3.Дәріс тезистері:
Статистика-қоғамдық құбылыстардың саны мен сапасын зерттейтін ғылым. Биологиялық статистика- медицинамен, гигиенамен,қоғамдық денсаулық мәселелерді зерттейді.
Биологиялық статистика келесі сұрақтарды қамтиды:
Тұрғындардың денсаулық топтары мен табиғи қозғалыс,өлім, туу, дене дамуы, орташа өмір сүру ұзақтығы, әртүрлі аурулардың таралуы.
Қоршаған орта факторларына байланысты тұрғындардың аурушаңдығы мен өлім көрсеткіштерін зерттеу арқылы сауықтыру шараларын өңдеу
Емдік-профилактикалық және санитарлық –эпидемиологиялық мекемелердің жұмыстарының, кадрлар туралы сандық мәліметтерін жинақтау және зерттеу, профилактикалық және емдік-сауықтыру шараларын жоспарлау, жүйенің жетілдіру және осы мекемелердің жұмысын талдау.
Ауруларды алдын алу және емдеу тәжірибесін бағалау
Клиникалық –зертханалық , клиникалық және санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру, өткізуге көмектесу, ағзадағы жүретін процесстердің қоршаған ортамен байланысын анықтау.
Алынған нәтижелердің шынайылығын анықтау, алдын алу мен емдеудің әдістерімен жолдарының тиімділігін анықтау.
Бақылау нысаны—дегеніміз бірнеше заттардан немесе құбылыстардан тұратын статистикалық жиынтық
Бақылау бірлігі- бөлек тіркеуге жататын статистикалық жиынтықтың құрамдас бөлігі.Белгілерді тіркеуге арнайы бланкілер өңдейді, олар бақылау бірлігін сипаттайтын белгілер ден тұру керек.
Статистикалық зерттеулердің сатылары:
А) бақылау(зерттелетін белгілердің, құбылыстардың тіркеуді ұйымдастыру, жиналған материалдарды тексеру)
Б) статистикалық жұптау және жинақтау
В) есптік өңдеу
Г)талдау (салыстырмалы шамалардың шынайылығын анықтау,өзара салыстыру,обьективті выводтарды тұжырымдау, зерттеулердің ғылыми, тәжірибелік, ұйымдастырушылық нәтижелер)
Д) мәліметтерді рәсімдеу.
Статистикалық бақылаудың ұйымдастырушылық жоспары:
Бұл жоспарда кім, қайда бақылауды жүргізетіні белгіленеді, орындаушылардың нақты саны және құрамы белгіленеді, олардың арасындағы аймақты бөлу, нақты мерзімді, дұрыс тіркеуді жүргізу дағдыларын үйрету, сұрастыруды жүргізу, жауаптарды жазуды дұрыс жүргізуді үйрету.
Үлкен сандар Заңы
Улкен жаппай бақылауларда біртектес құбылыстардың өте көп саны болған жағдайда кездесетін кездейсоқ ауытқулар өшіп кетеді.
Болуы мүмкін қателер
Статистикалық бақылау жүргізгендегі және ұйымдастырғандағы қателер
тіркеудегі кездейсоқ
I II репрезентативтілік жүйелі
Дәрілік заттарды істеудің күрделі процессінде математикалық статистиканы қолданбайтын бірде-бір аспектісі жоқ: бірінші этаптан бастап берілген биологиялық активтіліктің спектірін табуға химиялық элементтерді жинақтау процедурасынан бастап тіркеуге алынған препараттың сатылу болжамдауды жүргізуге дейін қолданады. Қазіргі уақытта клиникалық зерттеулерді жоспарлау және нәтижелерін талдау жүргізуге маман-статисттің қатысуы кең қолданылып жүрген тәжірибе. Бұл жағдай да жобаны түгелімен талқылауда статисттің алатын орны бөлекше. Математикалық статистика клиникалық зерттеулерді жүргізгенде мақсаттарын тұжырымдауға, дизайн таңдауға, рандомизация әдістерін таңдауға, статистикалық қорытынды жасауға жеткілікті пациенттердің санын анықтауға, алынған нәтижелерді талдау жүргізуге көмектеседі. Статистикалық әдістерді қолдану бұл формалды процедура емес, бұл творчестволық ізденіс. Сол себепті әрбір творчестволық ізденіс , оның ішінде зерттеуді жоспарлау,алынған нәтижелерді интерпретациялау математика саласындағы терең білімді қажет етеді. Клини калық зерттеулердің нәтижелерін статитикалық бағалау емдеу тәсілінің пайдасына шешуге көмектеседі. Тәжірибеде статистикалық талдауды медиктер немесе мәліметтерді жинақтап болған соң талдауды медициналық кіспеге қатысы жоқ математиктерге жүктеледі. Сонымен қатар зерттеулердің жоспарлауына керекті көңіл бөлінбейді, нәтижесінде ақпаратты жинақтау кезеңі біткен жағдайда статистикалық тесттерді қолданған жағдайда жинақталған мәліметтер салыстырылып жатқан салыстырмалы емдеу әдістерінің артықшылығын анықтау қиындық тудырады. Мұндай жағдайда клиникалық зерттеу саласында қолданылатын талдаудың күрделі математикалық статистиканың әдістері дұрыс жоспарланбаған клиникалық зерттеулерде дұрыс нәтижелерін бермейді.
Бас жиынтық дегеніміз (англ. population) - барлық бірліктер жиынтығы, соларды зерттеу арқылы нақты зерттелетін мәселе бойынша ғалым қорытынды жасайды. Басты жиынтықтың құрамы зерттеудің мақсатына байланысты болады. Кейде бас жиынтық дегеніміз- нақты бір аумақтың тұрғындары болады.( мысалы кандидатқа потенциальды сайлаушылардың қарым қатынасы) жиірек зерттеу обьектісін анықтайтын бірнеше критерийлер белгіленеді.
Таңдамалы жиынтық дегеніміз бұл бас жиынтықтың таңдалып алынған бір бөлігі, ол бас жиынтыққа байланысты қорытынды жасауға көмектеседі. Таңдамалы әдіс арқылы бас жиынтыққа байланысты қорытынды жасауға алынған жиынтық репрезентативтілік қасиеті болу керек.
Таңдамалы жиынтық
Кластерлік: алынған бірлік бір топ адамдар болады, ол жекеше адамдар емес.
Ыңғайылығына байланысты : жиынтық қарапайым құралдар арқылы қалыптасады, ықтимал әдістемесін қолданбай жүргізіледі, ол көшедегі адамдарға зерттеулер жүргізу арқылы қорытынды жасау дұрыс емес, себебі қандай жүйелі қателер кездесетінін анықтау мүмкін емес
Стратифицирленген кездейсоқ бойынша компоненттерді салыстыра отырып, белгінің жалпы вариациясына факторлардың әсерін анықтауға болады. Таралу функциясы кездейсоқ шаманың ықтималдығын жан – жақты сипаттайды, бірақ таралу функциясын анықтау, зерттеулер мен есептеулерді қажет етеді.
Кездейсоқ шаманы (не кездейсоқ қатені) таралу функциясы арқылы сипаттау әдетте жаңадан жасалынған өлшемдер мен өлшем құралдарын зерттеу үшін қолданылады.
Ықтималдық ─ белгілі бір анықталған жағдайда қандай да бір кездейсоқ оқиғаның пайда болу дәрежесінің сандық сипаттамасы.
Ықтималдық теориясы- жаппай кездейсоқ құбылыстардың математикалық моделі.
Стьюдент критерийі-мәндердің қалыпты таралуымен олардың орташа мәнінің статистикалық мәнділігін анықтайды.
Параметрлік емес критерийлер кездейсоқ шаманың үлестіруі жайлы мәліметтерді қажет етпейді.
Ықтималдардың таралуы:
Қалыпты таралуы. Статистикада ең маңызды таралуы болып қалыпты таралу болып табылады.
Ол екі параметрлерімен анықталады орташа μ, дисперсия (σ2):
- колоколтәріздес
- симметриялық
- оңға жинақталады, егер орташа көбейгенде, солға егер орташа азайғанда.
Қосымша қасиеттер;
(μ - σ) и (μ + σ) равна 0,68;
(μ -1,96σ) и (μ +1,96σ) равна 0,95;
(μ - 2,58σ) и (μ + 2,58σ) равна 0,99.
Нүктелік бағалау- нақты сандарды бағалау. Мысалы орташа арифметикалық МО
Аралық бағалау- мәндерді аралық бағалау, соның ішінде зерттеуші берген ықтималдықта бағаланатын параметр шынайы мәні орналасады.
Аралық бағалаудағы интервал сенім интервалы деп аталады, ал зерттеушімен берілетін ықтималдық сенім ықтималдығы деп аталады. Тәжірибиеде статистикалық есептеулерде сенім ықтималдығының стандартты мәндері пайдаланады: 0,95, 0,98 и 0,99 (95%, 98% и 99%
Достарыңызбен бөлісу: |