Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет89/224
Дата02.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#46944
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   224
Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).


7. Бақылау (тесттер, есептер.)
Жағдайлық есептер:

  1. Инфекциялық ауруханаға температурасы 39ºС, интоксикацияның симптомы бар/әлсiздiк, бас ауру, қалтырау/ бала түстi. Дифузиялы, гиперемия, миндалинаның үстi қалың, лайлы-сұр түстi жабындымен қапталған. Жүректiң соғуы сарын, тахикардия. Барлық мойын лимфатикалық түйіндерi ұлғайған. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Клиникалық диагнозды толықтыру үшiн материалға микроскопиялық зерттеу жүргiзiледi. /Леффлер, Грам бойынша боялған/ сонымен қатар сарысуына егiндi жүргiзiледi. Микроскопия терiс нәтиже бердi. Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады. Сарысуда, майда орталыққа жиналған колония өсiп шықты. Клауберг ортасында радиальды сызығы бар сұр-қара түс түзедi. Содан соң сарысудан таза дақылды алу жүргiзiледi. Соңғы жауапта қалай қоюға болады? Дифтерияның қандай биологиялық құрамы коринебактериядан ерекшеленедi? Негiзгi лабораториялық зерттеуден кейiнгi сiздiн емдеу тактикаңыз? Қандай жолмен дифтерия ауруына профилактика жүргізіледі?

  3. 4-жастағы балада есiнен тану, субфебрильдi температура, құрғақ жөтел бар. 10 күндей ауырған. Соңғы 2 күнде бiрден спазматикалық жөтелдiң ұстамасы басталған. Қойылған диагноз “көкжөтел”, “Жөтел пластинкасы” әдiсi бойынша пенициллинi бар картофельдi-тлицериндi қанды агарға егiндi жасалған. 3 күннен соң 37ºС температурада ортаның жоғарғы бөлiгiнде өте майда тамшы тәрiздi жылтыр сұр колония пайда болған. Сулы, көтерiңкi, көп емес гемолиз зонасы бар. Жұғындыны микроскопиялағанда бұл колониядан Грам терiс таяқшалар табылған. Колония материалы көкжөтел сарысуымен оң агглютинация реакциясын бередi. Соңғы жауапта берiлгендер жеткiлiкті ме? қандай жағдайда серодиагностика қолданылады? Көкжөтел алдын алу мен емдеу үшiн қолданылатын препараттарды ата?

  4. Мектепте барлық балаларға /оқушыларға/ БЦЖ вакцинасын қайта егу/ревакцинация/ алдында терішiлiк Манту сынамасын жасады. Бiр балада сынама оң мағына бердi. Ревакцинация жасау керек пе?

  5. Ауруханаға 40 жасар науқас келдi. Оның шағымы: әлсiздiк, ентiкпе қақырықты жөтел, терлегiш 37-38ºС. Ауру 3 айға созылуда, 2 ай бұрын қамаудан шыққан. Объективтi көрiнiс, тәбетi нашар, акроцианоз, тахикардия. Оң өкпенiң жоғарғы жағынан ылғи да ысқырық, флюорограммада сол жерi қарайған. Алғашқы диагноз: оң өкпенiң туберкулезi. Ауру тубдиспансерге жiберiлдi. Ауру қақырығынан алынған жұғынды Циль-Нильсен әдiсi мен бояғанда микроскопияда қышқылға тұрақты таяқшалар табылмаған. Бұл ненi бiлдiредi? Флотация тәсiлiнiң көмегiмен алынған жұғындыны Циль-Нильсен бойынша бояғанда, жiңiшке әлсiз, бүгiлген қызыл таяқшалар табылды. Қандай қорытындыға келдiңiз?, Бактериоскопиялық тәсiлдiң диагностикалық қабiлетiн қалай жоғарылатуға болады?

  6. Ауруға туберкулинмен терi-аллергиялық байқау жүргiзiледi. 48 сағат өткен соң, диаметрi 5 см-ге жететiн гиперемия пайда болады. Диаметрi 12 см папула және лимфангиттің көрінісі байқалды, өткiзiлген байқаудың нәтижесi бағаланды. Қақырықты Левенштеин ортасына екенде, 37ºС инкубациялау нәтижесiнде 20 күннен кейiн сұр колониялар пайда болады. Осы колониялардан алынған жұғындыларды Циль-Нильсен тәсiлiмен бояғанда шоғырланып немесе жалғыз орналасқан, құрамында қара дәнi бар қызыл түстi таяқшалар табылды. Бөлiнген дақыл ЕПА-да және 22 ºС-да жұмыртқалы ортада өспедi, пигмент түзбедi, каталазды, уреазды және нитрат редуктауды активтiлiк көрсетпедi. Қоздырғышты идентификациялау үшiн осы тесттер жеткiлiктi ме? Туберкулездiң жылдам диагностикасын қалай жүргiзуге болады? Туберкулез ауруының арнайы алдын-алу және емдеу препараттарын атаңыз. Оң өкпенiң жоғарғы жағынын ылғи ысқырық естiледi. Флюрограммада сол жер қарайған. Алғашқы диагноз, оң өкпенiң туберкулезi. Ауру тубдиспансерге жiберiлген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет