Электронды ресурстар: 1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы): Инфекциялық аурулардың кезеңдерін атаңыз?
Колонизация –түсініктеме беріңіз?
Токсин түрлерін атаңыз?
Дәріс № 12. 1.Тақырыбы: Иммунология. Иммунитет түрлері және механизмдері.
2.Мақсаты. Студенттерге иммунология бөлімінің маңыздылығын, иммунитет түрлерін, организмнің бейспецификалық қорғаныс факторларын түсіндіру. Адам ағзасының тұрақтылығының бейспецификалық факторларын анықтау әдістерін анықтауды және макроорганизмның иммунологиялық статусын бағалауды меңгеру.
Фагоцитоз стадияларын талдау. Комплемент жүйесіне түсініктеме беру.
3. Дәріс тезистері. Иммундық жүйенің спецификалық факторына қарсы денелер, иммунды фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксигендік функциясы тезжәне баяу жоғарғы сезімталдық, толеранттылық, иммунологиялық есте сақтау.
Иммунтет түрлері туа пайда болған, жүре пайда болған болып бөлінеді.
Иммунитет түрлерін үйрететін ғылымды –иммунология деп атайды. Иммундық жүйенің орталық ағзаларына сүйек кемігі, тимус, перифериялық ағзаларға лимфа түйіндері, фоликулалар тобы, бадамша безі, қара бауыр, бауыр, қан және лимфа жатады.
Жүре пайда болған иммунитет жасанды, табиғи болып бөлінеді.
Жасанды:
1.активті
2.пассивті.
Табиғи:
1.активті аурудан кейін .
2. пассивті.
Негізгі бейспецификалық қорғаныс факторлар бұл тері және кілегей шырышты қабат, ферменттер, фагоциттеуші жасушалар, комплемент, интерферон, қан сарысуы ингибиторлары.
Фагоцитоздың негізгі қызметі;
1. Организімнен жойылған жасушаларды және оның құрылымын алып тастайды.
2. Ішкі ағзаға түскен тыныс жолдары арқылы (көмір, минералді және басқа шаңдарды) алып тастайды.
3. Бактерия және вирустардың бөлінді уларын және өнімдерін жояды.
4.Лизоцим, комплемент компоненттерін, интерферонды, интерлейкинді синтездейді.
5. Иммундық жүйенің қалыптасуында қатысады.
6. Т-хелперлер мен антигендердің кездесуін жүзеге асырады.
Комплемент гумаралді иммунитеттің негізгі факторы болып табылады. Комплемент қызметі 1. микробтардың лизисінінде қатысады. 2. хемотоксигендік белсенділікке ие. 3. анафилаксияда қатысады. 4. фагоцитозда қатысады.