1.Тақырыбы:Халықтың денсаулық жағдайын эпидемиологиялық бақылау.
2. Мақсаты: Студенттерге эпидемиология түсінігін, тұрғындардың эпидемиологиялық жағдайының бағасын, оның факторлық қалыптасу деңгейін, қоғамдық денсаулықтың көрсеткішін, бағалау критерийін, қоғамдық денсаулықтың түрлі әдістерімен анықтауын таныстыру.
3. Оқыту мақсаты: а) Студент білуі керек: - эпидемиология түсінігін;
- тұрғындардың эпидемиологиялық денсаулық жағдайынын білу;
- ОҚО тұрғындарының денсаулық көрсеткішін;
- адам генефондының қазіргі мәселелерін;
- қоғамдық денсаулықтың қазіргі әдістерін анықтау және бағалау
критерийін;
- қоғамдық денсаулығын жақсартудағы профилактикалық іс- шараларды;
б) Студент істей алуы қажет: - қоғамдық денсаулықты эпидемиологиялық тұрғыдан қоршаған орта факторларының әсерін бағалауын;
- қоғамдық денсаулықтың басты мәселелерін талдауды ;
- қоғамдық денсаулық жағдайын анықтау әдістерін;
- қоғамдық денсаулықтың бағалау критерийін анықтауды;
- қоғамдық денсаулығын жақсартудағы алдын алу іс- шараларын ұйымдастыруды;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Эпидемиологияны ғылым деп (анықтау) тану.
2. Эпидемиологиялық аурулардың себебі мен шығу ошағы.
3. Қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсері, оның эпидемиологиялық сипаттамасы.
4. Қоғамдық денсаулықтың негізгі мәселелері .
5. Тұрғындар денсаулығының жағдайына эпидемиологиялықбаға беру.
6. Медицинада эпидемиологиялық әдістерін зерттеу.
7. Қазақстан халқының экологиялық генофонды мен фонды.
8. Антиэпидемиологиялық іс шаралардың жүйесі және құрамы.
9. Халықты антиэпидемиологиялық қорғаудың ұйымдастырылған құрылымдық жүйесі.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері:Іскерлік ойын «Дөңгелек үстел» «Дөңгелек үстел» әдісінің өткізілуі
Жұмысқа қажетті заттар. Терілген сұрақтар және жағдайлық тапсырмалар (жеке - жеке қағазда).
Жеребе сандар (студенттердің санына байланысты).
Таза қағаз, қалам.
Жұмыс барысы: Жеребе арқылы студенттер 3 топқа бөлінеді, әр топшада 4 студенттен болу керек.