Пәннің мақсаты: -қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіпорынның (фирманың) негізгі сипаттамалары мен түсініктерін ұсыну;
-нарық жағдайында кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін ашу;
-кәсіпкерліктің мәнін ашу;
-кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру туралы түсінік беру;
-кәсіпорын экономикасы бойынша теориялық мәліметтерді практикалық мәліметтермен салыстыру.
Пәннің міндеттері: Ұлттық экономиканың буыны ретінде кәсіпорынның қызметінің ерекшелігін түсіну. Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі қозғаушы күші ретінде пайданың мәнін түсіну. Теориялық және практикалық әдістерді
біріктіру арқылы кәсіпорын қызметін жоспарлау стратегиясын әзірлеу. Маманды кәсіби даярлау шеңберінде экономикалық құрауыштың маңыздылығын анықтауда студенттерге әдістемелік көмек көрсету.
2
Сағат саны
Лекция -10,5 сағат
Практикалық сабақтар-22,5 сағат
БӨЖ-57 (соның ішінде ОБӨЖ-9 сағат)
Барлығы-90 сағат
3
Оқыту нәтижесі
Осы курсты аяқтағаннан кейін студент келесі қабілеттерге ие болады: Білу керек: экономикада қолданылатын негізгі концептуалды категорияларды; қазіргі қазақстандық қоғам өмірінің экономикалық саласының даму ерекшеліктерін; қазіргі қазақстандық тәжірибеде экономикалық институттардың құрылымын: тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, жер нарығы, банк және салық жүйелері; жеке тұлғаның ұтымды мінез-құлқының негізгі сипаттамалары мен кәсіпкердің іскерлік және жеке қасиеттерін. Істей білу керек: экономикалық таңдау жағдайында (тұтынушы, өндіруші, сатып алушы, сатушы, қарыз алушы, салық төлеуші ретінде) ұтымды шешімдер қабылдау; әр түрлі көздерден өзекті экономикалық ақпаратты іздеу; экономикалық құбылыстар мен процестерді талдау, синтездеу, жалпылау, жіктеу, жүйелеу; ақшаның, сауданың пайда болуын, кәсіпкерлік қызметтің пайдасы мен қиындықтарын түсіндіру.