Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет3/19
Дата14.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#74412
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Курстың міндеттері:

  • әл-Фарабиден Абайға дейінгі тарихи кезеңдегі қазақ халқының рухани тұтастығы мен сабақтастығын ұғынып игеру;

  • қазақ халқының ұлттық дүниетанымының философиялық, рухани және мәдени бастаулары мен мазмұнын білу, олардың ішкі құндылықтық өзара байланыстары мен сабақтастығын түсіну;

  • қазақ халқының түрлі тарихи кезеңдердегі рухани ізденістерінің әр алуан сипаты мен кең ауқымын игеріп түсіну;

  • әл-Фарабиден Абайға дейінгі дәуір ойшылдарының дүниетанымдық және рухани-философиялық идеяларын зерделеу арқылы өркениеттер арасындағы сұхбатты толыққанды және сындарлы пайымдау;

  • қазақ халқының тарихи дамуындағы ойшылдар ілімдері арасындағы рухани сабақтастықты түсіне білу;

  • қазақ ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық жүйелерінің терең гуманистік сипатын түсіне білу;

  • қазақтың рухани әлемінің біртұтастығы жөніндегі түсініктерге және ұлттық тарихтың руханилық мәніне қазіргі заманғы талапқа сай түбегейлі жаңаша көзқарасқа ие болу;

  • қазақтың рухани-философиялық тарихы аясында «Ұлттық кодты сақтау» талабына сай білімді игеру;

  • ұлы тұлғалардың рухани мұрасымен таныса отырып, өз Отанын сүюге, өз халқының мәдениеті мен құндылықтарын қастерлеуге дағдылану.

2

Сағат саны

Лекция – 10,5 сағат.
Семинар – 22,5 сағат.
БАОӨЖ – 9 сағат.
СӨЖ – 48 сағат.
Барлығы – 90 сағат.

3

Оқыту нәтижесі



Бұл пәнді игергенде сіздің қолыңыздан келетін мүмкіншілік:
– әл-Фарабиден Абайға дейінгі тарихи кезеңдегі қазақ халқының рухани әлемін тұтастық тұрғысынан қарастыра аласыз;
– қазақ халқының ұлттық дүниетанымының философиялық, рухани және мәдени бастаулары мен мазмұнын аша аласыз;
– олардың ішкі құндылықтық өзара байланыстары мен сабақтастығын дәйектеп, қазақ халқының рухани ізденістерінің әр алуан сипаты мен кең ауқымын көре аласыз;
– әл-Фарабиден Абайға дейінгі дәуір ойшылдарының философиялық идеяларын зерделеу арқылы өркениеттер арасындағы сұхбатты толыққанды және сындарлы пайымдауға, тарихи үдеріс пен рухани мәдениеттің эволюциясындағы сабақтастықты жете түсінуге мүмкіндік ала аласыз;
– қазақ ойшылдарының философиялық-дүниетанымдық жүйелерінің терең гуманистік сипатын ашып, ол ілімдердің түпнегізінде жатқан адам мәселесі, оның құндылықтық бағдарлары мен рухани ізденістерін көре аласыз.

4

Баға қою саясаты

Сабақтағы белсенділік: 3х2+10х3=36 балл.
Презентация: 2х4=8 балл.
Реферат: 1х4=4 балл.
Эссе: 2х2=4 балл.
Аралық бақылау: 2х4=8 балл.
Барлығы: 60 балл.

5

Қорытынды бақылау

Емтихан (ауызша)

6

Техникалық талаптар

Қажеттілігіне қарай Zoom платформасы, университеттің ресми LMS - Сириус бағдарламасы. Ерекше талаптар жоқ

7

Негізгі және қосымша әдебиеттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет