Жұмыс бағдарламасы Пәнді оқытудың мақсаты Ежелгі дүние тарихыкурсының басты мақсаты: тарихшы студенттерге Ежелгі


Ежелгі  Вавилон  патшалығының  қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата22.01.2017
өлшемі1,3 Mb.
#2440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Ежелгі  Вавилон  патшалығының  қалыптасуы   ІІІ-ші  Ура  династиясының 
құлдырауынан  кейін  Қосөзеннің  оңтүстігінде  аморейлер  тұрақтанды.  Бұл 
жерде екі аморейлік мемлекет құрылды, яғни Исин және Ларс орталықтары. 
Исиннің  патшалық  әкімшілік  қызметін  көрсететін  мүсіні  Исин  Лапиташтра 
патшасының  шумер  тілінде  құрылған  заңын  білдіреді.  Солтүстікке  қарай 
Мари  және  Эшнуына  патшалығы  орналасты.  Бұл  барлық  мемлекеттер 
Оңтүстік  және  Орталық  Қосөзенде  өздерінің  үстемдігін  көрсету  үшін  өз 
араларында  күрес  тартыстар  болды. Бірақ,  бұлардың  ешқайсысы  өздерінің 
мақсаттарына  жете  алмады  –  өйткені  Қосөзеннің  едәуір  бөлігінің  бірігуі 
кезеңінде  б.э.д  ХІХ  ғасырдың  басында  негізделген  Вавилонды  аморей 
патшалығының  патшалары  билік  жүргізді.  Вавилон  патшалары  Тигр  мен 
Ефратқа  жақын  орналасқан,  географиялық  жағдайы  тиімді  қалаларды 
пайдаланды,  яғни  алдыңғы  Азиямен  қиылысатын  негізгі  сауда  жолдары, 
сонымен  қатар  саяси  жағдай  вавилон  патшаларына  тиімді  болды.  Өйткені 
Мари  және  Эшнура  күшейген  Ашшурмен  күресте  әлсіреді,  ал  Аарса 
Эламиттердің  қысымына  шыдауға  мәжбүр  болды.  Қосөзен  тарихында  ерте 
Вавилон патшалығының (1894-1595 б.э.д.) өмір сүруі елеулі дәуірді құрайды. 
300  жыл  аралығында  оңтүстік  бөлігі  өздерінің  шаруашылығын  даму  мен 
саяси әсер ету жағынан биік шыңдарға жетті. Ол Қосөзенің барлық алдыңғы 
мәдени  нәтижелерді  өзіне  сіңірді.  Вавилон,  бірінші  аморейлік  патшалық 
тұсындағы  елеусіз  қалашық,  Вавилондық  династия  кезінде  ол  эллистік 
дәуірге дейін өзінің  басқару мәнін жоғалтпаған ірі сауда, саяси және мәдени 
орталыққа айналды.
 
Ассирия  тарихындағы  кезеңдері —  біздің  заманымыздан  бұрынғы  2-
мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак 
аумағы)  құрылған  ірі  мемлекет.  Ассирияның  болашақ  астанасы  Ашшур 
қаласы  маңызды  сауда  жолдарының  бойында  орналасты.  Біздің 
заманымыздан  бұрынғы  16  ғасырда  осы  қала  басшылары  көрші 
территорияларды  жаулап  алып,  Ассирия  мемлекетінің  негізін  қалады.  Көп 
ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан 
тәуелсіздікке  қолы  жетті.  Біздің  заманымыздан  бұрынғы  14  ғасырда 
Митанияны  жаулап  алып,  қуатты  мемлекетке  айналды.  Хет  патшалығы 
құлағаннан  кейін  Ассирия  билеушісі  Тиглатпаласар  І  (біздің  заманымыздан 
бұрынғы  1115  –  1077)  бірнеше  сәтті  жорықтар  нәтижесінде  мемлекет 
шекарасын  Вавилоннан  Мысырға  дейін  кеңітті.  Бірақ  Арабиядан  келген 
арамейлердің  шапқыншылығына  ұшырағандықтан  бір  жарым  ғасыр  бойы 
құлдырау  кезеңін  бастан  кешірді.  Тек  біздің  заманымыздан  бұрынғы  10  –  9 
ғасырларда  ғана  мемлекеттің  жағдайы  тұрақтанып,  күш-қуаты  арта  түсті. 
Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан 
бұрынғы  729  ж),  империя  шекарасы  Жерорта  теңізінің  жағалауына  дейін 
жетті. Ассирия Саргон ІІ билігі кезінде Урарту мен Израильді, оның немересі 

 
70 
Асархаддон 
патшалық 
құрған 
уақытында 
Мысырды 
талқандады. 
Ашшурбанипалдың  кезінде  (біздің  заманымыздан  бұрынғы   7  ғасырдың 
ортасы) Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті. Оның шекарасы 
Мысырдан  Мидияға,  Жерорта  теңізінен  Парсы  шығанағына  дейін  созылып 
жатты. 
Мемлекет 
астанасы 
Ниневия 
өзінің 
сән-салтанатымен, 
архитектурасымен  әйгілі  болды.  Қала  кітапханасында  түрлі  мәтіндер 
жазылған  20  мыңнан  астам  бедерлі  тақталар  сақталды.  Бұл  бедерлерде, 
көбінесе,  жорықтар,  жеңілген  елдердің  қалаларын  ойрандау,  т.б. 
бейнеленген.  Тұтас  жартастардан  патшаларды  дәріптейтін  мүсіндер 
тұрғызылды.  Орта  Азиямен,  Арабиямен  сауда  қатынастары  дамыды.  Жол 
құрылысы  кеңінен  өрістеді.  Ассирия  әдебиетінің  төл  жанры  –  патша 
анналдары  (жылнамалары).  Соның  бір  құнды  үлгісі  –  Саргон  ІІ-нің  біздің 
заманымыздан  бұрынғы  714  ж.  Урартуға  жорығы  туралы  арамей  тілінде 
жазылған  «Ахикар  туралы  жыр».  Бірақ  Ашшурбанипалдан  кейін  басталған 
елдегі  дағдарыс,  оны  пайдаланған  Мидия  мен  Вавилонның  біріккен 
күштерінің соққысы нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы 607 – 605 ж. 
Ассирия  құлады.  Ежелгі  заманда  Алдыңғы  Азияны,  Месопотамия  мен 
Иранды  мекендеген  және  сына  жазуларды  қолданған  халықтардың 
(шумерлердің,  вавилондықтардың,  ассириялықтардың,  т.б.)  тілін,  тарихын, 
мәдениетін  зерттейтін  ғылым  саласы  –  ассиорология  (ассириятану) 
қалыптасты.  Ол,  әсіресе,  Англия,  Франция,  Ирак  пен  Ресейде  жақсы 
дамыған.
 
Озін өзі бақылау сұрақтары: 
1.Шумер Аккад деп аталу себебі. 
2. Митани және Ассирия патшалықтары. 
 
№ 5. Шығыс Жерорта теңізі және Аравия  ежелгі кезеңде.  
Негізгі сұрақтар  
1.Шығыс  Жерорта  теңізі  маңындағы  мемлекеттердің  даму  кезеңдеріне 
сипаттама 
2.Карфаген: саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы. 
3. Аравия жарты аралындағы ежелгі мемлекеттер 
 
      1) Жерорта  теңізінің  шығыс  жағалауында  Финикия  мен  Палестина 
орналасқан.    Палестина  жері  теңіз  жағалауының  солтүстік  аймағында  ,  ал 
Финикия жерлері теңіз жағалауыныңоңтүстік бөлігінде  орналасқан.  
 
Тирдің  оңтүстігінде  филистимдіктер  деп  аталатын  халық  мекендеді. 
Оларды  мысырлықтар  пелистим  деп  атаған,  сондықтан  Палестина    жері 
пайда  болды.  Палестина  ежелгі  тұрғындарының  бірі  –хананей  деп  аталып, 
қалаларда  көршілес  мемелекеттермен  сауда  жасады.  Синай  шөлін 

 
71 
меккендеген  еврей  тайпалары  (израйл,  иудей)  Палестинаға    көшіп  келіп 
жергілікті  тайпалармен  қақтығысты.  Еврейлердің  алғашқы  патшасы-Саул 
тұсында  б.з.д.  13  ғасырда  соғыс  қимылдары  басталады.  Бұл  жерді 
Мысырлықтар жаулап алған болатын. Жаулап алынған Палестинаның үлкен 
бөлігіне  еврейлер  орналасып;  солтүстігіне  израил;  оңтүстігіне  иудей 
тайпалары  қоныстанады.    Рулық  қауымның  орнына  елді  12  аймаққа  бөліп 
басқару  қолға  алынды.    Израил-Иудей  мемлеккетінің  астанасы  Иерусалим 
қаласы болды.  
 
Б.з.д.  10  ғасырда  Дәуіт  (Давид)  тұсында  астана  Иерусалим  қорғанмен 
қоршалды.  Сол  кезде  тұрғындар  шаруашылыққа  қарай:  израилдіктер  жер 
шаруашылығымен 
айналысса; 
иудейліктер 
мал 
шаруашылығымен 
айналысты.  
 
Еврейлердің ең атақты патшалары Сүлеймен (Саламон), Давид болды. 
Сүлейменнің қайтыс болуымен еврей мемлекеті  Иудей  және Израил болып 
екіге  бөлініп  кетті.  Бұл  екі  ру  арасында  алауыздыққа  себеп    болып, 
Сүлейменнің  қайтыс  болуымен  израилдіктер  Мысырмен    біріге  отырып, 
Иерусалимді тонады.  
 
Ұзақ  уақыт  рулық  қауымда  өмір  сүрген  еврейлерді  ақсақалдар 
басқарып,  аңыздарын  Таурат  кітабына  жинақтады.  Алғашында  көп  құдайға 
сенген  еврейлер  кейін    жалғыз  құдай-  Яхвеге  сыйынады.  Мұса  пайғамбар 
(Моисей)  Тур  тауында  Яхве  құдайдан  бұйрық  –скрижалдар  түсіріп,  онда 
«Палестина  нұр  жауған  жер,  сонда  қашыңдар»  делінеді.    Сүлейменнің 
кезінде  Яхве  құдайға  арнап  храм  салынады.  Б.з.д.  Х  ғасырда    Сүлейменнің 
тұсында мемлекет гүлденіп, сауда-саттық  дамып, қалалар салынды. 
 
Финикия  атауы  мысырлықтардың  «фенеху»-  «кеме  жасаушы»  деген 
сөзінен шыққан. Финикияда орталықтанған күшті мемлекет болмады. Б.з.д. ІІ 
мыңжылдықта тек ұсақ қала мемлекеттер ғана болды. Финикия солтүстігінде 
Угарит,  оңтүстігінде  Библ  қала  мемлекеттер  саудамен  айналысып,  ертерек 
өрлеп, көркейген.  Финикия елі Вавилоннан, Ассириядан келетін тауарларды 
Жерорта теңізі арқылы Еуропа құрлығына жеткізіп беріп отырды. Ал Еуропа 
тауарларын  кері    қарай  алып  келіп,  шығыстағы  елдерге  өткізіп  отырды. 
Қаншама  байып,  көркейгеніне  қарамастан,  бұл    қала-мемлекеттері 
ынтымақтасып, өзге жерге жорық жасау  сияқты, бір орталыққа бағынған  ірі 
мемлекет  құра  алмаған.  Себебі,  Финикия  жерлерін  таулар  бөліп 
жатқандықтан  біріге  алмаған.  Египет,  Хетт,  Ассирия  сияқты  мықты 
мемлекеттің қайта-қайта соққы беруі оларды біріктірмеді.  
 
Финикияда  зәйтүн  ағашы  көп  болып,    ағаштан  кеме  жасап,  мөлдір 
шыныны ойлап тауып, сауда жасады. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың соңында Тир 
қаласы күшейіп, бүкіл Жерорта теңізі жағалауында сауда орталығын құрды. 

 
72 
Ежелгі  Мысырлықтар  мен  Вавилондықтарға  қарағанда  Фникиялықтардың 
тұрмыс-тіршілігі  мүлде  өзгеше  болды,  себебі  табиғи-географиялық 
жағдайының  өзгешелігіне  байланысты  болды.    Финикия    теңізшілері 
солтүстік  Еуропадан  қалайы  мен  янтарь  әкелді.  Сонымен  қатар  ұрлап 
алынған «тірі тауар»  құл саудасымен айналысты. Финикиялықтар алғаш рет 
Африка  құрлығын    Мысыр  билеушісі  Нехоның    бұйрығымен  3  жыл  жүзіп, 
Африка    құрлығын    Атлант  мұхитымен    айналып  шықты  .  Финикия 
мемлекетінің  портты  қалалары  Библ,  Сидон,  Тир  қаласы  болып,  сауданы 
дамыта  отыып,  әсіресе,  піл  сүәйектерін  көп  сатты.    Кезінде,  б.з.д.  Х-VІ 
ғасырларда финикиялықтар Испанияға  дейінгі  жерлерді отарлап алды. Тир 
қаласының    тұрғындары  солтүстік  Африкадағы  Карфаген  қаласының 
іргетасын қалады.  Тарихта алғаш рет иникиялықтар 22 дауыссыз дыбыстан  
тұратын  алфабит  ойлап  тапты.  Бұл  алфавиттік  жазу  жүйесіндегі  жетістігі 
гректер  қолданды.  Финикиялықтар  «Ваал  және  Алийян»  дастаны  атақты 
болды,  олардың  діні  туралы  мағлұмат  береді.  Ваал  көктем  құдайы  болса, 
Алийян  оның  ұлы.  Ваал  өлім  құдайы  Мотты  жеңеді,  Ваал  құдайдың  әйелі 
Анат құдайы деп атаған.  
2)  Карфаген(финикий  тілінде  Картадашт  –  жаңа  қала)  –  біздің 
заманымыздан  бұрын7  –  2  ғасырларда  аса  ірі  мемлекеттердің  бірі  болған 
Солтүстік  Африкадағы  қала.  Астанасы-Карфаген.    Финикиялық  тілден 
аударғанда  «жаңа  қала»  деп  аударылады.  Карфаген  финикиялық  Тир 
қаласының  колонистерімен  б.з.д.  814ж  жылы  (кейбір  деректерде  825 
жылы)негізі  қаланды.    Аңызға  сәйкес  Карфагенді  Тир  патшасының  ағасы 
Пигмалион  байлығына  иемдену  үшін  оның  күйеуі  Сихейді  өлтіргенде,  Тир 
қаласынан  қашып  келген  Элисса(Дидона)  патшайым    негізін  салған.    Батыс 
Жерорта  теңізінде  финикиялықтар  үстемдігі  жойылған  соң,    Карфаген 
бұрыңғы финикиялық колонияларды өзіңе қосып алады. Б.з.д. ІІІ ғасырда ол  
оңтүстік  Испания,  солтүстік  Африка,  Сицилия,  Сардиния,  Корсиканы 
жаулап, Батыс Жерорта теңізінде ірі мемлекетке айналады.   
Бирс  қыратындағы  финикиялық  кварталдың  үйінділері  Карфагеннің  негізі 
солтүстігі  мен  оңтүстігінен  теңізге  шығуға  мүмкіндігі  бар  мүйісте  қаланды. 
Оның  орналасуының  қолайлы  болуы  Жерорта  теңізіндегі  теңіз  саудасының 
көшбасшысына  айналдырды.  Теңізді  кесіп  өтетін  барлық  кемелер  Сицилия 
мен Тунис арасынан өтті. 
Қаланың  шегінде  екі  үлкен  айлақ  қолдан  қазылып  жасалды:  оның  бірі  220 
әскери  кемеге  арналған  әскери  айлақ  (порт)  болса,  екіншісі  коммерциялық 
саудамен  айналысатын  көпестерге  арналды.  Айлақтарды  бөліп  тұрған 
мойнақта үлкен дуалдармен қоршалған мұнара салынды. 

 
73 
Қаланың  үлкен  қабырғаларының  үзындығы  37  шақырымды  құрады,  кей 
жерлерде  оның  биіктігі  12  метрге  дейін  жетті.  Қабырғаларының  көп  бөлігі 
теңіздің  жағасында  болғандықтан  сырттан  келген  басқыншыларға  теңіз 
жағынан  кіруге  үлкен  қиындықтар  туғызды.  Қаланың  ішінде  үлкен  мола, 
діни  орындар,  базарлар,  муниципалитет,  мұнаралар  мен  театрлар  болған. 
Қала  бірдей  төрт  тұрғын  аймақтарға  бөлінген.  Қаланың  орта  тұсына  қарай 
Бирс  деп  аталатын  зәулім  цитадель  орналасты.  Карфаген  эллиндер 
заманындағы  ең  үлкен  қалалардың  бірі  болды  (кейбір  деректерге  сүйенсек 
одан  үлкен  тек  Александрия  болды),  ол  ерте  заманның  ірі  қалаларының 
қатарында болды. 
Географиялық  өте  қолайлы  аймақта  орналасқандықтан,  ол  көп  ұзамай 
Шығыс  Жерорта  теңізі,  Эгей  теңізі  жағалауы,  қазіргі  Италия  аумағы 
елдерімен тығыз байланыс жасайтын аса ірі сауда орталығына айналды. 
Карфагендегі (б.з.д. V—IIIғғ.) әлеуметтік-экономикалық қатынастар 
Б.з.д.  V—  IV  ғғ.  Карфаген  Жерорта  теңізіндегі  ең  күрделі  делдалдық 
орталығы болған. Ол арқылы Шығыс Жерорта теңізінің түрлі аумақтарынан: 
Финикий,  Мысыр,  Кіші  Азия,  бірқатар  грек  қалаларынан,  Сахарадан, 
Пириней  түбегінің  Жерортатеңіздік  және  Атланттық  жағалауларынан  
тауарлар өтетін.  Осы тауарлардың көпшілік бөлігі  карфагендік саудагерлер 
үшін үлкен пайдамен Жерорта теңізінің басқа аумақтарына қайта сатылатын.  
Карфагендік  олигархияның  сауда  қызығушылықтарын  қорғау,  Жерорта 
теңізінің  маңызды  сауда  жолдарында  үстемдік  ету  Карфагеннің  басқа 
мемлекеттермен  көптеген  келісімдер  жүйесімен  қамтамасыз  етілді.  Ол 
Риммен  3  келісім-шарт  жүргізіп,  өзінің  Италия  мен  Батыс  Жерорта  теңізі 
айналысындағы 
маңызды 
теңіз 
жолдарында 
экономикалық 
қызығушылықтарын  қорғай  алды.  Карфагендік  сауда  қарым-қатынастары 
жүйесінде  құлдар  мен  металдар  саудасы  маңызды  орын  алған.  Құлдарды 
Африканың  ливиялық  және  негритяндық  тайпалардан  әкелетін,  ал  металдар 
негізінен  Испаниядан  әкелінетін.  Сауданың  делдалдық  сипаты  (  тауарлар 
үлкен  партиялармен  теңіз  және  караван  арқылы  өтетін)  Карфагенде  ақша 
айналымының  өзгешелігін  көрсеткен:  IV  ғасырға  дейін    Карфагенде  өз 
ақшасын  шығармаған,  түрлі  есептеулерге  грек  және  парсы  монеталарын 
немесе қымбат металдарды қолданған.  
Карфаген  б.з.д.  V—III  ғғ.  Ірі  қолөнер  орталығы  болды:  қалада  он 
шақты  құлдар  жұмыс  істейтін,  түрлі  керамика,  статуэткалар,  қымбат  
металдардан 
жасалған 
өнімдер 
заттар 
жасалынатын 
 
көптеген 
шеберханаларболды  .Жалдамалы  карфаген  әскері  қалалық  шеберханаларда 
жасалған  қарулармен  (қылыштар,  найзалар,  дротиктер,  қалқандар,  т.б.)  
қамтамасыз  етілді.  Карфагендіктер  шебер  құрылысшылар  болған.  Қаланы 

 
74 
ішінде  керемет  храмдары,  ақсүйектер  үйлері  салынған    мықты  қорғаныш 
қабырғалары  қоршаған.  Жақсы  қамтылған  бірнеше  жүз    корабльдерден 
құралған  әскери-теңіз  флоты  ең  мықты  күш  болған.    Карфагендіктер  тек 
шебер  теңізшілер  ғана  емес,  сонымен  қатар  жақсы  корабль  жасаушылар 
болған. 
V—IV  ғғ.  Солтүстік  Африкада  ауқымды  территорияларға  ие  болуы  - 
карфагендіктер 
экономикасына 
аса 
маңызды 
 
интенсивті 
ауыл 
шаруашылығының 
дамуына 
 
жақсы 
септігін 
тигізді. 
Дәстүрлі 
диқаншылықпен  айналысып  жүрген  жергілікті  тұрғындар  өнімнің  1/10 
бөлігін салық ретінде беруге міндеттенді, салық санын жиі көбейтетін. Олар 
карфагендіктер жағдайына тәуелді болды, құл болып саналмаса да , олардың 
бостандығы  шектеулі  болды.    Ауыл  шаруашылығы  құлиеленушілік 
поместьелерде  жоғары  дәрежеге  жетті.      Олардың  иелері    жүзімдіктерден, 
зәйтүн  алаптарынан,  бау  менен  бақшалардан  құралған  жоғары  өнімді  
шаруашылықты ұйымдастырды.  Карфаген  қаласы жақсы ұйымдастырылған 
көптеген  құлиеленушілік  имениелермен  қоршалған.  Карфагенннен  біраз 
алыстау  диқаншылықпен    айналысатын  туземді  тайпалар  өмір  сүрген.  Олар 
да  карфагендіктерге ауыр салықтар төлеген.  
Карфагендік  қоғам  б.з.д  VI—III  ғғ.  антикалық  типтің  дамыған  құлдық 
мен ежелгі Шығыс қоғамына  тиесілі элементтері  бар құлиеленушілік қоғам 
болғанV—IV  ғғ.  Солтүстік  Африкада  ауқымды  территорияларға  ие  болуы  - 
карфагендіктер 
экономикасына 
аса 
маңызды 
 
интенсивті 
ауыл 
шаруашылығының 
дамуына 
 
жақсы 
септігін 
тигізді. 
Дәстүрлі 
диқаншылықпен  айналысып  жүрген  жергілікті  тұрғындар  өнімнің  1/10 
бөлігін салық ретінде беруге міндеттенді, салық санын жиі көбейтетін. Олар 
карфагендіктер жағдайына тәуелді болды, құл болып саналмаса да , олардың 
бостандығы  шектеулі  болды.    Ауыл  шаруашылығы  құлиеленушілік 
поместьелерде  жоғары  дәрежеге  жетті.      Олардың  иелері    жүзімдіктерден, 
зәйтүн  алаптарынан,  бау  менен  бақшалардан  құралған  жоғары  өнімді  
шаруашылықты ұйымдастырды.  Карфаген  қаласы жақсы ұйымдастырылған 
көптеген  құлиеленушілік  имениелермен  қоршалған.  Карфагенннен  біраз 
алыстау  диқаншылықпен    айналысатын  туземді  тайпалар  өмір  сүрген.  Олар 
да  карфагендіктерге ауыр салықтар төлеген.  
Карфагендік  қоғам  б.з.д  VI—III  ғғ.  антикалық  типтің  дамыған  құлдық 
мен ежелгі Шығыс қоғамына  тиесілі элементтері  бар құлиеленушілік қоғам 
болған. 
Карфагенде  кұлдар  мен  құлиеленушілерден  басқа  еркін  ұсақ  өнім 
өндірушілерді бөліп алуға болады .  Көп адамды бай қала-Карфагенде (оның 
халқы 200мыңдай) төмеңгі кластағы еркін халықты плебс құраған. Плебстер- 

 
75 
қолөнер  шеберханаларында  ,  портта    жұмыс  істеушілер,  карфагендік 
олигархияға      тәуелді  адамдар.  Құлиеленуші  класқа    ірі  жер  иеленушілер, 
құлдық  шеберханалар  иелері  ,  көтерме  саудагерлері,  абыздар  жатады.  
Көптеген  ежелгі елдеріне қарағанда , соның ішінде финикиялық қалалардан 
айырмашылығы Карфагенде бюрократиялық аппарат дамымаған.  
Карфагеннің  экономикалық  гүлденуі    көптеген  құлдар  мен  тәуелді 
жергілікті  тұрғындар  ең  ауыр  экплуатациясы  негізінде  дамыды.  Кластық 
және  әлеуметтік  қарама-қайшылықтар  өте  қатты  болды.  Карфагендік 
құлиеленушілер құлдар қарсылықтарын ылғи да басып жаныштайтын. Б.з.д. 
IV  ғ  басында  тәуелді  ливиялық  тұрғындар  карфагендіктердің    Сицилиядағы 
ауыр  жеңілісін  пайдаланып  бас  көтерді,  тек  үлкен  күш  арқылы  осы 
көтерілісті  басып  тастады.  Ондда  грек  тарихшысы  Диодор  деректері 
бойынша  200  мыңдай  адам  қатысты.  Б.з.д.  241—238  жж.  Карфагенді 
толқытқан  жалдамалар  мен  жергілікті  тұрғындар  бас  көтеруі    болды.  Тек 
барлық  резервтерді  мобильдендірудің  арқасында  карфагендік  үкімет  осы 
қозғалысты тоқтатты. 
Карфаген  ішінде  де  тыныштық  болмады.  Қалалық  плебс  карфагендік 
олигархиямен  қамтамасыз  етіліп  отырса  да  ,    қаланың  өзінде  әлеуметтік 
алауыздықты тудыртып, өз келіспеушілігін жиі көрсететін .  
Карфагеннің саяси құрылымы 
Карфагеннің  саяси  құрылымы  карфаендік  бай  отбасыларының 
мүдделерін  қарастыратын  олигархияны  құрады.   
басында  10(кейіннен  30) 
адам  болды.    Халық  жиналысы  маңызды  роль  атқарды,  бірақ  ол  көп 
шақырылған жоқ. Шамамен б.з.д. 450ж судьялар кеңесі пайда болды. Ол 104 
адамнан құралған, алғашында жоғары лауызымды адамдарды күнәлары үшін 
соттауы  тиіс  болған,  бірақ  кейіннен  толықтай  биліктің  құзыретінде  болды.  
Атқарушы  билікті  2  суффет  атқарған.    Олар  жыл  сайын  сайланатын.  104 
адамнан  құралатын  кеңес  сайланбайтын,  тек  арнайы  комиссиялар-
пентархиялармен  тағайындалатын.  Ақсақалдар  кеңесі  бас  қолбасшыны  да 
сайлайтын. Демократиялық оппозиция тек Пуни соғыстарында ғана күшейді 
де  ,  бірақ  тарихта  ешбір  ізін  қалдырмады.      Барлық  жоғары  жүйе  сыбайлас 
жемқорлықты  болды,  соған  қарамастан    мемлекеттің  өнімдікірістері  жақсы 
дамуға септігін тигізді.  
Мемлекеттегі  барлық  істермен  мол  күшке  ие    карфагендік  олигархия 
айналысты.  Олигархтардың  өздері  қандай  да  бір  аристократиялық  отбасы 
қатты  күшейіп  барлық  билікті  өз  қолына  алмауын,  біртұлғалы  билік- 
тиранияның  қалыптаспауын    қадағалап  отырды.  Карфагеннің  ішкі  саяси 
тарихы  билік  үшін  күреске  толы.  Көбінесе,  біртұлғалық  билікке 
мойынсұнатын  жалдамалы  әскеріне  сеніп  алған  сәтті  қолбасшылар  үміткер 

 
76 
болатын.  Б.з.д. VI ғ  ортасының өзінде Малх қолбасшы  Сицилияның жаулап 
алған  соң,  Карфагенге  барып,  карфагендік  олигархиялық  мүшелерлі  екінші 
орына  шеттетіп,    өз  диктатурасын  орнатты.  Бірақ  оның  билігі  мықты 
болмады,  Сардиниядағы  сәтсіз  соғыстардан  кейін  ол  Карфагеннен  қуылды.  
Малх билігінен соң Карфагенге басшылыққа атақты Магон аристократының 
отбасысы  келді.  Оған  өз  кезегінде  билігін  ұлдары  мен  немерелеріне  бере 
алды,  барлығы  жарты  ғасырдан  астам  билікті  өз  қолында  ұстап  тұра  алды. 
Магонидтер биліктіб.з.д. VI ғ аяғы - Vғ басы аралығында Сицилия, Сардиния 
және  Корсика аралдардағы сәтті соғыстар арқасында ұстап тұрды.  Тек б.з.д. 
480-474жж  гректерден  жеңілістер  тапқан  соң  биліктен  айырылды.  Б.з.д.  Vғ 
ортасында карфагендік олигархияның билігі толықтай қалпына келтірілді.  
Б.з.д.  Vғ    ІІ  жартысы—III  ғ  ортасында  Карфаген  Жерорта  теңізінің 
батыс  бөлігіндегі  ең  мықты  мемлекеттік  құрылым  болды.  Оның  саяси 
мықтылығының  негізінде  жоғары  дамыған  экономика,  динамикалық 
әлеуметтік құрылым, олигархияың тұрақты саяси жүйесі болды. Карфагендік 
құлиеленушілер түрлі  әлеуметтік және кластық толқуларды басып, белсенді 
сыртқы  саясатты  ұстанып,  Сицилиядағы  грек  қалаларының  шабуылдарына 
төтеп бере алды.  
 
Карфагендіктер  фиикийліктерден  ханаандық  дінді  мұраға  алған. 
Карфагенде адамдарды құрбандыққа шалған кездер болған.  
 
Римнің  металы  көп  Испания  мен  Сицилия  басып  алуға  әрекеттері 
солтүстік 
Африкадағы 
бай 
қала 
Карфагенмен 
қақтығыстырды. 
Карфагендіктерді  римдіктер  Пундар  (бойы  кіші  қара  түсті  адамдар)  деп 
атады.  Екі  мемлекет  арасындағы  соғыс  сол  себептен  де    пуни  деп  аталды. 
Рим карфагенмен 3 рет соғысты: 
1.1-Пуни соғысы- б.з.д. 264-241жж. (23жыл) 
2.2-Пуни соғысы-б.з.д. 218-201жж.(17жыл) 
3.3-Пуни соғысы- б.з.д. 149-146 жж. (2жыл) 
 
23  жылға  созылған  бірінші  соғыста  Римдіктер  600  кемесімен 
айырылғанына қарамастан жеңіске жетіп, Сицилия аралын өз провинциясына 
айналдырды.  Карфаген  қаласының  қолбасшысы  Ганибал  Испания  арқылы  5 
айда  Альпі  тауына  жетті.  Таудан  15  күнде  өтіп,  38  пілінің  12-сі  мен 
армиясының  жартысынан  айырылды.  Ганибалға  По  өзенінің  аңғарын 
мекендеген Галдар қосылды.  Б.з.д. 216 жылы Канна қаласы түбінде Ганибал 
Римдіктердің  50мың  әскерлерін  қырып  салды.    Римнің  дарынды  жас 
қолбасшысы  Сципион    армиясымен  б.з.д.  202ж  Карфагеннің  оңтүстігіндегі 
Зама қаласында Ганибал армиясымен шайқас болып, карфагендіктер жеңілді. 
Жасалған  келісім-шарт  бойынша,  Карфаген  бүкіл  иеліктерімен  қоса  50  жыл 
бойы  үлкен  төлем  де  беруге  мәжбүр  болды.  Рим  Жерорта  теңізінің    батыс 

 
77 
жағалауының  қожасына  айналды.  Карфагеннің  шығыс  елдеріен  сауда  жасау 
арқылы  күшейе  бастағанын  көрген  римдіктер  б.з.д.149жылы  Карфагенге 
соғыс  жариялайды(3-Пуни  соғысы).  Қала  күшті  жасақталған  болғандықтан, 
оны  тек  3  өткен  соң  ғана  б.з.д.  146  жылы  Карфагенді  толық  талқандады. 
500000  халықтың  50000-ы  құлдыққа  алынды.  Карфагеннің  Магон  жазған 
ауыл шаруашылығы трактатынан басқа барлық әдебиеттері жойылды.  Б.з.д. 
146  жылы  өзіне  қарсы  көтеріліске  шыққан  Грекияның  Коринф  қаласын 
толығымен  талқандады.   
Б.з.д.  ІІ  ғ  ортасында  ІІІ  Пуни  соғысы  нәтижесінде 
Карфаген территориясы Рим республикасының құрамына енді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет