5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Жағдайлық есепті талқылау.
Жағдайлық есептер: 1 есеп. Ж. қаласында желтоқсан айында 1 және 2 ЖЭС – да мазут және көмір жағылады. Ауа қабатында түтіннің ыстық шлейфі көрінеді олар жер беткейіне түседі. Қала үстінде көп тұман байқалған және ауа райы желсіз температуралық инверсия байқалған. Ауа қабатында зиянды заттар концентрациясы төмендегідей: шаң – 1,5мг/м³ (ШРЕК – 0,05) көмір оксиді – 54,4 мг\м³ (ШРЕК – 3,0) күкірт оксиді – 0,5 мг\м³ (ШРЕК – 0,05), күкірт қышқылы – 0,15 мг/м³ (ШРЕК – 0,1).
Қауіптілік класы: шаң – 3, СО – 4, SO2 -3 H2SO4 – 2.
Сұрақ: 1. Ластаушы заттарды атаңыз?
2.Қандай ластану көздері бар?
3 Смогтың түрін анықтаңыз?
4. Халық денсаулығына смогтың зиянды әсері қандай?
5. Интегралдық көрсеткішті есептеңіз және ластаушылардың халық денсаулығына әсер ету қауіптілік дәрежесін анықтаңыз.
6. Атмосфералық ауаны қорғауда қандай экологиялық шаралар керек?
2 есеп. Түсті металлургия өнеркәсіп ауданында 1,5 – 2,0км радиусына, қорғасын және мырыш комбинаты мен ЖЭС – нан 0,5 шаршыметр қашықтықта атмосфералық ауа:
көмір оксиді мен - 5,0 – мг\м³ (ШРЕК – 3,0), азот диоксиді мен - 0,4 мг\м³ (ШРЕК – 0,04) қорғасын мен - 0,004 мг\м³ (ШРЕК – 0,0003) ластанған. Ауа – райы желсіз, ауаның ылғалдылығы 80 – 85 % құрайды. Жергілікті халық тамақтарының жыбырлауына , көздері мен мұрынның шырышты қабатын қабықшалары тітіркенгеніне, тері жамылғыларында аллергиялық белгілердің болуына шағымданады.
Қауіптілік класы: CO – 4, Рb – 1 NO2 – 2
Сұрақ: 1. . Есепте қандай ластаушы көздер бар?
2. Адам ағзасына әсер ететін ластануларды атаңыз?
3 Қандай ластаушылар жедел және созылмалы әсер туғызады?
4.Адам ағзасына арнайы және арнайы емес әсер ететін ластаушы өздерін атаңыз?
5. Интегралды көрсеткішін есептеу және олардың халық денсаулығына көрсететін қауіптілік дәрежесін анықтау?
6. Атмосфералық ауаны қорғау үшін қандай экологиялық іс – шаралары жүргізуге болады?
3- есеп. Б қаласында мыс өндіру зауытынан 3км және ЖЭС 1км қашықтықта атмосфералық ауанын мыс – 0,02 мг\м³ (ШРЕК -0,002) көмір оксиді – 30,0 мг\м (ШРЕК -3,0) күкіртті газ – 0,3 мг\м³ (ШРЕК – 0,05) күкірт сутек 0,016 мг\м³ (ШРЕК – 0,008) азот диоксиді 0,08 мг\м³ (ШРЕК – 0,04) мөлшерде табылған.
Жергілікті халық бас ауруына асқорыту жүйесінің бұзылуына, жоғарғы тыныс алу жолдарының, көздерінің шырышты қабаттарының тітіркенуіне шағымданған.
Қауіптілік класы: Cu -2, CO -4, SO2 – 3, NO2 – 2, H2 S – 2.
Сұрақ: 1.Қандай ластану көздері бар?
2. Қандай ластаушылар жедел және созылмалы уланулар тудырады?
3. Ластаушылар олардың адам ағзасына әсерін атаңыз?
4. Интегралдық көрсеткішін есептеңіз және химиялық заттардың халық денсаулығына әсер ету қауіптілік дәрежесін анықтаңыз?
5. Берілген ауданның атмосфералық ауасын қорғауға қандай эколдогиялық шаралар қажет.
4- есеп.Мұнай газ шығару аудандарында. Мұнай өңдеу өнеркәсібінен 1-3 шаршы метр арақашықтықта (әсіресе апат болған кезде). Атмосфералық ауада күкірт сутек – 0,08 мг/м³ (ШРЕК- 0,008), күкірт газы- 0,1 мг/м³ (ШРЕК- 0,05), көмір оксиді- 1,0 мг/м³ (ШРЕК- 3,0), азот диоксиді – 0,02 мг/м³ (ШРЕК- 0,04), ванадий – 0,001 мг/м³ (ШРЕК- 0,002), мөлшерінде анықтайды. Газдарды авариялық жапай шығары кезінде сол аудандардағы тұрғындар «шіріген жұмыртқаның » иісіне бас айналуына, шырышты қабаттарының тітіркенуіне шағымданады.
Қауіптілік класы:Н2S-2SO2-3,CO-4 NO2-2V-1.
Сұрақ: 1.Ластану көздерін атаңыз?
2. Қандай ластаушылар жедел және созылмалы уланулар тудырады?
3. Ластаушылар адам ағзасына әсерін атаңыз?
4. Интегралдық көрсеткішін есептеңіз және химиялық заттардың халық денсаулығына әсер ету қауіптілік дәрежесін анықтаңыз?
5. Берілген ауданның атмосфералық ауасын қорғауға қандай гигиеналық, эколдогиялық шаралар қажет.