*!Мидың постцентралды ирелеңінің бұзылысы кезінде болады
#1
*!Мидың постцентралды ирелеңінің бұзылысы кезінде болады:
*гемипарез
*гемианопсия
*+гемигипестезия
*парапарез
*парестезия
#2
*!Алкоголизммен зардап шегетін ер адам табаны мен білезігінде екі жақтан сезімталдық бұзылысына және әлсіздікке шағымданады. Объективті: «шұлық» және «қолғап» типті гипестезия. Сезімталдық бұзылысының қай типі ықтимал?
*жұлындық сегментарлы
*жұлындық өткізгіштік
*церебралды
*+полиневриттік
*мононевриттік
#3
*!Әйел адам қол саусақтарындағы сезімталдықтың бұзылысына шағымданады. Қарап тексергенде суықты ыстық ретінде, ал ыстықты суық ретінде қабылдау сезімталдық бұзылысы анықталды.
Науқаста қандай симптом болуы мүмкін?
*гиперестезия
*полиестезия
*+дизестезия
*парестезия
*гипестезия
#4
*!Мерезбен ауыратын ер адам қараңғыда тепе-теңдігінің және координациясының бұзылысына шағымданады. Қарап тексергенде: Ромберг кейпінде көзін жұмған кезде тұрақсыздық байқалады, аяқтарында терең сезімталдық төмендеген, ал беткей сезімталдық сақталған. Сезімталдық бұзылысының қай типі ықтимал?
*анестезия
*гиперестезия
*+диссоциация
*дизестезия
*гиперпатия
#5
*! Ер адам сезімталдық бұзылысына шағымданады. Қарап тексергенде оң жақ бетінде сезімталдықтың төмендеуі, ал денесі мен аяқ-қолында сол жақты сезімталдықтың бұзылысы анықталды. Сезімталдық бұзылысының қай типі ықтимал?
*+айқасушы бағаналық
*жұлындық өткізгіштік
*артқы мүйізді-сегментарлы
*ганглионарлы
*таламустық
#6
*!Ер адамды тексеру барысында сол жақ аяғында терең сезімталдықтың төмендегені анықталды, ал ауырсыну және температуралық сезімталдық сақталған.
Қандай құрылымдардың зақымдалуы кезінде осындай көрініс байқалады?
*спиноталамустық жол
*шеткі нерв
*артқы түйін
*+Голль шоғыры
*артқы мүйіз
#7
*!Әйел адамда жиі күюлер болған, тексеру барысында «жартылай күртеше/полукуртка» типі бойынша ауырсыну және температуралық сезімталдықтың төмендегені байқалады, ал терең сезімталдық сақталған.
Сезімталдық бұзылысының қай типі ықтимал?
*+артқы мүйізді-сегментарлы
*жұлындық өткізгіштік
*церебралды
*полиневриттік
*мононевриттік
#8
*!Ер адам аяқтарындағы сезімталдықтың төмендеуі мен сол аяғындағы әлсіздікке шағымданады. Тексеріс барысында оң аяғында беткей сезімталдықтың төмендеуі, ал сол аяғында терең сезімталдықтың төмендеуі мен парез анықталды.
Қай синдром болуы ең ықтимал?
*Джексон
*+Броун-Секар
*Мийяр-Гублер
*Маринеску-Родович
*Валленберг-Захарченко
#9
*! Науқаста жүру кезіндегі тұрақсыздық, жұтынудың бұзылысы, шашалу және мұрынмен сөйлеу сияқты шағымдар пайда болды. Тексеру кезінде: сол жағында жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың, дауыс байламының салдануы, сол жақ бетінде ауырсыну және температуралық сезімталдықтың жоғалуы; ал денесі мен аяқ-қолдарында сезімталдық оң жағынан жоғалған.
Жүйке жүйесінің қай бөлімін тексеру қажет?
*жұлынның мойын бөлімін
*+ми бағанын
*қыртысасты құрылымдарын
*ми қыртысын
*таламусты
#10
*! Әйел адамда жиі күюлер болған, тексеру барысында «жартылай күртеше/полукуртка» типі бойынша ауырсыну және температуралық сезімталдықтың төмендегені байқалады.
Қандай ем түрін қолдану ең тиімді?
*+хирургиялық
*кинезиотерапия
*психотерапия
*медикаментозды
*массаж
#11
25 жастағы ер адам ауырсыну және температуралық сезімдалдықтың бұзылысына шағымданады. Тексеру барысында ThIV-ThVII дерматомдар аймағындағы «белдеу» типі бойынша гипестезия (терең сезімталдылық сақталған) анықталды.
Қандай зерттеу әдісі қажет?
*рентгенография
*мидың МРТ-сы
*+жұлынның МРТ-сы
*электроэнцефалография
*электромиография
#12
*! 30 жастағы ер адамда жамбас аймағында жоғарыдан төмен қарай санның артқы бетімен таралатын және балтырдың артқы-сыртқы бетімен оң жақ табанға иррадиацияланатын «күйдіріп», «оқ тәрізді» ауыру сезімі байқалады. Объективті: табан мен саусақатырының әлсіз парезі байқалады, табан және ахилл рефлекстері төмендеген. Сезімталдық бұзылысы балтырдың латералды және артқы бетін, тұтас табанды қамтиды.
Қандай созу симптомын ең алдымен тексеру қажет?
*Брудзинский
*Вассерман
*Мацкевич
*Керниг
*+Ласег
#13
*! Әйел адамда Броун-Секар синдромы анықталды: сол жақ аяқ-қолында орталық парез, терең сезімталдық сол жағында төмендеген, ал үстірт сезімталдық оң жағында төмендеген.
Қандай зерттеу әдісі қажет?
*+жұлынның мойын бөлімінің МРТ-сы
*мидың МРТ-сы
* жұлынның бел бөлімінің МРТ-сы
*электронейромиография
*рентгенография
#14
*!Әйел адам маңдай аймағындағы көпіршік түріндегі бөрітпеге, ауырсынуға және сол жақтағы кератит көрінісіне шағымданады.
Қай препарат ең тиімді болады?
*+вирусқа қарсы
*антибиотик
*гормоналды
*қантамырлық
*ноотропты
#15
*!Науқаста кеңістіктік гнозистің бұзылуы, стереогностикалық сезімнің бұзылуы анықталды, науқас көзі жұмулы куйінде сипап сезу арқылы заттардың атын айта алмайды.
Қандай зерттеу әдісі қажет?
*жұлын пункциясы
*+мидың МРТ-сы
*жқлынның МРТ-сы
*электромиография
*электроэнцефалография
Блок 2
#16
*!Орталық салдану мен шеткі салданудың айырмашылығы?
*бұлшықет әлсіздігі
*Барре сынамасының оң болуы
*+гипертонус
*атаксия
*гипестезия
#17
*!Ер адам сол жақ қолындағы әлсіздік пен қимылының шектелуіне шағымданады. Тексеру барысында сол жақ қолында бұлшықет гипотониясы, гипотрофия және рефлекстердің төмендеуі анықталды, патологиялық білезіктік рефлекстер жоқ.
Науқаста қандай синдром?
*+шеткі монопарез
*шеткі парапарез
*орталық монопарез
*орталық парапарез
*орталық гемипарез
#18
*! Ер адам жүрудің мүмкінсіздігіне шағымданып стационарға жеткізілді. Тексеру барысында: аяқтарындағы белсенді қимылдардың болмауы, бұлшықет тонусының жоғарылауы, тізе және ахилл рефлекстерінің жоғарлауы, бұлшық ет атрофиясы жоқ, табан ырғағы, табан рефлекстері оң.
Жүйке жүйесінің қай бөлімі зақымдалған?
*жұлынның мойын буылтығынан жоғары
*екі жақтан бірдей шеткі нервтер
*жұлынның мойын буылтығы
*+жұлынның кеуде бөлімі
*жұлынның бел буылтығы
#19
*! Ер адам аяқ қолдарындағы айқын әлсіздікпен ауруханаға жеткізілді. Тексеру барысында бұлшық ет күшінің 1 баллға дейін төмендеуі, аяқ-қолдарында бұлшықет тонусы жоғарылаған, терең рефлекстер жоғарылаған, патологиялық табан рефлекстері анықталды.
Зақымдану ошағы қай жерде орналасуы ықтимал?
*+жұлынның мойын буылтығынан жоғары
*жұлынның мойын буылтығы
*жұлынның кеуде бөлімі
*ми бағанасы
*ішкі капсула
#20
*! Ер адам аяқ-қолдарындағы әлсіздікке шағымданады. Объективті: аяқ-қолдарының дисталды бөлімдерінде бұлшықет тонусы төмендеген, гипотрофия, карпорадиалды және ахилл рефлекстері жоқ, патологиялық рефлекстер жоқ.
Қай синдром болуы ең ықтимал?
*+шеткі тетрапарез
*шеткі гемипарез
*шеткі парапарез
*орталық тетрапарез
*орталық парапарез
#21
*!Әйел адам аяғындағы әлсіздік пен ұю сезіміне шағымданады. Анамнезінде бір жыл бұрын жұлын жарақатын алған. Объективті: аяқ бұлшықеттерінің күші 3 баллға дейін төмендеген, аяқтарында рефлекстері төмендеген, гипотония, патологиялық рефлекстер жоқ.
Тексеру барысында қандай симптом анықталады?
*+гипотрофия
*гипертрофия
*брадикинезия
*гиперкинез
*атетоз
#22
*! Ер адамда оң аяғының артқы бетін толық қамтитын отыру кезіндегі ауыру сезімі байқалады. Объективті: оң жақ балтыр мен табан бұлшықеттерінің шеткі парезі, ахилл рефлексі төмендеген.
Қай нерв зақымдалуы ықтимал?
*санның сыртқы торлы нерві
*сан-жыныстық нерві
*жапқыш жүйке
*+шонданай нерві
*сан нерві
#23
*! 33 жастағы ер адам омыртқа бағанасының бел-сегізкөз бөліміндегі және санның алдыңғы бетіндегі ауырсынуға, оң аяғындағы әлсіздікке шағымданады. Объективті: бел лордозы тегістелген, омыртқа бағанасының бел бөлімінде қимылдар шектелген, сан бұлшықеттерінің гипотрофиясы, оң жақта Вассерман және Мацкевич сиптомдары оң, оң жақ санның ішкі және алдыңғы бетінің гипестезиясы, оң жағында тізе рефлексі төмендеген.
Қай құрылымдар зақымдалуы ықтимал?
*бел өрімі
*ми
*жұлын
*+L3-L4 түбіршектері
*L5-S1 түбіршектері
#24
*!38 жастағы ер адам қол бұлшықеттеріндегі әлсіздік пен арықтауына шағымданады, бір жыл бойы ауырады, әлсіздік біртіндеп басталған. Объективті: қол бұлшықеттерінің күші 3 баллға дейін төмендеген, гипотрофия және гипорефлексия, қол бұлшықеттерінің фибриллярлы тартулары.
Қандай зерттеу әдісі ең тиімді?
*реоэнцефалография
*электроэнцефалография
*ультрадыбысты допплерография
*+электронейромиография
*рентгенография
#25
*! Ер адамда эмоционалды күйзелістен кейін бас ауыруы, жүрек айну, оң жақ аяқ-қолдарындағы әлсіздік пайда болды. Үйге шақырылған учаскелік дәрігер асықты жіліктің айдаршығын басып сипаған кезде табан саусақтарының веер тәрізді жазылып, 1 саусақтың сыртқа қарай бүгілуі анықталды.
Төменде көрсетілгендердің ішінде қай патологиялық симптом ЕҢ ЫҚТИМАЛ?
*Кохер
*Шеффер
*Гордон
*+Оппенгейм
*Брудзинский
#26
*! 47 жастағы ер адам ауруханаға тусу кезінде сол аяғындағы әлсіздікке және ұйып қалуына шағымданады. Тексеру барысында гиперрефлексия және гипертония, сол аяғында патологиялық табан рефлекстері анықталды. Парезді анықтау үшін дәрігер белгілі бір сынамалар жүргізді.
Бұл науқасқа сынаманың қайсысын дәрігер қолданды?
*Стюарт-Холмс
*жоғарғы Барре
*+төменгі Барре
*Ромберг
*Вестфаль
#27
*! Науқаста аяқ-қолдарында әлсіздік, қолдарында бұлшықет тонусы және рефлекстері төмендеген, аяқтарында жоғарылаған, патологиялық табан рефлекстері оң.
Жұлынның қай бөлімін зерттеу қажет?
*жоғарғы мойын бөлімі
*+мойын буылтығы
*кеуде бөлімі
*бел буылтығы
*сегізкөз бөлімі
#28
*! Орталық церебралды салданумен ауыратын балада аяқтарындағы әлсіздік, бұлшықет күші 3 балл, «жиналмалы пышақ» типі бойынша гипертонус, сіңірлік рефлекстер жоғарылаған, патологиялық табан рефлекстері анықталған.
Қай препаратты тағайындау ең тиімді?
*вирусқа қарсы
*антибиотик
*седативті
*+миорелаксант
*СЕҚҚП (НПВП)
#29
*!Ер адам сол аяқтан басталатын, кейін сол қолға және сол жақ бетке таралатын тырысу ұстамаларына шағымданады.
Қай препаратты қолдану ең тиімді?
*антивирусты
*антибиотик
*+антиконвульсант
*антидепрессант
*СЕҚҚП (НПВП)
#30
*!Науқаста аяқтарында белсенді қимылдарының жоқтығы, трофикалық бұзылыстар, бұлшықет атониясы және арефлексия, жамбастық бұзылыстар анықталды.
Ең алдымен жүйке жүйесінің қай бөлімін тексеру қажет?
*жұлынның мойын буылтығынан жоғары
*мойын буылтығы
*жұлынның кеуде бөлімі
*таламус
*+жұлынның бел буылтығы
Достарыңызбен бөлісу: |