Жұмыс бағдарламасы пән, пән коды Қоршаған орта және халық денсаулығы Мамандық 5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»


Білім берудің және оқытудың әдістері



бет46/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,33 Mb.
#68417
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
РП-Окруж-среда-МПД-каз

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: «Бұрыштар» пікірталасы
Пікірталастың ережелері.
-спикер сөйлегенде, оның сөзін бөлмеу керек;
- қарсы жақтың көзқарасына жағымсыз тұрғыдан сын және пікір айтпай, тек олардың көзқарасын айқындайтын сұрақ қана қоюға болады.



  1. Оқытушы тақырып бойынша екі немесе одан да көп баламалы шешімдері бар проблеманы анықтап, оларды жариялағаннан кейін студенттерді шағын топ құрамында осы мәселені «Ой қозғау» тәсілін қолдана отырып талқылауды ұсынады.

  2. Оқытушы студенттерге көқарастардың бірін таңдап, үш минут ішінде ұстанған позицияларды дәлелдейтін аргументтерді жазуды тапсырады.

  3. Бірінші көзқарасты ұстанған студенттер аудиторияның бір бұрышына, басқа пікірді жақтағандар бөлменің екінші бұрышына барып тұрады.

  4. Оқытушы талқыланып жатқан проблема бойынша алдын-ала мәтінді студенттерге таратып береді. Студенттер әр шағын топта мәтінді өзар бөліп, олардың позияциясын қуаттайтын дәлелдер іздейді. Әр топтан 1-2 студент осыдан кейінгі пікірталаста топ пікірін білдіретін спикер болып таңдалады.

  5. Топтарға кезекпен сөз беріледі. Спикерлер өз топтарының атынан 1-2 минут аралығында позицияларын айқындайды.

  6. Енді сөз топтардың басқа да мүшелеріне беріліп, олар пікір таласқа араласа алады. Топтарды пікірталасқа ынталандыру үшін оқытушы тарапынан студенттерге келесідей сұрақтар қойған орынды: «Неліктен бірінші топтың мүшелері үшінші топтың көзқарасын қабылдамады?», «Сіздер екінші топтың қандай пікірімен келіспейсіздер?», «Неліктен бірінші топтың студенттері сіздерді өз көзқарасына иландыра алмады?», «Неліктен сіздер өз позицияларыңызға өзгеріс енгізбедіңіздер (енгіздіңіздер)?»

  7. Пікірталас кезінде студенттер өз көзқарастарын өзгертіп, басқа топтарға ауыса алатындығын ескерту керек. Оқытушы тіпті студенттерді пікірлерін ауыстыруға ынталандыруы керек. Бұл жәйт олардың ойлану жұмысына қызу түрде қатысқандығын және ойлау икемділігін көрсетіп, топтың басқа мүшелерінің жауапкершілігін көтереді: олар жақтастарынан айырылып қалмау үшін пікірталаста дәлелді болуға тырысады.

  8. Пікірталас соңында әрбір топқа өз позициясын қысқа түрде (1 минут) басқалардың алдында ауызша тұжырымдау мүмкіндігі беріледі. (спикер сөйлеп болған соң оларға сұрақтар қойылмайды).

9. Пікірталас аяқталғаннан кейін оқытушы әрбір студентті өз ұстанымын эссе түрінде жазуды тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет