Тақырып № 3 Ежелгі Месопотамия
9.
1 Ежелгі Шумер-Аккад қала мемлекеттерінің пайда болуы..
10.
Ежелгі Вавилонның өрлеуі.
11.
Митани патшалығына жалпы сипаттама.
12.
Ассирия тарихындағы кезеңдерге сипаттама.
Шумер өркениеті дүниежүзіндегі ежелгі мәдениет ошақтарының бірі
болып саналады. Қосөзенде, яғни Тигр және Ефрат өзендерінің аңғарында
б.з.д. IY мыңжылдықтың өзінде таптық қоғам пайда болды. Бірақ Мысырмен
салыстырғанда Қосөзен мәдениеті біркелкі болмады. Оның құрылуына тілі
бізге белгілі тілдік топтардың біріне де жатпайтын шумер-лер, көне еврей,
финикийлік, араб тілдеріне ұқсас семит тілдерін қолданатын аккадтықтар
(вавилондықтар мен ассириялықтар), Солтүстік Месопотамия мен Солтүстік
Сирияда мекен-деген хуриттер мен көптеген басқа халықтар қатысты.
Қосөзендегі жазу жүйесі шумерлерден бастау алды деген болжам бар.
Олардың хат жүйесі (сына жазуы) аккадтықтар, сонан соң алдыңғы Азияның
басқа халықтарына әсер ете дамып, үш мың жыл бойы қызмет етті. Демек,
көне сына жазуын оқи отырып, өркениеттің ертерек кезеңдерінен бастап ұзақ
уақыт
аралы¬ғын¬дағы
әдебиеттің
қалыптасу
жолдарын
зерттеу
мүмкіндігіне
ие
боламыз.
Сақталып қалған шығармалардың ішінде сына жазулары рим мен грек
әдебиетінен басқа барлық ежелгі әдебиеттерден асып түседі. Шынында, сына
жазу әдебиетіндегі шығармалар көлемі жағынан ауқымды емес. Себебі ауыр
әрі көлемді балшық тақтайшаларда ұзақ мәтін¬дерді жазу қиынға соқты.
Сондықтан да бізге жеткен ең көлемді деген сына жазу ескерт¬кішінің өзі
екі-үш
мың
қатардан
аспайды.
Қосөзен тарихында Шумер кезеңі шамамен 1000 жылға созылып, Тигр мен
Ефрат аңғарында ежелгі таптық мемлекеттер қалыптаса бастаған б.з.д. IY
мыңж. соңынан б.з.д. ІІІ мыңж. соңына дейінгі кезеңді қамтиды. Шумер
халқының тегі әлі жұмбақ, тіпті анық қайдан келгені де белгісіз. Тілі өз
төңірегіндегі ежелгі халықтардың ешқайсысына ұқсамайды. Олар-дың
көпшілігі көп буынды сөздерден тұратын болса, шумер сөздері көбіне бір
буынды сөз-дер¬ден тұрды. Олар иленген саз балшықты әрқилы қалыпқа
түсіретін аяқпен теппе зырыл-дауықты, диірмен мен соқаны, доңғалақ пен
желкенді қайықты, мыс, қола құймаларын, күн тізбесін алғаш ойлап тапқан
халық. Гемопатиялық медицинаның қалыптасуына әсер етіп, заңды, аспан
денеле¬рінің адам ағзасына әсерін жүйелеген. Құрылыста күмбез, нақыш,
фриз, шыны-шытыра, тас қашау, металл безендіруді бірінші боп пайдаланған.
Арасына сабан, қамыс салып, қам балшықтан кірпіш басу, қыш кірпіш, ағаш
бөлшектерден үй салуды кең өріс¬теткен. Тұрған үйлері төрт бұрышты,
қосқабатты, аспалы бақты болған. Су құбырларын тартып, қала¬ларының қақ
54
ортасында жебеуші тәңірінің құрме¬ті¬не арналған алып ғимарат орна¬тып,
сәулет өнерімен бірге мүсін өнерін де дамытқан. Музыка аспаптары мен
музыка тео¬рия¬сын да бірінші боп қалыптастырған шумерлер. Аспан-Жер-
Жерасты бір-бірімен бағы-ныш¬тылық жолымен бай¬ла¬нысып тұрған
кешенді құбылыс деп түсінген. Осылайша, шумер-лер таңғажайып мәдениеті
қалып¬тасқан
халық
болатын.
Б.з.д. ХХІY-ХХІІ ғ. шумерлер аккад әмірлігінің қол астына кіреді. Аккад
билігі кезінде шумерлер де, олардың дәстүрлері де жойылған жоқ, дегенмен
аккадтықтардың әсері Қосөзен бойындағы көркем өнердің дамуында айқын
көрініс тапты. Шумерлердің тәуелсіз тарихы-ның соңғы кезеңі құл
иеленушілік мемлекеттің толық қалыптасып, оның идеялогиясының түзелуі,
пантеон жүйесі мен салт жораларының реттелінген кезіне, яғни ІІІ Ура және
Исин әулетінің басқаруы (б.з.д. ХХІ ғ.) тұсына сәйкес келеді. Осыдан соң
Қосөзен Вавилонның билігіне өтіп, шумерлер тәуелсіз халық ретінде өмір
сүруін
тоқтатады.
Шумер әдебиетінің ескерткіштері олардың аккадтықтармен етене араласып,
аккад тілі шумер тіліне қарағанда кең қолданыста болған б.з.б ХІХ-ХYІІІ ғ.
сейкес келеді. Бұл ескерт-кіштер шумер тілінде не шумер-аккад тілінде
жазылған шығармалар немесе олардың көшір-месі болатын. Осыдан біз
шумер мәдениетінің Қосөзен тарихында үлкен орынға ие болғанын көре
аламыз.
ХІХ ғ. 60-жылдардың ортасында америка археологтарының қатысуымен
ежелгі шумер-лік мәдени орта¬лық болып табылатын Ниппурға жақын Абу-
Салябих деген жерде шамамен б.з.д. XХYІІ-XХY ғ. аралығына жататын
үлкен мұрағат табылды. Ондағы алуан түрлі сына құжаттардың ішін¬де
ұрандар,
аңыздар
мен
ғибратнамалар
болды.
Шумерлерде патша жазулары І Ура әулетінің билігі басталғанға дейін, яғни
б.з.д. ІІІ мыңж. ІІ ширегінде пайда болды. Алғашқы мұндай жазулар
ғибадатхана мен ка¬на묬дардың құрылысымен байланысты болып,
негізінен «Мынадай құдайға мынадай ғимарат са¬лын¬¬ды» деген бір ғана
сөйлемнен тұрды. Кейін сөйлемдер күрделене түсіп, соғыстар жайлы айтыла
бастайды. Б.з.д. ІІІ мыңж. жазулардың ауқымы кеңейіп, мазмұны түрлі
кейіп¬кер¬лер мен көрі-ніс¬¬тер арқылы байи түсті. Сондай шығарманың
бірі Лагаш қаласының билеу¬шісі Эаннату¬ма-ның (б.з.д. ХХY ғ.) «Қарақұс
стеласында» соғыс алаңындағы көріністер сурет¬телсе, Лагаш-тың тағы бір
билеушісі Энметеннің (б.з.д. ХХІY ғ.) жазбасында Лагаш пен Умма
қалала¬ры-ның
тарихы
баяндалған.
Уақыт өте келе жазуларлардың тек көлемі кеңейіп қана қоймай, олардың
стильдік негіз-дері қалыптасып, әсерлі әрі бейнелі сөздермен өрнектеле
бастады. Кейінірек шумерлер мен вавилондықтарға тән өте қызық
жалғанжазу (псевдонадпись) жанры пайда болады. Стиль жағынан ежелгі
жазуларға ұқсағанымен, онда оқиға бірінші жақта баяндалады.
Жал¬ған¬жазу-ларда әскери жағдайлар мен шынайы тарихта орын алған
қарулы қақтығыстар тура¬лы сурет-теледі. Ескерткіштің бұл түріне Адабтың
аңызға айналған патшасы Лугальанемун¬ду¬дың анна묬дары мен Уруктың
55
патшасы Утухенгали мен Кута қаласының билеу¬шісі Тири¬канның
арасында болған қанды шайқасты суреттейтін шығарма¬ны жатқызуға
болады.
Кейде тарихи құнды мазмұндағы ескерткіштер кездеседі. Соның ішінде
ежелгі шумерлік Ниппур қаласындағы «Туммаль ғибадатханасының»
қабырғаларындағы жазуларда оны сал¬ған, не қайта жөндеген қала
басқарушыларының есімдері, солардың ішінде Урук патшасы Гильгамеш,
оның баласы Ур-Нунгаль, Киш қаласының билеушісі және Гильга¬меш-тің
қарсы¬ласы Энмебарагес пен оның ұлы Агга есімдері келтіріледі. Бұл
мәліметтер басқа мағлұмат¬тар¬мен бірге шумер-аккад жырының белгілі
батыры
Гильгамештің
тарихи
тұлға
екендігін
көрсетеді.
Шумер тарихының хронологиялық арқауын құрастыруда өте маңызды
саналатын «Пат-ша тізімі», сондай-ақ ІІІ Ура әулеті тұсындағы «Жыл
атауларының тізімі» де өте қызықты. «Пат¬ша тізімі» бірыңғай және мәңгі
«патшалық»
идея
–
«нам-
лугальды»
қамтиды.
ІІІ Ура әулеті кезіндегі «Жыл атауларының тізімін» алғашқы хроника немесе
жылнама деп есептеуге болады, онда әр жыл сол жылда болған бір оқиғаға
байланысты аталды. Мұн-дай тізімдер аккад әулеті кезеңінде жазыла
басталған
(б.з.д.
ХХІІІ
ғ.),
бірақ
бізге
жетпеген.
Бізге жеткен бірнеше шумер мәтіндерін шумертанушы ғалым С.Н. Крамер
әдеби ката-лог ретінде баспаға ұсынды. Салыстырмалы түрде бұл мәтіндерді
анықтау қиынға соқпады, себебі шумерліктер мәтіннің атауы ретінде
шығарманың бірінші жолының басын алған, ал тізімде белгілі ескерткіштер
қатары болды. Шумер әдебиетінің шамамен 150 ескерткіші бел-гілі (көбісі
фрагментарлы түрде). Олар¬дың арасында ғибадатханада құлшылық етудің
бір бөлігі болып табылатын өлеңмен жазыл¬ған аңыздар, эпикалық әңгімелер
мен жалбарынулар, құдайлар мен патшаларға арналған ұрандар, діни
өлеңдер, махаббат әндері мен жоқтаулар да болды. Олар ғибратнамалар,
ақыл-өсиеттер, дау-сұхбаттар, сондай-ақ мысалдар, күлдіргі әңгімелер,
жаңылтпаштар
мен
мақал-мәтелдерге
бай
еді.
Шумерлер дінін қауымдық мәдениетке негізделген сенімдер ретінде
анықтауға болады, басқаша айтқанда, ол діннің ежелгі типіне жатты. Діни
нанымдарда этикалық оқуларға қара-ғанда сиқырға арналған салттар
маңыздырақ саналып, қауымдар арасында өздеріне жақын әрі қорғау¬шы
түрлі
құдайлары
болды.
Көптеген зерттеулерде құдайлар мен батырлардың ерлігі жөніндегі
әңгімелерді аңыздар немесе батырлар жыры ретінде қарастырылады. Шумер
әдебиетінде мұндай әңгімелердің 11 белгілі, олардың 9 батырлар ерлігі
(құдайға теңелген патшалар), ал екеуінде құдайлардың (Инанна құдайы мен
Эбех тауының құбыжығы арасындағы соғыс пен Нинурта құдайы мен Асаг
есімді зұлым шайтан шайқасы) даңқты істері туралы айтылған.
Шумер аңыздарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа
Урук билеу¬шісі Гиль¬гамештің Киш билеушісі Аггамен күресі жөнінде
айтатын тек бір мәтін жатады. Бұл - жанрын батырлық өлең ретінде
қарастыруға болатын бізге белгілі жалғыз шығар¬ма. Бұл шығармада
56
қиялғажайып көріністер мен бейнелер кездеспейді әрі оның желісі нақты
тарихи
оқиғалармен
сәйкес
келеді.
Аңыздардың екінші тобына «Энмеркар мен Аратта абызы» және «Энмеркар
мен Энсух-кеш¬данна» атты екі мәтін жатады. Екі туындыда да Энмеркар
мен Аратта қаласының жоғар-ғы абыз¬дары арасындағы пікірталастар
суреттеледі. Бұл шығарманың алғашқысында Урук қаласының билеушісі
Энмеркар Инанна құдайының құрметіне арнап ғибадатхана салмақ бо-ла¬ды
да, алыстағы Иран таулы аймақтарындағы Аратта тұрғындарынан үлкен
көлемді алым-ға ие болу үшін бұл қаланың абызына жұмбақ жасырып, елші
жібереді. Энмеркар елші бұл қиын да ұзақ жұмбақты ұмытып қалмас үшін
жазуды ойлап табады. Осылайша, екі кейіпкер бір-біріне біз түсіне алмайтын
сиқырлы
жұмбақтар
жасырумен
болады.
Аңыздың үшінші әрі көбірек сақталған тобын сиқырлы батырлар ертегісі
құрайды. Олар¬дың саны сегіз: «Инанна және Эбех тауының құбыжығы»,
«Ушнурта және Асаг кұбы-жы¬ғы», «Гильгамеш және аспан бұқасы»,
«Гугальбанда және Хуррум тауы», «Гильгамеш және Хуллуппу ағашы»,
«Гильгамеш және ажалсыздың тауы», «Лугульбанда және Ангуд бүркіті»,
Энкиду
және
жер
асты
әлемі».
Бұл шығармалардың барлығы да мифологиямен байланысты. Оларда әлемдік
ғажайып ертегі¬лерге тән элементтер кездеседі. Әдеттегідей, басты кейіпкер
ержүрек батыр тұлға басқа елге немесе жер асты патшалығына аттанып,
жолда түрлі кедергілер мен қиындық¬тарға ұшы¬рап, құбыжықпен алысып,
қасиетті
ағашты
құлатуы
қажет
болады.
Шумер әдебиетінде әнұран жанры барынша толық берілген. Шумер
әнұрандары ұжым-дық, топтық орындауға есептелген, мадақталатын құдайға
қызмет ететін мәтіндер болып та-бы¬¬лады. Бұл құдайға жеке емес, тұтас
ұжымның арнауы, ал әнұранды орындау кезінде пайда болған эмоция¬лар -
ұжымдық
эмоциялар.
Мифологияны зерттеуде әнұранның алар орны зор. Оның әр тұсында
мифологиялық негіз жатыр. Осыған ұқсас ескерткіштердегі қайталаулар
күшті әсер қалдырып, мәтінді жеңіл есте сақтауға көмектеседі. Бізге жеткен
әнұрандардың көпшілігі Ниппурдан шыққандықтан, оның айтарлықтай бөлігі
Энлиль мен оның баласы Наннаға арналған. Діни мәтіндерге, сонымен қатар,
жоқтауларды да жатқызуға болады. Бізге жеткен ең көне жоқтауда Лагаш
қаласының билеушісі Уруинимгин мен Умманың патшасы арасындағы қым-
қиғаш ұрыс кезінде Лагаш қаласының құлауы туралы айтылады. Ал қалған
жоқтаулар діни сипатта. «Ак-кад қарғысы» атты жоқтауда Иштар (Иннин)
құдайы қарапайым адам Сарагон¬ға ғашық болып, оны ұлы патша етеді.
Оның тұсында ел өркендеп, дами түседі. Кейін оның немересі Нарам-Суэн
Энлильдің құрметіне тұрғызылған ғибадатханасын қорлап, құдайға сөз
тигізеді.
Осы
үшін
ел
үлкен
жазаға
ұшырайды.
А.С. Пушкин атындағы бейнелеу өнері мұражайының сына жазу жинағының
арасында белгілі ғалым С.Н. Крамер анықтаған екі жерлеу өлеңдері
сақталған. Бұл екі өлең - әкесі Нанна мен әйелі Навиртум өлімдерін
жоқтайтын
Лудингердің
элегиясы.
57
Шумер әдебиетінің ерекше жанрын мектеп мәтіндері немесе Эдуба мәтіндері
құрайды. «Эдуба» сөзі «кесте үйі» не шумерлік жазғыштарды дайындаған
мекемені білдіреді. Шумер мекте¬бі сына жазудың пайда болуына
байланысты қалыптасты, өйткені хат жүйесін игеру үдерісі күрделі және ұзақ
дайындықты талап ететін болған. Ежелгі жазба ескерткіштердің ара¬сынан
(б.з.д. ІY мыңж. соңы - ІІІ мыңж. басы) оқу мәтіндері, жатқа жаттау үшін сөз
тізімдері, кейінірек мақалдар, жаңылтпаштар табылды. Шумер мектебі б.з.д.
ІІ мыңж. бастап дами бастады. Онда сарай шаруалары мен ғибадатхана үшін
жазғыштар
дайындалды.
Эдуба әдеби мәтіндерін үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа мектеп өмірін
және онда дәріс беруді суреттейтін шығармалар жатады. Екінші топқа
дидактикалық шығармалар жата-ды. Ол үлгі-өнегеге, ақыл-кеңес пен
өсиет¬ке толы тәрбиелік мәні бар мәтіндерден тұрды. Үшінші топқа халық
даналығының жиынтықтары жатады. Бізге белгілі б.з.д. ХХYІІ ғ. жата-тын ең
көне
оқу
мәтіндерінің
бірінде
мақалдар
жинағы
келтірілген.
Шумерлік жазба әдебиетінде алғашқы қауымдық идеологияның таптық
қоғамның жаңа идеологиясымен қақтығысу үдерісі көрініс табады. Ежелгі
шумер
ескерткіштерімен,
әсіресе
мофологиямен
танысқанымызда,
бейнелерді плэтизациялау мен идеализациялаудың жоқты-ғы көзге түседі.
Шумерлік құдайлар жер бетіндегі жай ғана жаратылыс емес, олардың ішкі
әлемі адамзатқа тән сезімдер әлемі емес, керісінше олардың бейнесі
қоқынышты әрі ұсқын-сыз, қатыгез әрі дөрекі ретінде суреттеледі.
Құдайлардың тіршілікті тырнақтың астындағы кірден жаратуы, мас
кездерінде адамдарды жаратуы, еш себепсіз адамзатты жою, мұның бар-
лы¬ғы сол кездегі адамдардың әлем туралы алғашқы түсініктерін көрсетеді.
Ал шумерлік-тердің жер асты патшалығына келер болсақ, онда мысырлық
Осирусқа тән әділ сот та, адам-дар¬дың әрекетін өлшеу де жоқ. Олардың
өлім туралы, оның қалай болатыны, о дүние тура¬лы ешқандай түсінік¬тері
болмады. Оның себебі мысырлықтарға қарағанда Қосөзен бойын¬да
мекендеген халықтар табиғат қаталдығын жиі көргендіктен болар (су
тасқыны, таби¬ғи байлықтардың аздығы, құм болардары мен ылғал
ауарайы). Сондықтан пайда болған жаңа идеология табиғақа деген осын¬дай
қорқынышты
сезімдерге
қарсы
тұруы
керек
болды.
Қосөзен мемлекеттерінде таптық қоғамның жаңа идеологиясы орнағаннан
кейін, әде-биет¬тің мазмұны да өзгеріске ұшырап, олардың жаңа түрлері мен
жанрлары дами бастады. Жазба әдебиетінің ауызекі әдебиеттен бөліну
үдерісі тез әрі қарқынды жүрді. Шумер қоға¬мы-ның соңғы даму сатысында
дидактикалық шығармалар пайда болып, мофологиялық көріністер
жүйеленіп, жазба әдебиетінің жаңа бағыттары дүниеге келе бастады.
Алдыңғы Азия әдебиетінің осындай жаңа даму сатысын тарих сахнасынан
жойылған
шумерлердің
мәдени
мұрагерлері
–
вави¬лон¬дықтар
(аккадтықтар) жалғастырды.
Ұзындығы 18 метрге созылған хабарлама үш тілде – ескі парсы, бабыл және
жаңа элам тілінде жазылған болып шығады. Мұндай үш балама мәтіннің
қатар жүруі оны оқып шығуды оңайлатады. Бехистун жазуы ежелгі Персия
58
тарихын зерттеуде оған дейінгі барлық археоло¬гиялық зерттеулер мен
антикалық заман авторларының еңбектерінің бәрін қосқандағыдан артық
пайда түсірді. Бір кездегі ассирия-бабыл жазуларын жетілдіруден туған бұл
ескі парсы жазуы ассирия-бабыл тарихы жайында солардың шет-шебірін
көріп қалған гректерден гөрі де көбірек мәлімет берді. Ең бастысы, бұл
Алдыңғы Азия халықтарының бірінен біріне көшіп мұра болып келе жатқан
ортақ жазудың түп бастауы жайында батыл ойларға бастады. Ассирия-
бабыл¬дан бұрын да сына жазуы болған деген тұспал туады. Ол халықты
1869 жылы Бедржих Грозныйдың айтуынша, “ең ежелгі жазу – бабыл жазуы.
Ғайса тумастан 300 жыл бұрын ойлап табылған. Мысыр жазуының пайда
болуына әсер еткен. Онымен ассириялықтар, хуриттер, хеттер және ханаан
тұрғындары пайдаланған. Оның өзгерген түрін Урарту мен Элам қолданған.
Ол кезде аморитяндар (франкиялықтар) мен парсылар өз жазуларын
шығарған. Бабыл жазуын әуелде шумерлер ойлап тапса керек. Оларды бабыл
семиттері
мен
акадтар
үйренген”.
Шумер елі біздің жыл санауымызға дейінгі 3000 жылдықта Ефрат өзенінің
қойнауына орналасқан. Шумер халқының тегі әлі жұмбақ. Анық-танық
қайдан келгені де белгісіз. Тілі өз төңірегіндегі ежелгі халықтардың
ешқайсысына ұқсамайды. Олардың көпшілігі көп буынды сөз¬дер¬ден
тұратын болса, шумер сөздері көбінесе бір буынды сөздерден тұрады. Кейбір
ғалымдар шумерлер бұл жазуды бұрынғы көшіп келген жағынан бірге алып
келген деп те санайды. Ен¬деше, оның жазуы Алдыңғы Азияның
халық¬тарына қалайша кеңінен тарап жүр? Біздіңше, тілдік-этностық
туыстықтан болмаса керек. Шумер жазуының соншама мәшһүр болуы, сол
кездегі шумер мәдениетінің жетекші орын иеленуіне байланысты болса
керек. Олар иленген саз балшықты әрқилы қалыпқа түсіретін аяқпен теппе
зырылдауықты, диірменді, соқаны, доңға¬лақты, желкенді қайықты, мыс,
қола құйма¬ла¬рын, күн тізбесін алғаш ойлап тапқан жұрт. Ше¬тінен
математик, астроном, жер өлшеуші. Заң¬ды, аспан денелерінің адам
организміне әсе¬рін жүйелеген. Гемопатиялық медицина қалып¬тастырған.
Олардан қалған қыш тақтайшалары¬ның талайы ежелгі рецептер мен ібіліс
сиқыры¬нан аман сақтайтын магиялық формулалар болып шықты.
Құрылыста арка, күмбез, нақыш, фриз, шыны шытыра, тас қашау, металл
безендіруді бірінші боп пайдаланыпты. Арасына сабан, қамыс салып, қам
балшықтан кіріш басу, қыш кіріш, ағаш бөлшектерден үй салуды кең
өрістеткен. Тұрған үйлері төрт бұрышты, қосқа¬батты, ішкі аулалы, аспалы
бақты болған. Су құ¬бырларын тартқан. Қалаларының қақ орта¬сында
жебеуші тәңірінің құрметіне арналған алып ғимарат орнатқан. Сәулет
өнерімен бірге мүсін өнерін де өрістеткен. Музыка аспаптары мен музыка
теориясын да бірінші боп ыжда¬һаттаған шумерлер. Аспан-Жер-Жерасты
бір-бірімен бағыныштылық жолымен байланысып тұрған кешенді құбылыс
деп түсінген. Сол на¬ным¬ға не¬гіз¬делген заң жүйелері бар. Біздің жыл
санауы¬мыздан бұрынғы ХІХ ғасырда диірмен тасқа (базальт) Бабылдың ұлы
падишасы Хамму¬ранидың 282 баптан тұратын сот тәртібі қашалып
жазылған. Заңды патшалар емес, құдайлар ойлап табады деген ұғым олардың
59
қатал орындалуын қамтамасыз еткен. Құдай бақилық. Оған ешкімнің күші
жетпейді. Ал адам пәнилік. Оның құдаймен, табиғатпен, басқалармен қарым-
қатынасы осыған негізделген. Атақты Гильга¬моштен бастап, шумер
мифтері осылай үйретеді. Шумерлердің өздерін де, жазуларын да өміршең
етіп жүрген осы іргелі мәдениеті. Әйтпесе, олардың патшалығы осыдан бес
мың жыл бұрын көршілес Акад мемлекетіне тізе бүккен. Содан қайтып бас
көтермеген. Акадтарды жеңген ба¬был¬дар да шумер мәдениетінің мұртын
шақпас¬тан, одан әрі дамыта түскен. Бабылдардың тез көтерілуіне оң ықпал
еткен факторлардың бірі – осы шумер жазуына үйрену арқылы қалып¬тасқан
жоғары сауаттылық еді. Бабылдар тек шумер жазуын ғана емес, сол арқылы
келген өнер-білімді де дамытты. Олардың орнына келген ассириялықтар да
солай етті. Оған 1849 жылы ағылшын оқымыстылары А.Г.Лэйрд пен
О.Рассамның “Нимрод” төбесінен (ежелгі Ни¬невия) тапқан ассириялық
патша Аптшурбани¬пал¬дың (б.д.ж.д. 668-631 ж.ж) 30 мың қыш
қалақ¬шалардан тұратын аса бай кітапханасы айғақ бола алады. Олардың
арасынан дәрігерлік, балгерлік, математика, дін, тарих тақырыбындағы
еңбектер, ассирия-бабыл-шумер сөздіктері, грамматика оқулықтары шықты.
Сөйтіп, шумер жазуын көпке таратып жүрген шумерлер емес, ол жайлаған
кеңістік пен олар ойлап тапқан мәдениетті иемденген, оларға қырық қайнаса,
сорпасы қосылмайтын Қос Өзен мен Жерорта теңізі жағалауын мекендеген
семит халықтары еді. Олардың әліпбиін Кіші Азия мен Афри¬кадағы семит
емес халықтар да үйренді. Ақыр аяғында олар ойлап тапқан жазу жүйесі
жетіле-жетіле келіп, бастапқы пиктограммалардан басталған суреттіліктен
түгел арылып, таза әуезделген (вокалданған) фонетикалық (дыбыс¬тық)
жазуға
айналды.
Ол жазу тәжірибесі шығыста Хараппа мен Мохенджо-Даромен тынбай, әрі
қарай Қиыр Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азияға, батыста Кіші Азия, Кавказ,
Мысырмен шектелмей, Жаңа Дүниеге, Латын Америкасына да тараған деген
болжам бар. Өйткені, батыста мая, шығыста қытай иероглифиясының
графикалық таңбалары өз жерінің қоршаған ортасына ыңғайланып, айта
қаларлық өзгеше болғанымен, лингвистикалық құйылымдық жүйесі сол
баяғы морфологиялық-буындық, ішінара дыбыстық жазу заңдылық¬тары¬на
негізделген. Хаттусастан табылған және хамат тасындағы хеттер
иероглифтерінде көбіне-көп өсімдіктер бейнеленсе, мысыр иероглифтерінде
жан-жануарлар мен адамдар да бейнеленеді. Майя иероглифтерінде
бейнеленген өсімдіктер Кіші Азия, Ніл табиғатына тән емес. Ал қытайлар
иероглифтері көбіне-көп Қиыр Шығыс табиғаты мен мифологиясын еске
салады. Қайткен күнде де суретті жазу аталмыш аймақтарда ұзақ сақталған,
тіпті әлі де сақталып келе жатқан жерлері бар. Мәселен, Қытай, Жапония,
Корея. Кей елдердегі жағдай мұндай болғанымен, Кіші Азияның өзіндегі
жазу артық әшекейден арылып, әрқилы сызықшалардың әр алуан
құбылуларына айналды. Басты назар дыбыстамалық жазу жасауға ауды. 1400
жылдар шамасында Жерорта теңізінің шығыс жағалауын жайлап, кеме мініп,
сауда-саттықпен айналыса¬тын финикиялықтардың біреуі сондай нар
тәуекелге бел буды. Тарихта аты қалмаса да, ол таудай іс бітірді. Әр дыбысқа
60
бір таңба ойлап тапты. Сөйтсе, мыңдаған, тіпті, қажет болса, миллиондаған
сөздерді бейнелеп шығу үшін бар болғаны жиырма шақты ғана таңба керек
екен. Ол үшін әуелі жекелеген сөздерді бейнелеп жүр¬ген бұрыннан бар
тұспалдамалар пайдаланылды. Мәселен, финикиялықтар бұқаны aleph дейді.
Соны бейнелейтін белгі “а” (“аһ”) дыбысының, үй (“beth”) сөзін білдіретін
белгі “б” дыбысының, түйе (gіmel) сөзін білдіретін белгі “г” дыбысының
таңбасы деп табылды. Кейін ондай белгілер әріп деп аталды. Гректер оларды
болар-болмас өзгерістермен қабылдап, “альфа”, “вета”, “гамма” деген әріптер
деп таныды. Римдіктер де финикиялық таңбаларға өз “жаңартуларын” қосты.
Өз әліпбилеріндегі әріптерді бәрімізге әбден таныс а,б,в,г,д, тағысын тағылар
деп дыбыстауға дағ¬дыланды. Ал иудаизм, христиан, ислам діндерінің тірі
адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салғаны әріп жазу таңбаларын
суретке ұқсаудан атымен арылтты. Мұндай тыйырым жаратушыдан басқа
жан иелеріне табынушылықты доғаруды көздеді. Егер христианшылдық
әлгіндей мақұл¬қаттардың тек кейбіреулерін ғана бейнелеттірмесе, ислам
кеудесінде жаны бардың бәрін де сызып көрсетуге рұқсат бермеді.
Сөйтіп, дыбыстық жазуға жол ашып берген финикиялықтар әліпбиі өздерінің
ежелгі астаналары болған Библиос қаласында дүниеге келді. Біз де оны
алғаш рет 1968 жылы сол қаланың тарихи музейіндегі мәрмәр тақтайшадан
көргенбіз. Ол әліппе жиырма екі әріптен тұрады екен. Олардың арасында
дауысты әріптер болмады. Оның мұндай кемшілігінің орнын Угарит әліпбиі
толықтырды. Алайда оны тудырған Угарит қаласы әлденеше елдермен
тікелей байланыс жасап тұрған Библиостай ежелгі саудаға ықпал жүргізген
қала емес еді. Сондықтан оның әліпбиі финикиялық әліпбидей кең тарала
алмады. Финикиялықтар жазуы батысқа грек, шығысқа арамей жазулары
арқылы
таралды.
Арамей тілі де финикиялықтар тілі сияқты еді. Семит тілдері тобына
жататын. Флективті тілдердің қай-қайсысы тәрізді ондағы сөз түбірі де тек
дауыссыз дыбыстардан тұратын. Сондықтан ондай сөздер жазылғанда бір-
бірінен еш айырмасы жоқ омонимдер сияқты болып көрінетін. Бұл мәселені
арамей тілі әуелі жол үсті, жол астына жазылатын қосалқы диакрит белгілер
арқылы шешуге тырысты. Мәселен, осындай семит тобында болып
табылатын араб тілінде “а” дыбысын белгілейтін алдындағы дауыссыз
дыбыстың үстіне қойылатын көлбеу сызықша “фатха” деп аталды. Ал и
дыбысын білдіретін “кесра” белгісі алдындағы дауыссыз дыбыстың астына
көлбеу сызықша күйінде бейнеленді. Сондай алдындағы дауыссыз дыбыстың
үстіне қойылатын үтір сияқты белгі у дыбысын білдіріп, “дама” деп аталады.
Сондай әріптің үстіне қойылатын “ташдид” белгісі өзінің астындағы
дауыссыз дыбыстың қосарланып айтылатынын көрсетті. Ал дауысты а, у, и
дыбыстарының қосарланып созылыңқы айтылуы тенвии дама, тенвии фатха,
тенвии кесера дейтін арнайы белгілермен көрсетілді. Дауыссыз дыбыстан
кейін келетін дауысты дыбыс жоқ екендігін білдіретін “сукун” дейтін
дөңгелек таңба да болды. Мұндай қосымша белгілер қойылмайынша, тек
дауыссыз дыбыстардан тұратын түбірдің мағынасын аңғару өте қиын еді.
Мысалға, “ктб” дейтін үш әріптен тұратын түбірді сөйлемдегі айтылып
61
отырған ойдың ретіне қарап, “китабун” деп те, “катибун” деп те оқуға
болатын. Алғашқы¬сы кітап деген мағына білдірсе, соңғысы кітап¬тарды
түсіндіретін көп оқыған адам дегенді ұғындырды. Жүре келе, әлгіндей түбір
сөздің мағынасын түрліше құбылтатын дауысты дыбыстардың әрқайсысына
тұрақты әріптер ойлап табылды. Авеста, ұйғыр, моңғол, манжұр жазулары
бірден
сондай
қағидаға
бас
ұрды.
Арамей тілі еврей, сирия, иран, араб тілдері деп төртке бөлінді. Бұл иудаизм,
сириялық
христиан¬шылдық,
зороастризм,
мұсылман
діндерінің
дәуір¬леуіне байланысты еді. Әсіресе, зороастризм мен шығыс
христианшылдыққа бірдей қызмет еткен арамей тілі мұсылман діні шыққанға
дейін бүкіл шығыс елдеріне мейлінше кең тарады. Ол парсы-арамей,
пехлеви-аршак, пехлеви-сасан, авеста, хорезм, соғда жазуларына жіктелді.
Қиыр Шығыс пен Сібірде иероглиф және сына жазулары өріс¬теді. Кейін
ислам дінінің дәурендеуіне байланысты Қиыр Шығыс иероглиф жазуынан
басқасын араб жазуы мүлдем жұтып жіберді. Мамандардың ай¬туын¬ша,
араб жазуы арамей жазуының набатей тар¬мағынан тарайды. Оның ең ескі
үлгілеріне біз¬дің жыл санауымыздан бұрынғы 300-ші жылдар
ша¬ма¬сындағы үш графит тақтайшаға жазылған көнелікті мәтіндер
жатқызылады. VІІ ғасырда араб жазуы баданадай ірі және доғал әріптерден
тұратын куфа және нәзік те әсем шиырылып түсетін насх жазу түр¬леріне
жіктелді. Арабтар жаны бар мақұ¬лықтардың суретін сала алмайтын
болғандықтан кесте тіккендей қып әдемі ирекше әшекейлерге көбірек мән
берді. Оларды кейде тым шиыршық атқызып, қырық құйқылжытып
жіберетін. Бұлары көруге келісті болғанымен, түсінуге қиын түсетін еді.
Ал б.ж.с.д. 8-7 ғасырларда пайда болған грек әліпбиі жазылуы жағынан
финикия жазуына ұқ¬сағанымен, дыбысталуы жағынан бабыл, ассирия,
арамей, иудей, халдейлерге тән флективті семит тіл¬дерімен емес, ежелгі
санскрит, қазіргі үнді¬еуропалық тілдермен төркіндес еді. Аглюнативті
тілдер тобына жататын. Семит тобындағы флек¬тивті тілдердегі мағына
дауысты дыбыстардың өз¬ге¬руіне байланысты құбылса, үндіеуропа
тобын¬дағыдай аглюнативті тілдердегі мағына түбірдің алды-артынан
тіркелетін қосымша, жалғау, жұр¬нақтарға байланысты түрленетін.
Сондықтан гректер финикия жазуына айта қаларлықтай өзгерістер енгізіп
бақты. Дауысты әріптермен бірге бұрын жоқ “фи”, “хи”, “пси”, “омега”
сынды жаңа дауыссыз әріптерді де ойлап тапты. Жазу басқа шығыс
тілдеріндегідей оңнан солға қарай емес, солдан оңға қарай оқылатын болды.
Солайша жаңарған грек әліпбиінің әралуан соны нұсқалары қалыптасты.
Батыс-грек жазуы жүйесіне эртрус, латын жазуларымен қоса, Италияның
мессап, венет, оск, сикул, умбет т.б. сынды ежелгі халықта¬рының әліппелері
жасалды. Шығыс-грек жүйесінің негізінде 2-3 ғасырларда христиан дінін
қабылдаған ежелгі мысырлықтардың ұрпақтары болып табылатын коптардың
жазуы, ал І мыңжылдық ортасында византия жазуы қалыптасты.
Византия жазуы негізінде осы заманғы грек, славян, әрмен, гүржі жазулары
шықты. Орта ғасырлар басында бүкіл Батыс Еуропада жалғыз латын тілі ғана
жазба тіл болып табылатын. Латын жазуынан басқа жазу болмайтын. Герман
62
тайпа¬лары мен ирландықтар руна (киелі) жазуын пайда¬ланды. Латынша
жазу немістерде, ағылшындарда, ирландиялықтарда 7-8, француздарда – 9,
испан, португал, норвегтерде – 12, итальян, швед, дат, венгр, чехтарда – 13
ғасырда пайда болды. ІХ ғасырда славяндардың глаголица және кирилица
деген екі жазуы болды. Алғашқысын аз уақыт оңтүстік-батыс славяндары
ғана пайдаланды. Сосын барлығы да кирилицаға көшті. 1941 жылы
Моңғолстан мен кейбір кеңес республикалары сол жазуға өтті. Өтпегендер
арасында бұрыннан латын жазуымен¬ пайдаланатын латыш, эстон,
литвалық¬тар, жаңа бір дәуір басында өз әліппелерін жасап алған әрмендер
мен
гүржілер
бар
еді.
Тарихта жазудың төрт жүз түрі болғанымен, бұл заманда соның жиырмадайы
қолданыста жүр¬генімен, ең көп қолданылатын бес жазудың қата¬рына –
әлем тұрғындарының 30 пайызы пайда¬ланатын латын, 10 пайызы
пайдаланатын кири¬лица, 10 пайызы пайдаланатын араб, 20 пайызы
пайдаланатын буындық-үнді, 25 пайызы пайда¬ланатын түбірлік-қытай
жазулары жатқызылады. Ал қалған грек, еврей, эфиоп, гүржі, әрмен және
басқа тілдерде жер шарының бар болғаны 5 пайызы ғана жазып-оқиды.
Оқудың мәдени құбылыс ретінде таралуы тек жазуға ғана байланысты емес
еді. Оның қандай нәр¬сенің бетіне жазылып, таралуына да байланыс¬ты еді.
Бағзы бабалар бұл мақсатта жартастарды, үңгір қабырғаларын, дөңбек
тастарды, тас бағандар мен қалақ тастарды пайдаланған. Бірақ, тас барлық
жерден табыла бермеген. Алайда, жазу білетін адам жазатын зат таппай
қоймайды. Теріскей тайпалары ағаштардың діңгегі мен қабығын,
күнгейдегілер пальма жапырақтарын, малта тастарды жазуға қол¬данған. Ал
ондай орман жоқ құла дүздегі Месо¬патамия (Қосөзен) халқы болып
табылатын шумер¬лер саз балшықтан дымқыл шаршы жасап, оған
таңбаларын басып, оны өшіп кетпес үшін тандырға жауып күйдірген. Биіктігі
2,5 сантиметрден аспайтын шағындарына ұсақ-түйек ескертпелерді түртіп
қойса, биіктігі 40 сантиметрге дейін бара¬тын көлемділеріне “Жердің
жаратылуы”, “Алтын ғасыр”, “Гильгамеш туралы” хиссаларын жазған.
Мысырлықтар шумер жазуын алғанмен, әлгін¬дей қыш қалақшаларға
жолаған жоқ. Өйткені, Ніл бойында жазуға пайдалануға болатын нар
қамыстар өсті. Егер олардың діңгегін құрайтын түтік қабықтарын кеспе
секілді ұзыншалап, жолақ-жолақ қылып қатарластыра тіліп, бетіне дәл
сондай жолақ тілімдерді көлденең тізіп жауып, үстерін су бүркіп ылғалдап,
күнге кептіріп қойса, бір-біріне желімше жабысып, жап-жазық, жып-жылтыр
парақтарға айналып шыға келеді екен. Сосын қайқайтып қаламыңды суыр да,
сумаңдатып қалаған мәтініңді жаза бер!.. Мысырлықтардың ондай
парақтарға қойған атауы гректердің құлағына папирос, рим¬діктердің
құлағына папирус болып естілген. Олар¬ды бір-біріне желімдеп сала құлаш
қып ұзартып, сосын шиыршықтап ораған тығырық бумаларды римдіктер
харта деседі. Қазіргі кең таралған Хартия термині әу баста осыдан өрбіп
жүрсе керек. Сондай ширатынды қағазға жазып пәтуалас¬тандырылған шарт
деген
ұғымды
білдіріпті.
Мұндай буманың ұзыны көбіне көп 10 санти¬метр болып келген түрі бар.
63
Тіпті 5 сантиметрге жетер-жетпес құрдым, 100 метрге дейін жететін
көшқұлаш папирустар да кездесетін көрінеді. Мәселен, “Иллиада” бөлек-
бөлек 24 бумадан, Інжіл де әлгіндей әлденеше бумадан тұрыпты. Бірақ, аса
жұқа әрі нәзік болғандықтан, бізге дейін жеткен мысыр папирустары тым аз.
Ең ескілері б.ж.с.д 18 ғасырларда жазылыпты. Гректер мен латындар ұзақ
уақытқа дейін біздің қазақтар сияқ¬ты ауыз әдебиетін өркендеткен. Әзелгі
классик¬тердің бір де бірінің түпнұсқалары табылған емес. Мәселен, б.ж.с.д
7-8 ғасырларда туған “Илиада” мен “Одиссея” тек б.ж.с.д 6 ғасырларда ғана
папирус манускрипт қалпына түскен. Ал олардың біздің дәуіріміздегі І
ғасырдағы нұсқасы ғана жетіп отыр. Ең толық нұсқасы ІV ғасырда
жазылыпты. Папирустардың бумалардан гөрі қолдануға ыңғайлы қып
дәптерлеген түрін кодекс деп атаған. Олар біздің дәуірдің І ғасырынан бастап
пайда болған. Сөйтіп, Мысыр халқы көбейген сайын Ніл бойындағы әлгіндей
қамыстар ойсырай азайып, ақырында дербес өсімдік түрі ретінде біржола
құрып
біткен.
Ұлы Александр б.ж.с.д 322 жылы дүние салып, баласы Птолемей Египет
астанасын Ніл сағасына көшірді. Әлемдегі ең үлкен Александрия
кітап¬ханасы дүниеге солай келді. Бірақ, бұл мәселеде басқалар да
Мысырдан қалысқысы келмеді. Кіші Азияда 250 жылы тәуелсіз патшалық
құрылды. Онда Мысырдың өздерінен озып кетпесін деп папирус сатуды жыл
ма жыл қысқартқанына қара¬мастан, тамаша кітапхана бой көтерді.
Пергамдық¬тар жазуға мал терісін пайдалануды үйренді. Екі беті бірдей
шелденіп, есін кетіре иленіп, тақтайдай қылып, әдемі сүргіленген жібектей
жұмсақ жұқа тері кітап шығаруға кететін шығынды екі есе қысқартты.
Сөйтіп, Пергам кітапханасы Алексан¬дрия кітапханасынан кейінгі екінші
орынды иемденді. Ондай тері өзі жасалған қаланың құрме¬тіне пергамент
деп аталды. Кейде пайдаланыл¬ған теріге жаңа мәтін жазылатын еді. Ондай
кітаптар палимсест делінді. Кейін оқымыстылар олардың діни мәтіндер
жазылған жаңа қабатының астынан Цицерон, Плавт шығармаларын тауып,
қайтадан қалпына келтіре бастады. Бұл орта ғасырдағы Еуропада қолжазба
кітаптар шығарумен, негізінен, ғибадатханалар шұғылданып, кезінде көп
кітап діни сипатқа ғана арналғанын көрсетеді. Қолжазба кітаптар арасынан
көркем әдебиет шығармалары кездесіп жарымайтын десе де болады.
Қолжазба кітаптар әдетте жалғыз-ақ дана шыға¬рылды. Ол сұранысты
қанағаттандырмады. Оның үстіне ұрпаққа керекті тарихи деректердің
біржола құрып кету қаупін күшейтті. Бір мемле¬кеттің екінші мемлекеттің
тарихына қиянат жасайтынын былай қойғанда бір билікші әулеттің екінші
әулеттің тарихи мұраларына өш келетінін адамзат талай рет бастан кешкен.
Б.ж.с.д. VІІ ғасырда эламдықтар Меопатамиядағы ежелгі білім көзі болып
табылатын Ур-Намму Зикуратин көзапара жойып жіберді. Осыдан жиырма
үш ғасыр бұрын Қытай императоры Цин Ши-Хуанди мәжусилермен алысқан
болып, өзінен бұрынғы кітаптардың бәрін өртетті. Біздің VІІ ғасырда арабтар
атақты Александрия кітапханасын талқандады. ХVІ ғасырда католик
иереархтары майя мұрағаттарын құрттырды. ХІІ-ХІV ғасырдағы католик
иезуиттері ежелгі қолжазбалар мен анти¬калық әдебиетті құртып шығады.
64
Ежелгі иезуиттер кітаппен алысса, кейінгі иезуиттер жазуды өзгерту арқылы
қоғамды тарихи жадынан айырып отыруды әдетке айналдырды. Қытай
билікші династиялары¬ның осындай озбырлығына, басқаны қойып,
кон¬фу¬ций мен даосизм мұраларының өздері аз ұшы¬раған жоқ. Тарихта
болған төрт жүзден астам жазу түрі көбіне-көп бейбіт түрде емес, сондай
күштеп өзгертуден азайды. Жазу мен оқуға монополия династиялық билік
кезінде негізгі саяси күрес әдісі болды. Жазуды, жазба мұраларды сақтап
қалу өркениеттер өзектестігі мен ұрпақтар сабақтасты¬ғының басты кепіліне
айнала бастады. ХV ғасыр ортасында кітаптарды механикалық әдіспен
көбейту
қажеттілігі
туды.
Бұған дейін ксилография әдісі қолданылып еді. Ол – қазіргі бәйбішелердің
кеспе пісіру үшін тақтайға шелпек жайғандарына ұқсайтын ағаш оқтаумен
мәтін басатын қарапайым тәсіл еді. Мұндай әдіс алғаш рет VІІІ ғасырда
Қытайда пайда болыпты. Сол Қытайда кітап басуға керек қағаз да ойлап
табылды. Оны 105 жылы Цзай Лунь дейтін сарай маңындағы шебер жүзеге
асырды. 751 жылы қағаз Таяу Шығысқа да тарады. Оған Қазақстан¬ның
тікелей қатысы бар еді. Дәл сол жылы Тараз маңындағы Атлах түбінде қызыл
қырғын шайқас өтті. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салых пен Қы¬тай
әскербасы Гео Сян-Чжи соғысты. Айқас 5 күн¬ге созылды. Қытайлардың
тас-талқаны шықты. Сөйтіп, арабтар қағаз шығару құпиясына ие болды.
ХІ-ХІІ ғасырларды Испанияны жаулаған арабтар арқылы қағаз Еуропаға да
жетті. 1455 жылы Майнц қаласының шебері Иоген Гутенберг техникалық
әдіспен 42 жолдық екі томдық Інжілді басып шығарды. ХV ғасырдың
аяғында Еуропаның 236 қаласында типография орнады. Гутенбергтің
пайдаланған темір әріптерін итальяндар мысқыл¬дап гот жазуы деп атады.
Өйткені олар өздерін бір кезде тас-талқан еткен жауынгер гот тайпасын
өлердей жек көрді. Оларды шетінен ақылсыз, дөрекі жұрт деп санайтын.
Олардың қолынан шық¬қан нәрсенің бәрін күлкіге ұшыратуға тырысатын.
Тіпті, готтардың Лондон түбіндегі қалалары Готами туралы да “онда ылғи
нақұрыстар тұрады” деп, не¬ше қилы қисынсыз лақап таратты. “Готамиден
шық¬қан үшеу – бірінен бірі өткен данышпан, қамыстан тоқып, қайық мініп,
көк толқынмен алысқан”, – деп мазақтайтын. Сәулет өнеріндегі көпке белгілі
готика стилі де, Гутенберг шығарған гот құйма әріптері де, итальяндардың
ұғымынша, ерсілік пен ебедейсіздіктің ең сөлекет үлгілері болып шығар еді.
Оның үстіне итальян шебері Альд Мануций бір жағына қарай сәл көлбетіп,
мейлінше нәзік шиырып, әдемі әшекейлеген әріптер құйып, оны курсив
(шапшаң жазылатын) атады. Сөйтіп, полиграфия өркендей түсті. 1500 жылға
дейінгі шығарылған кітаптар инкунабул саналды. Ондай жалпы саны 12
миллион данаға жететін 40 мың атау жарық көріпті. Олардың жарты
миллиондайы біздің тұсымызға дейін жетіпті. ХVІ ғасырдың бірінші
жартысында шыққан кітаптарға палеотип деген айдар тағылды. Көркемделуі
жағынан сиықсыз, мазмұны жағынан сұрықсыз болса да, бұған дейін адамзат
мұнша
мол
көлемде
кітап
шығарып
көрмеген-ді.
Сонымен, кітап шығарудың техникалық әдісі¬нің пайда болуы оқырмандар
қатарын айта қаларлықтай кеңейтті. Оған дейін жазуға сәлдей байланысы бар
65
нәрселердің бәрі сакралды (киелі) саналатын. Логографиялық және
идеографиялық жазу шыққаннан бері оқу тек абыздарға, қағаз
жа¬зушыларға, ұлықтарға ғана тән еді. Киелі мәтіннің бәрі көктен түскеніне
ешкім күмәнданбайтын. Құдай адамдарға Тауратты Мұса, Інжілді Ғайса,
Құранды Мұхаммед пайғамбарлар арқылы беріп жіберген деп білетін. Әдемі
жазу (калиграфия) өнері де құдай ерекше дарытқан қасиет ретінде
әспеттелетін. Мысыр манускриптерінің бірінде бір ақылман әке ұлына қағаз
жазатын хатшы болуға кеңес береді. Бұл өнерді өнер біткеннің ең сұлтаны
деп дәріптейді. Сөйтіп, жазу да, оқу да тек жарат¬қан¬ның шарапаты
түскендерге бұйырмақ деп сана¬лады. Әліпби жетіліп, жазуға керекті зат
жақ¬сарып, оны көбейтудің тәсілі неғұрлым шыңдалған сайын жазу мен оқу
солғұрлым қол жетпейтін өнерге айнала түседі. Өйткені білім мен билік кім
көрінгенге бұйырмақшы емес. Әйтпесе, әлгі екі қасиет өздерін өздері аяқ
асты етеді. Кім көрінген¬нің аты кітапқа ілікпеуі лазым. Кітаптың да кім
кө¬рін¬геннің қолына түспегені жөн. Өйткені, кітап¬ты жазатын да, кітапқа
ілігетін де тек құдайдың сүй¬ген құлы. Бұл көзқарасты, қапелімде,
Гутен¬бергтің
ғажайып
аспабы
да
арылта
алмағандай.
Мәселен, ол ойлап табылғаннан 47 жыл кейін Христофор Колумб ойда жоқта
1492 жылы 12 қазанда Американы ашты. Өзі бұған заманақырмен байланысы
бар эсхотологиялық мән берді. “Пайғамбарлық кітабын” жазды. Өзі
“Жаратушы Иенің Апокалипсисте айтатын “жаңа аспан мен жаңа жердің жар
шашушысымын”, – деп жария¬лады. Мұнысына бір өзі ғана емес, бүкіл
Еуропа сенді. Америкаға алғаш барған ағылшындар өздерін Жаратушының
жұмсауымен пейішке барып, шартарап алақандағыдай көрінетін айғыр
жалдың басына жарқыратып Шарапат шаһарын салушы¬лармыз деп санады.
Жерұйық іздеп Мұсаға еріп Қызыл теңізден өткендей сезініп, бұрын
бастары¬нан кешкендердің бәрін Бабыл тұтқынында бол¬ған¬дар тартқан
тауқыметке балады. Жұрттың бәрі Америкаға барсақ, дүниеге қайтадан
жаратылып, қайтадан дәурен бастаймыз деп дәметті. Тек Американың
ашылуы ғана емес, ұлы географиялық жаналықтардың қай-қайсысы да
осындай желпініс бітірді. Еуропалық отаршылдық өз басқыншылық¬тарына
көктен Әзірейіл, жерден Мәді шығатын таңмақшардай милленаристік мағына
беруге тырысты. Бұрынғы масайрағандар жазаланып, бұрынғы налығандар
масаттанатын әділет сағаты соққанға санап бақты. Азия Африка,
Америкадағы отарларын жаңа табылған жерұйықтар, ал өздерін бір
құдайдың шарапатымен абырой бұйырған машайықтар қылып көрсетті.
Бұл – ешқандай аңыз емес, бұдан бар болға¬ны үш жүз жыл бұрын орын
алған шын ахуал еді. Естір құлаққа ежелгі Гильгамештің бастан кешкендерін
еске түсетіндей. Оның есіл-дерті де – өз жерлестеріне мәңгілік өмір мен
жерұйық мекен тауып беру емес пе еді?! Ол да әзелгі дәуренді қайта оралтып,
дүниені жарату кезінде кеткен ілкі қателерді қайта түзетуді көксемейтін бе
еді?! Өлмейтін емді су астынан тауып әкелген¬де, шипалы шөпті жылан жеп
кетіп, қайтадан өкі¬нішке ұшырамайтын ба еді?! Жылан жалаған¬дай дейтін
ұғым содан қалмаушы ма еді?! Содан бері бұрынғылардың қателігін
қайталамау – дүниеге келгендердің бәріне басты мұратқа айналмап па еді?!
66
“Әлем әр сәбимен бірге қайта жаратылады”, – дейтін еді ғой жаңа
Амери¬каның перзенті, венесуэлалық жазушы Торо. Әйгілі философ,
мәдениет танушы, тарихшы, романист Мирча Элиаде осындай әзелгі сәтке
“ұмтылушылық” “тіршілік пен дененің киесін” әспеттеп, тарихпен
тайталасып бағатын “архаи¬калық менталитетті” туғызады демеуші ме еді?!
Уолт Уитмен де өзін “пейіш жырын толғайтын” періштеге балап, “менің
тәнімнің иісі киелі бойтұмардан да асып жұпар аңқиды, менің басымның
үлкендігі шіркеуден де, Інжілден де, дін атаулының бәрінен де ересен”, – деп
масаттанбайтын
ба
еді?!
Олай болса, кітап басатын кілтипан да адам¬дарға ежелден тән аруақтан
сескенушілікті әп дегеннен еңсеріп кете алмады. Бірақ, бұл “таң¬мақшар
тамашаларына” тамсанушылыққа апши¬тын асаулар да табылмай қалмайды.
Уильям мен кіші Генрийдің әкесі, талантты жазушылар әулетінің негізін
салушы, үлкен Генрий Джеймс ешқандай жүзі жанбастан: “Хауаның Адамға
жасаған ең үлкен жақсылығы – оны Пейіштен қудырғаны болды”, – деп
салды. Сөйтіп, Хауа мен Адам ұрпақтарының жер бетінде көрген қиямет-
қайымы, қарапайым пенделік тіршілік кешудің тауқыметтері басты
шығармашылық маңыз тауып, Гутенберг дәуіріндегі кітаптардың біртіндеп
ең өзекті тақырыбына айнала бастады. Жарық көрген басылымдар арасында
беллетрис¬ти¬каның үлес салмағы көрер көзге артты. Бірақ, бұл дүнияуһилік
(“профаналдық”) мәтіннің киелі (“сакралды”) мәтіннен біржола үстем түсуі
болып табыла алмайтын еді. Беллетристикалық бестселлерлердің де
пайымдық “концептуалдық” өзегі Пейіштен қуылудың әйелдер мен еркектер
тағдырына тигізген салдарларынан құралды. Ол аз десеңіз, көп астарлы әдеби
мәтіннің инициа¬циялық сипаттары да бар еді. Инициация дегені¬міз табиғи
тірлік кешу үрдісінен рухани тірлік кешу үрдісіне, немесе рухани
құндылықтарға көшу деген сөз еді. Инициация рәсімі бір кездегі мифтік
кезендерде тек алапат аруаққа ие ғаламат күштер ғана істеген жол-жораның
айнытпай
қайталаудан
тұратын.
Кәмелетке толу рәсімі тұсында, М.Элиада¬ның айтуынша, үлкенді-кішілі
шетін “драма¬тизм¬ді” мезеттерді бастан кешуге, тіпті әуелі өліп, сосын
қайтадан тірілуге тура келеді. Бір кездегі бабалардың барлығы бастан
кешірген бұл рәсімді көпшілік ұмытып, тек бір өліп, бір тірілу дейтін
тұрақты тіркесті ғана есімізде ұстап қа¬лыппыз. Ол кезде дүниеге келген
сәби бірінші рет туған, әлгіндей рәсімді көріп, балиғатқа тол¬ғандар екінші
рет туған, ал абыздардың басшы¬лығымен ежелгі магия мен сиқырдың
сырларына алғаш қаныққандар ауызданғандар немесе үшінші рет туғандар,
толық қаныққандар кемел¬дер немесе төртінші рет туғандар саналған. Кітап
ашу, кітап жастау, кітаппен жасқау, ілім соғу дейтін сөздерге қарағанда бұл
рәсімдерге кітап¬тың да тікелей қатысы болған түрі бар. Ондай киелі
орындар біздің сахаралықтар арасында тақия, теке, құтхана, пұтхана саналса,
батыс елдерінде алып сомтастардан қаланған, жалғыз көзді дәулердің
қолынан шығыпты делінетін циклоптық құрылыстар атаныпты. Кейбіреулер
мысыр зәулімханаларын да осындай орындардың қатарына жатқызады.
Кейде мұндай сынақтар¬дың шын азаптауға ұласып кеткен тұстары да
67
болған. Кие қағу, аруақ ату дейтін ұғым соның бір көрінісі болса керек.
Көркем шығармалардың да дәл солай төтен әсер етіп, дүниеге қайта
жаратылғандай қылып, катарсис ахуалды бастан кешіргізетіні де құпия емес.
Шындап келгенде, көркем шығармадан да адамдар мен заттарды, тіпті
жалпақ әлемді қайта жаратқысы келген түп ниеттің бой көрсететіні белгілі.
Кейбір тілдерде суреткерді де жаратушының бір өзіне балап, оны, құдайды
атағандай жаратушы (“творец”) деп атайтындығы да содан болса керек. Бұл
реттен келгенде, М.Элиада көркем шығарманың, мәселен, Бальзактың “Адам
комедиясының” мәтінінің тылсым (“сакралды”) күші болады деуінің де жаны
бар. Қазіргі әдеби сын көркем шығармаларды осы тұрғыдан келіп талдауды
әдетке айналдыра бастады. Мәселен, А.Фиц-Монье ХІІ ғасырдағы француз
романын, Р.Штейн – Тибет жырауларын, А.Корбен – Ави¬ценна мәтінін,
В.Я.Промм – халық ертегі¬лерін осы тұрғыдан зерделеді. Мамандардың
айтуынша, Мелвилл, Торо, Купер, Генри Джеймс, Марк Твен, Уильям
Фолкнер, Томас Вульф, Скот Фицжеральд және басқаларының шығармалары
осындай
ықпалға
ие
көрінеді.
Қысқасы, көркем әдебиет шығармаларының көбеюі кітап сөзінің тылсым
мағынасы мен киелі әсерін еш азайта алмаған түрі бар. Алайда, оның
жанрлық, тақырыптық, әсерлілік әлеуеті мықтап ескеріліп, көлемі жағынан
ақылға сыйымдылық ауқымына көшкені әбден белгілі. Мәселен, он бесінші
ғасырдағы Германияда басылған кітаптардың бар болғаны он бес пайызы
көркем әдебиеттің сыбағасына тиді. Алайда, ежелгі және қайта өрлеу
кезеңінің кітаптарына деген ықылас көбейе түсті. Егер 1515 жылы Парижде
басылған кітаптардың 30 пайызы гуманистер үлесіне тисе, он алтыншы
ғасырдың ортасына қарай ол үлес 60 пайызға дейін артты. Бұған
И.Гутенбергтің жаңалығының Еуропадағы жаңа қайта өрлеу кезеңімен тұспа-
тұс келгендігі де аз әсер етпесе керек. Бір кезде шумерлердің сына жазуы да
тап осылай Элам, Акад, Ассирия, Бабыл өркениеттерінің гүрлеп өсуіне
тікелей әсер еткен-ді. Полиграфиялық техника да Батыс Еуропаның мәдени-
техникалық өсуіне тап солай әсер етті. Өнеркәсіптің дамуы бұйым
тасымалын арттырып, кеме жасауды нығайтып, ал ол жаңа құрлықтардың
ашылуына ұласты. Христофор Колумб Американы ашатын 1492 жылы
Реконкиста аяқталып, Испаниядан маврлар қуылып, Еуропа Шығыс
үстемдігінен құтылған еді. Ол кездегі батыс әдебиетіндегі милленаристік
желпініс
те
содан
өрбіп
жүр
еді.
Алайда, батыс қоғамы күткен құбылыс өз ны¬шандарын бәрібір байқатпай
қалмады. Бұрын¬дағы догмалық қасаңдық ақылға қонымды рационализмге,
әдебиеттегі қасаңдық – адамға жаны ашитын гуманизмге ауысты. Тек көркем
әдебиеттің ғана емес, философиялық, ғылыми-танымдық, саяси-қоғамдық,
оқу-әдістемелік, жай әншейін көңіл көтерерлік кітаптар көбейе түсті.
Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары әлемдік рынокқа түсетін
кітаптардың үштен бірін көркем әдебиет иемденді. Жарық көретін
басылымдардың он пайыздайын аударма кітаптар құрады. Шамамен, бұл ара
салмақ әліге дейін сақталып келеді.
68
"Ассирия" — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде
Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі
мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда
жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда
осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия
мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол
әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің
заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты
мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі
Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті
жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін
кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына
ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді.
Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің
жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. Тиглатпасар ІІІ билігі кезінде
Вавилон жаулап алынып (біздің заманымыздан бұрынғы 729 ж), империя
шекарасы Жерорта теңізінің жағалауына дейін жетті. Ассирия Саргон ІІ
билігі кезінде Урарту мен Израильді, оның немересіАсархаддон патшалық
құрған
уақытында
Мысырды
талқандады.
Ашшурбанипалдыңкезінде (біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың
ортасы) Ассирия өзінің күш-қуатының шырқау шегіне жетті. Оның шекарасы
Мысырдан Мидияға, Жерорта теңізіненПарсы шығанағына дейін созылып
жатты.
Мемлекет
астанасы
Ниневия
өзінің
сән-салтанатымен,
архитектурасымен әйгілі болды. Қала кітапханасында түрлі мәтіндер
жазылған 20 мыңнан астам бедерлі тақталар сақталды. Бұл бедерлерде,
көбінесе,жорықтар, жеңілген елдердің қалаларын ойрандау, т.б. бейнеленген.
Тұтас жартастардан патшаларды дәріптейтін мүсіндер тұрғызылды. Орта
Азиямен, Арабиямен сауда қатынастары дамыды. Жол құрылысы кеңінен
өрістеді. Ассирия әдебиетінің төл жанры – патша анналдары (жылнамалары).
Соның бір құнды үлгісі – Саргон ІІ-нің біздің заманымыздан бұрынғы 714 ж.
Урартуға жорығы туралы арамей тілінде жазылған «Ахикар туралы жыр».
Бірақ Ашшурбанипалдан кейін басталған елдегі дағдарыс, оны пайдаланған
Мидия мен Вавилонның біріккен күштерінің соққысы нәтижесінде біздің
заманымыздан бұрынғы 607 – 605 ж. Ассирия құлады. Ежелгі заманда
Алдыңғы Азияны, Месопотамия мен Иранды мекендеген және сына
жазуларды қолданған халықтардың (шумерлердің, вавилондықтардың,
ассириялықтардың, т.б.) тілін, тарихын, мәдениетін зерттейтін ғылым саласы
– ассиорология (ассириятану) қалыптасты. Ол, әсіресе, Англия, Франция,
Ирак
пен
Ресейде
жақсы
дамыған.
|