу көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Емшаралар жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Науқасты зерттеудің әртүрлі әдістеріне дайындау.
К кұзыреттілік аумағы -Мейірбикелік үрдіс К1 модулі. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және жүзеге асыру. Мейірбикелік диагноз «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік. Оның рөлі мен міндеттері. Негізгі бес кезеңі, олардың шара байланысы және әр кезеңінің мазмұны. Мейірбикенің әр кезеңде атқаратын міндеттері. Мейірбикелік сырқатнаманы толтыру. Науқастың мәселелерін айқындау. Мейірбикелік диагнозды тұжырымдау. Жоспар жасау және стандарт бойынша мейірбикелік іс-әрекеттерді орындау. Күтім жасау жоспарын жүзеге асыру тиімділігін бағалау. Мейірбикелік сырқатнаманы ресімдеу.