Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет1/15
Дата13.04.2023
өлшемі330,85 Kb.
#81973
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Экономика



Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)

Н 3-1.1.37-2022 1 баспа02.02.2022











Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) Ғылыми кеңесте бекітілген үлгілік немесе оқу бағдарламасы негізінде жасалған (Хаттама №__11___ «___29___» _____06____2021ж.).
Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Қолданбалы экономика» пәні аралас форматта оқытылады. Лекция және практикалық сабақтар бекітілген кестеге сәйкес университет аудиторияларында оффлайн форматта өткізіледі. Пән бойынша 22 сабақ қарастырылған, оның ішінде 7 лекция, 15 практикалық сабақ, 6 СОӨЖ сабақтары.
Бұл курсты оқу кезінде оқытушы студенттерге оқытушымен және басқа студенттермен қарым-қатынас жасау, студенттердің сабақтардағы мінез-құлық ережелері бойынша талаптар жүйесін, ұсынады. Студенттердің мінез-құлқының келесі талаптары мен ережелерін орындау оқу процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді және студенттер үшін міндетті болып табылады:

  • сабаққа міндетті түрде қатысу;

  • практикалық (семинарлық) сабақтар кезіндегі белсенділік;

  • сабақтарға дайындық және үй тапсырмасын және СӨЖ және т. б орындау.

Болмайды:

  • себепсіз сабақтан кешігу және қалу;

  • сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалану;

  • алдау және плагиат;

  • тапсырмаларды уақтылы тапсырмау және т. б.

Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек (https://dulaty.kz/ru/education/academicpolicy.html.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі және 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) юолады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
.

1

Пәннің мақсаты мен міндеттері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет