2.2 Пәннің мақсаты: студенттерде экожүйедегі микроорганизмдердің ролі, микробтық табиғаты бар аурулардың этиологиялық диагностика негіздері, қоршаған орта обьектілерінің биологиялық ластану деңгейінің индикациясы және тұрғындардың денсаулық сақтауына қолдануы туралы заманауи білім қалыптастыру.
2.3 Міндеттері:
патогенді және шартты- патогенді микроорганизмдердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу (морфологиялық, физиологиялық, молекулярлы- генетикалық);
табиғатта (макроэкология) микроорганизмдердің таралуы және олардың жұқпалы аурулар тудыруындағы маңызды ролі туралы білім қалыптастыру;
жүйелі білім қалыптастыру: микроорганизм мен макроорганизмнің өзара қарым-қатынасы және қоршаған ортамен. Нормафлора (микроэкология) және оның дисбактериоз дамуына маңызы;
заманауи микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық зерттеу әдістерін емдеу-профилактикалық мекемелер тәжірибесінде қолдануы туралы білім қалыптастыру;
кең таралған микробты табиғаты бар аурулардың типті зертханалық диагностика әдістерін, қоршаған орта обьектілерінен микробты анықтау әдістерін үйрету;
қоршаған орта обьектілерін микробиологиялық бақылау әдістерін үйрету;
биопрепараттар дайындау үшін микроорганизмдерді қолдану туралы білім беру;
аурудың даму механизмдері (ауру патогенезі) және олардың алдын алу жолдары мен емдеу туралы қазіргі заманғы білім қалыптастыру.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі: Студент білуі тиісті:
пәннің мақсатын, міндеттерін және келешек мамандыққа олардың алатын ролін;
микробиология және иммунологияға қарасты экожүйенің қызметін атқару заңдылықтарын: микроб-адам-қоршаған орта;
микробты табиғаты бар микроорганизмдердің ролін және олардың микробиологиялық диагностикасын;
қоршаған орта обьектілерін микробиологиялық тестілеу әдістерін және олардың микробиологиялық қауіпсіздік тұрғыдан бағалау;