Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: бірінші
ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым
Топырақтың белдемдік типіндегі гумус мөлшері физикалық – географиялық жағдайлармен
тығыз байланысты. Мысалы, Қазақстанның Солтүстік даласындағы қара топырақта
гумустың мөлшері 10 – 15% (500 т/га), шөлдегі сұр топырақта (Қызылорда, Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл обылыстары) 1 - 2% (40 т/га) аралығында.
Гумус жинақталған үстіңгі құнарлы қабаттың қалыңдығы көбіне 20 см – ден аспайды.
Климаттық, гидрологиялық, топырақтың физикалық – химиялық қасиеттеріне байланысты
кейбір жағдайларда 80 – 100 см тереңдікте де кездеседі. Жоғарғы қабаттың құнарлығын
сақтау үшін және өсімдіктердің тиімді пайдалануына осы қабат келесі қасиеттер
жиынтығына ие болуы керек:
құрамында өсімдіктер сіңіре алатын түрдегі қоректі элементтер (азот, фосфор, калий,
микроэлементтер) жеткілікті деңгейде ұсталуы;
ылғалдылықтың қажеттілік мөлшерінің болуы;
өсімдік пен топырақ жануарлардың тіршілігіне қажетті мөлшерде оттегінің болуы;
улы қосылыстардың болмауы;
қолайлы су – ауа режимі мен өсімдік тамырларының қоректік заттектерді және
ылғалдықты жақсы өткізетін физикалық құрылымының (механикалық төзімділігі, т.
б.) болуы.
Қарашірік жинақталған қабаттың (А
1
) үстінде өсімдіктер түсімінен құралған төсеніш
(ыдырамаған өсімдік қалдықтарынан тұрады) деп аталатын қабат, ал астында элювийлік
жайлаған қабат (А
2
), төменірек иллювийлік (жуылған, құнарлығы аз) қыртыс (В) орналасқан.
Бұл қабаттардан төмен бастапқы (топырақ түзетін) жыныстар орналасады.
Топырақтың минералды бөлігі негізінде 50% кремнеземнан (SiO2), 25% - ке дейін
глиноземнен (AI
2
O
3
), 10% - ке дейін темір оксидінен (FeO
3
) және 0,1% - тен 5% - ке дейін
магний (MgO), калий (K
2
O), фосфор (P
2
O
5
), кальций (CaO) оксидтерінен тұрады.
Органикалық қалдықтар жай (су, көміртек диоксиді, аммиак және т.б.) немесе күрделілеу
(мысалы, гумусты) қосылыстары түзіи минералданады.
Минералдардың, органикалық заттектердің және газдардың белгілі бөліктері сұйық күйде
топырақта болатын суда еріи, топырақ ертіндісін түзеді. Топырақ ертіндісі жер шарының
тарихындағы табиғи сулардың ең маңызды санаттарының бірі, В. И. Вернадский айтқандай
(1960), «биосфера механизмінің негізгі элементі» және «тіршіліктің негізгі субстраты».
Топырақтың маңызды қасиеттеріне топырақ ертінділеріндегі тұздар мөлшерінің,
қышқылдықтың өзгеруі жатады, себебі оларға микроорганизмдердің белсенділігі мен
өсімдіктердің азотты сіңіруі, топырақтың қоллоидтердің алмасу негіздерінің жалпы
жиынтығы, олармен байланысты топырақтың алмасу мен сіңіру қабілеттілігі тәуелді.
Топырақтың судағы мөлшері бірқатар факторларға байланысты, әсіресе температура мен
жауын – шашынның көлемінде. Топырақ ертінділері (топырақтың сұйықтық фазасы)
неғұрлым тұзды болған сайын олардың өсімдікке өтуі төмендейді. Қоректік заттектер
топырақтан өсімдіктерге иондық түрде тамыр арқылы өтеді, мысалы, металл катиондары
органикалық қышқылдардың сутек катионымен алмасады. Топырақ түзу процесінде
топырақты мекендеген тірі организмдердің атқаратын рөлі зор. Топырақ неғұрлым құнарлы
болса соғұрлым олардың саны жоғары болады. Қара топырақтың қалыңдығы 15 см беткі
қабатының 1 га ауданында 10 т бактериялар, сонша саңырауқұлақтар, 4 т шылаушындар, 140
кг балдырлар, 17 кг жәндіктер және 6 кг аяққұйрықтылар болатыны есептелінген.
Өсімдік үлескісі астындағы топырақ организмдерінің қауымдастықтары тепе – теңдік
күйінде болады, өйткені, олардың қорек негізгі осы өсімдіктердің түсіндісі болып табылады.
Мұны тұтынып олар органикалық заттектерді бейорганикалық заттектерге айналдырып,
негізінен көмірқышқыл газы мен су түзеді. Сонымен топырақтағы организмдер топырақ
түзуші фактордың бірі екенін айқын, топырақ қасиеті осыларға да тығыз байланысты.
Топырақтың физикалық – химиялық қасиеттерінің қалыптасуында ерекше маңызды рөл
атқаратын жәндіктерге жауын құрты жатады. Олардың көмегімен күрделі экологиялық
|