Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3


Тақырып: Қазақ ағартушыларының шығармашылығындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар



бет12/17
Дата21.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#84976
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Тақырып: Қазақ ағартушыларының шығармашылығындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар.
1. Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары және даму заңдылықтары мен негізгі ерекшеліктері.
2. Ш.Ш.Уәлихановтың қазақтардың тұрмыс-тіршілігіндегі табиғат күштеріне байланысты наным-сенімдері жайлы ойлары.
3. Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш.Уәлихановтың әлеуметтік прогресс идеясының маңызы.
4. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы оқу, білімнің маңыздылығы жайлы ойлары.
5. Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы қазақтардың әлеуметтік және рухани өмірі жайлы көтерілген мәселелер.

1,5 сағат

13 апта

БАОӨЖ
№6

13-14 апталарда өтетін семинар сабақтары мен орындалатын тапсырмалар бойынша студенттерге нұсқаулар мен ақыл-кеңестер беру.

1,5 сағат

14
апта

Лекция
№7

Тақырып: Абай – қазақтың рухани болмысын бейнелеуші ойшыл. Абай мен Шәкәрім шығармашылығындағы сабақтастық.
1. Абайдың дүниетанымы және оның негізгі салалары мен ерекшеліктері.
2. Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы.
3. Абайдың «Адам бол!» қағидасының рухани-дүниетанымдық мәні мен сипаты.
4. Абайдың «Қара сөздеріндегі» рухани құндылықтар жүйесі.
5. Шәкәрім – Абайдың рухани дәстүрін жалғастырушы.

1,5 сағат

14 апта

Семинар
№14



Тақырып: Абай шығармашылығындағы әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар.
1. Абайдың дүниетанымы және оның негізгі салалары мен ерекшеліктері. Абай өлеңдеріндегі эстетикалық құндылықтар және олардың тәрбиелік мәні.
2. Абай шығармаларындағы рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы.
4. Абайдың «Адам бол!» қағидасының рухани-дүниетанымдық мәні мен сипаты. Абай шығармаларындағы «толық адам» идеясы.
5. Абайдың «Қара сөздеріндегі» негізгі ой желілері және оның адамгершілік пен ізгілік қағидаларымен сабақтастығы.

1,5 сағат



14 апта

СӨЖ №6



2 аралық бақылау сұрақтарына дайындалу және берілген сұрақтар бойынша оқытушыға жауап беру

8 сағат



15 апта

Семинар
№15



Тақырып: Шәкәрімнің ар ілімі және оның басты рухани-адамгершілік ұстанымдары. ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің шығармашылық-тарындағы саяси-әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар.
1. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларында көрініс тапқан басты рухани-адамгершілік құндылықтар.«Үш анық» еңбегіндегі жан мен тән, ар-ождан жайлы таным- түсініктер.
2. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мәнді сөздері».
3. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жағдайы. Столыпиннің аграрлық саясаты және жер мәселесі.
4. 1917 жылғы Ақпан революциясы және Алаш қозғалысының қалыптасуы. Алаш қозғалысының негізгі идеялары мен мақсаттары. Алаш идеясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаттарымен үндестігі мен сабақтастығы.

1,5 сағат



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет