Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) Басылым: бірінші



бет1/6
Дата03.11.2023
өлшемі0,89 Mb.
#121696
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті



Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)



Басылым: бірінші




3. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Түсініктеме хат
1. Пәннің қысқаша сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» Жалпы бөлім оқу пәнінің мазмұны ұлттық қылмыстық заңдылық және қылмыстық құқық бойынша толық білім жүйесін ұсынады. Бұл пәннің мазмұны Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасының жүйесінен бастау алады және қылмыстық құқығы ғылымын терең зерттеуге бағытталған.
Пәннің мақсаты:
қылмыстық құқықтың негізгі санаттарын, қылмыстық заң, қылмыс пен жазаны, жазаны тағайындау және қылмыстық жауаптылыққа тартудың тәртібін, сондай ақ одан босатудың, әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән жайларды, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық мәселелерін, сондай ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын меңгеру;
Пәннің міндеттері:
- жеке тұлғаларды жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартудың негіздері мен тәртібіне, сондай-ақ сот органдары қызметінің құқықтық негіздері мен ұйымдастырылуына қатысты мәселелерді терең зерттеу;
- ұлттық қылмыстық құқықтың басқа құқық салаларымен өзара байланысының көрінісі, яғни қылмыстылықпен күрестегі шаралардың тиімділігін арттыру қажеттігі анықталады;
- студенттерде қылмыстық құқық нормаларын дұрыс түсіндіру мен қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- кәсіптік жарамдылық және біліктілік деңгейін көтеру, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша білім жүйесін қалыптастыру, қылмыстық құқық нормаларының тәжірибелік қолданылуы мен түсіндірудің дағдыларын меңгерту.

  1. Пререквизиттер

Аталған пәнді меңгеру үшін мемлекет және құқық теориясын білу (түсінігі, белгілері, құқық функцияларын, құқық нормасының құрылымын, құқық жүйесін, құқықтық жүйелер, құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлері және т.б), Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы (адам және азамат, соттар және сот төрелігі және т.б), Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы (түсінігі, мақсаттары, функциялары, әдістері, әкімшілік құқықтың жүйесі, әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі, белгілері, құрамы және түрлері және т.б) пәндерін меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар қажет.
Постреквизиттер
Аталған пәнді меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы, Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару құқығы, Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша арнайы курстарды меңгеруге қажет болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет