Жұмыс бағдарламасы (Syllabus) Басылым: екінші


Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі



бет17/29
Дата26.10.2022
өлшемі367 Kb.
#45514
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
Ж мыс ба дарламасы (Syllabus) Басылым екінші (1)

Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі
1. Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы.
2. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі.
Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.).
4. Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 ж.) наразылық қозғалысы.
5. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.
6. Сұлтандар Қасым Абылайханұлы, Саржан Қасымұлы бастағанСібір ведомствосы қазақтары жеріндегі қозғалыс.
7. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері. Тарихи әдебиеттегі Кенесарыхан.
8. Жанқожа Нұрмұхамедұлымен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстауқазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
9. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» Жарлық.
10. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Әбдіғафар Жанбосынов және т.б. көтерілісшілер әскерлерін ұйымдастырудағы рөлі. Үкіметтің репрессиялық шаралары және жазалаушы әскерлердің әскери әрекеттері. Көтерілісшілердің әскери өнері. Жеңіліс себептері және көтерілістің тарихи маңызы. Қазақтардың Қытайға (Құлжа аймағы, Қашқария), Ауғанстанға үдере көшуінің бірінші толқыны. Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтеріліске берілген объективті көзқарас.


11. Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары. Ресей империясындағы мұсылман қозғалысының қалыптасуы. Бүкілресейлік мұсылман съездеріне қазақ элитасы өкілдерінің қатысуы. Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси қозғалысының қалыптасуындағы «Иттифак-эл-муслимин» (мұсылмандар Одағы) рөлі. Орыс түркітану ілімі және оның қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. Меценаттықтың пайда болуы мен дамуы. Маркстік, либералдық-демократиялық, кадеттік топтар мен ағымдардың қалыптасуы.
12. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси элитасының қазақ комитеттерін құруға шақыруы. Облыстық қазақ съездері және олардың маңызы. Уақытша үкімет органдарындағы ұлттық интеллигенция өкілдерінің қызметі. 1917 жылғы жаздағы саяси дағдарыс.
13. Шілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы мен Алаш партиясы депутаттарын сайлау. Қазақ зиялыларының саяси, мәдени-ағартушылық қызметін зерттеудегі жаңа тәсілдер.



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет