Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н -1-38-2021 ба спа



бет1/5
Дата26.12.2023
өлшемі0,76 Mb.
#144206
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
‘€¨ •’





Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)



Н 2-1-38-2021
1 баспа 05.01.2021







Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) Ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалған.


Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Сандық химиялық талдау» пәні дәстүрлі оқыту форматында оқытылады. Пән бойынша 37 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 15 лекция, 22 лабораториялық және 15 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОБӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақытылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде Сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және лабораториялық сабаққа дайындалуы керек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл – 10 баллға тең және баллдық-рейтингтік шкала бойынша 0–100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (АБ 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (АБ 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды баллы бірінші аралық бақылаудың максималдық баллын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды баллы екінші аралық бақылаудың максималдық баллын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды баллы – 60 баллды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Лабораториялық сабақтар кезінде дәптерде орындалатын жеке есептеу – үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі – СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің үшінші аптасында беріледі.
Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS–Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру студенттің порталы арқылы орындалады.
Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) студент курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №___» тарауында орналасқан. Содан кейін студент лабораториялық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Лабораториялық сабақ №___» тарауында орналасқан. Теориялық немесе лабораториялық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, ОБӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. ОБӨЖ сабағы (ОБӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды студент міндетті түрде «№___ тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілген уақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа жүктеуі қажет.

1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқытудағы мақсаты: студенттерді талданатын заттың құрамы мен құрылысын анықтауға, өлшеу нәтижелерін өңдеуге үйрету.
Пәнді оқып-үйренудегі міндеттері:
1. Бакалавриат студенттерін талданатын заттың құрамы мен талдау объектісінің табиғатына сәйкес дұрыс талдау әдісін қолдануға үйрету;
2. Көп компонентті объектіден талданатын затты (ион, элемент, қосылыс) бөліп алып шығарудың теориялық негіздерін меңгеру;
3. Талдау әдістеріне сәйкес аналитикалық анықтауларды практикалық орындаудың әдістемелік дағдыларын меңгеру;
4. Студентке талдау нәтижелерінің қазіргі математикалық өңдеу әдістерін қолдана білуге үйрету.

2

Сағат саны

Лекция – 22,5 сағат
Лабораториялық сабақтар – 33,0 сағат
Білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – БӨЖ) –72,0 сағат (соның ішінде ОБӨЖ (22,5 сағат))
Барлығы – 150,0 сағат

3

Оқыту нәтижесі

Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы:
Білуі керек: Сандық химиялық талдау әдістерін дамытудың негізгі бағыттарын білуі және түсінуі қажет; талдау әдісіне, анықтау әдістемелеріне негізделген заңдылықтар мен химиялық процестердің мәнін білуі тиіс.
Істей алуы керек: Гравиметриялық және титриметриялық талдауларда есептеулер жүргізе алуы қажет; нақты үлгіде қандай да бір компоненттердің сандық мөлшерін анықтай алуы керек; талдау сызбанұсқаларын құру, талдау әдісін таңдау, әр түрлі анықтаулар үшін сандық талдау әдістерін жан-жақты қолдана алуы керек.
Меңгеруі тиіс: Заттарды гравиметриялық талдаудың практикалық дағдыларын меңгеруі тиіс; гравиметриялық талдауда қолданылатын химиялық құрал-жабдықтарды пайдалану дағдыларын меңгеруі қажет; аналитикалық анықтаулар мен объектілерді талдаудың негізгі тәсілдерін, аналитикалық анықтаулардың метрологиялық аспектілерін меңгеруі керек; қышқылдық-негізгік, тотығу-тотықсыздану, комплексонометриялық, сондай-ақ титрлеудің кері түрлерін жүргізу дағдыларын жан-жақты меңгерулері қажет.

4

Білімін бағалау

Күрделілік деңгейі әр түрлі есептерді шешу, лабораториялық жұмыстарды орындау және қорғау, жеке тапсырмалар

5

Қорытынды бақылау

Емтихан (тестілеу)

6

Техникалық талаптар (қажет болса)

Ерекше талаптар жоқ

7

Ресурстар мен дереккөздер / негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет