7. ҚР топырағы улы химикаттармен ластанған облыстарға... жатады. а) Павлодар және ОҚО
б) Қызылорда және ОҚО
в) Қостанай және Ақмола
г) Қызылорда және Ақтөбе
д) Петропавл және ОҚО
8. Топырақты антропогендік ластаушы көздеріне ... жатады.
а) ауылшаруашылық, өндіріс
б) орман қалдығы
в) су көздері
г) атмосфералық тұнба
9. Ауылшаруашылығында топырақты ластаушы... болып табылады. а) минералды тыңайтқыш
б) суғару
в) жер жырту
г) шаң-тозаң
10. ҚР аймағында радиобелсенді заттармен ластану ... облысына тән: а) Маңғыстау
б) Қостанай
в) Павлодар
г) Қызылорда
д) Петропавл
№13 1.Тақырып: Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері. Қоршаған орта мен табиғи ресурстарын бақылаудың «Бірлестірілген мемлекеттік жүйесі» түсінігі.
2. Сабақтың мақсаты: Қоршаған ортасапасының мониторинг оны қорғауды.ҚР негізгі экологиялық заңдылықтарын, сондайақ қоршаған орта мен табиғи ресурстарын қорғауды «Білестірілген мемлекетті жүйеге» түсінік беруді оқыту.
3. Оқытудың мақсаты: а) Студент білуі керек: - қоршаған ортаны қорғау түсінігін;
- қоршаған орта нысандарын қорғаудың принциптерін;
- қоршаған орта мониторинг түсінігі, оның негізгі түрлерін;
- қоршаған орта және табиғи қорларды қорғауда «бірлестірілген
мемлекеттік жүйе » мониторингін;
- қоршаған орта жағдайының мониторинг (атмосфералық ауа, су
қорларының, топырақтың өсімдіктер және жануарлар әлемі).
- арнайы мониторинг түрлерін;
- ҚР қоршаған ортаны қорғаудағы заңды құжаттарды;
- «ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы» 15.07. 97ж заңының негізгі
ережелерін;
- қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық бірлестіктерді ;
б) Студент істей алуы қажет: - ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңды құжаттарын қолдануды;
- қоршаған орта мониторингін жоспарлау және жасауды;
- қоршаған ортаны қорғау іс шаралар жүйесін ұсынуды;