Жұмыс бағдарламасы (силлабус) н 3



бет2/19
Дата14.03.2023
өлшемі0,86 Mb.
#74412
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Рухани сабақтастық. Силлабус. 1,3,7, (1)

Тараз, 2022 ж.
«Рухани сабақтастық /әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі/» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылыми Кеңесінің 29.06.2021 жылғы №11 хаттамасымен бекітілген оқу бағдарламасының негізінде дайындалған.
Пәннің саясаты. «Рухани сабақтастық /әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі/» пәні 1-апта мен 15-апта аралығында аралас форматта оқытылады. Бұл пән бойынша барлығы 22 сабақ, оның ішінде 7 сабақ – лекция, 15 сабақ – семинар, 6 сабақ – БАОӨЖ түрінде өтеді. Сондай-ақ студенттер СӨЖ түрінде 48 сағат көлемінде өз бетінше тапсырмалар орындайды.
Жұмыс нәтижелі болу үшін студенттер академиялық адалдықты сақтап, оқу процесіне белсенді қатысуы, берілген тапсырмаларды белгіленген мерзімге дейін өткізуі керек. Өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарап, ашық, әділетті, әдепті болуы керек. Студенттің тәртібі университеттің ішкі тәртіп ержелеріне сай болуы шарт.
Әр аптадағы сабаққа студент оқытушы тарапынан әзірленген лекциялар, презентациялар, лекция конспектілерін және силлабуста берілген негізгі, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, тыңғылықты дайындалуы тиіс. Білім алушылардың бағалануы тиіс жазбаша жұмыстарының барлық түрлері плагиатқа тексеруден өтеді.
Тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сай жүргізіледі. Бағалар 4,6,8,10,12,14 апталарда мәліметтер базасына пайыздық мөлшермен 0-100% баллдық-рейтингтік көрсеткіш бойынша қойылады. Оқу процесін бақылап-тексеру үшін 8-ші және 14-ші апталарда аралық бақылау өткізіледі. 8,14 апталардағы максималды балдардың қорытындысы бойынша аралық бақылаудың жинақ баллы – 60 балды (100%-ға дейін) құрайды.
Cтудент лекция және практикалық сабақтарға қатысып, тақырыптар бойынша ауызша жауап беруі тиіс. Пән бойынша студенттер сондай-ақ белгіленген тақырыптар бойынша өзіндік жұмыстар дайындап, тапсырады.
Білім алушы тапсырмаларды тікелей оқытушыдан немесе жүктеп алу үшін міндетті түрде студент порталына кіру арқылы университеттің ресми LMS - Сириус бағдарламасын пайдалана отырып алулары қажет. Белгіленген уақыт өтіп кеткеннен кейін орындалып, тапсырылған тапсырмалар қабылданбайды және орындалған болып есептелмейді. Толық интеграцияланған баға студент барлық сабақтарға қатысып, тапсырмаларды толық орындаған жағдайда ғана қойылады.


1

Пәннің мақсаты мен міндеттері



Пәннің мақсаты: Қазақтың рухани әлемінің біртұтастығы жөніндегі түсініктерді көрсете отырып, ұлттық тарихтың руханилық мәніне түбегейлі жаңаша көзқарасты қалыптастыру. Жастардың өзінің ұлттық бастауларын іздеуіне, оларды халықтың генетикалық жадына, оның дамуының ұзақ тарихында қалыптасқан мәдени кодына бағыттау. Өскелең ұрпақты қазақтың рухани-философиялық тарихымен қауыштырып, «Ұлттық кодты сақтау» талабына сай білім беру. Ұлы тұлғалардың рухани мұрасымен таныстыра отырып, студенттерді өз Отанын сүюге, халқының мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет