Жұмыс бағдарламасы пәні: «Биостатистика» Пән коды Bіо 3214 Мамандық: ­­­­­­­­­­5В110400



бет1/63
Дата19.03.2023
өлшемі0,79 Mb.
#75485
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«Қоғамдық денсаулықты сақтау - 2» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Оқу-әдістемелік және тәрбие
жұмысы жөніндегі проректоры,
м.ғ.д., профессор М.Ұ. Анартаева
__________________________
“______”_____________ 2013 ж.



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пәні: «Биостатистика»
Пән коды Bіо 3214
Мамандық: ­­­­­­­­­­5В110400 - «Медициналық- профилактикалық іс»
Оқу сағатының көлемі - 90 сағат (2 кредит)
Курс - ІІІ Семестр - V


Шымкент - 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы МЖМБС - 2006 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша Астана 2011 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес құрастырылған.





Жұмыс бағдарламасы «қоғамдық денсаулықты сақтау-2» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.


Хаттама №___ «____»_____________2013 ж.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор м.а: А.М.Жақсыбергенов.


ОҚМФА теориялық пәндер әдістемелік кеңеспен қабылданды(циклдік әдістемелік кеңес).




Хаттама №___ «____»_____________2013 ж.

Төрағасы:____________________________________________М.А.Бөлешов.


Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ның Әдістемелік кеңесінде бекітілді.




Хаттама №____ «____» ____________ 2013 ж.
Төрағасы:______________________________________

2. Бағдарлама
2.1. Кіріспе
Жұқпалы аурулардың пайда болу себептерін анықтау және жою мақсатында әртүрлі аймақтардағы эпидемиялық жағдайларды зерттеу және талдаудың ғылыми және практикалық маңызы зор. Эпидемиялық үрдістің заңдылығын және оны тудыратын факторларды біле отырып, бұл үрдістің әрі қарай даму барысы жөнінде тұжырым жасауға болады. Болжау нәтижелерін практикада қолдану тұрғындардың жұқпалы аурулармен ауыруының алдын-алу шараларын аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлау және оларды басқаруға ғылыми тұрғыдан қараумен байланысты.
Эпидемиологияда талдаудың статистикалық әдістерін қолдану қажеттілігі тіпті бір аймақтағы эпидемиялық үрдістердің пайда болу көрсеткіштері жылішілік және жыларалық жағдайда айтарлықтай өзгеріп отыруымен байланысты. Статистикалық талдау эпидемиялық үрдістердің пайда болуларының өзгерулері жөніндегі ақпараттың шынайылығын, кейбір шарттардың, оның ішінде антропогендік ластанудың оған ықпалын бағалауға, және сол аймақ үшін нақты факторлардың ролінің маңыздылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сонымен, эпидемиологияның дамуының қазіргі замандағы кезеңі әртүрлі статистикалық әдістерді, олардың эпидемиологиялық диагностикада қолданылу шекараларын білуді талап етеді.
Статистика принциптерін білу денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен ағымдарды бағалауға арналған зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау, сонымен бірге медициналық биология, клиника және денсаулық сақтау салаларындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін, заманауи медициналық басылымдардағы хабарламаларды түсіну және сыни көзбен бағалау үшін аса қажет.
Биостатистика – медицина, денсаулық сақтау және эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді қолданылуымен байланысты ғылыми сала. Практикаға дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр.
Биостатистика пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаға биологиялық статистика теориясының негіздері, таңдама тәсіл, статистикалық жорамалдарды тексеру, стандарттау әдісі, дисперсиялық, регрессиялық, корреляциялық талдаулар негіздері, зерттеулерді ұйымдастыру теориясы мен тәжірибені жоспарлау негіздері енгізілді.
Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты гигиена және эпидемиология маманының практикалық қызметінде болсын, медициналық және биологиялық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі.
Студентке SAS, SPSS статистикалық кәсіптік, Statisticа әмбебап қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді нақты түсіндіре білу ерекше маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет