МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ДӘРІСТЕРІ
ДӘРІС 1. Биосфера концепциясының құрылуы. Биосфераның эволюциясы және
геохронологиялық кесте
Мақсаты: Студенттерге биосфера концепциясы, эволюциясы, геохронологиясы жайлы білім
беру.
Биосфера эволюциясы — Жер бетіндегі тірі организмдердің пайда болуынан бастап,
қазіргі биосфера қабығының толық қалыптасу аралығындағы ұзақ уақытты қамтитын
биологиялық процесс.
Биосфера эволюциясы — тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесі. Эволюция
ілімі бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер химиялық эволюцияның
биологиялық эволюцияға ауысуынан пайда болған. Осы кезге дейін бұл процесс ұзақ
уақытты
қамтыған
деген
пікірлер
айтылып
келсе,
соңғы
жылдардағымикропалеонтологиялық, палеогеохимиялық, ғарыштық химия, изотоптық, т.б.
зерттеулердің қорытындысы химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға қысқа
геологиялық мерзім аралығында ауысқандығын дәлелдеп отыр. Жер планетасының
геохронологиялық шежіресінде ең ежелгі заман — криптозойда (4550 — 570 млн. жыл
бұрын) тіршілік еткен тірі организмдердің қазба қалдықтары сақталмаған. Ол кезде өте ұсақ
алғашқы прокариотты организмдер (цианобактериялар, бактериялар, көкжасылбалдырлар)
тіршілік еткен. Олардың қатты қаңқасы болмаған, денесіне сіңген суда еріген әр түрлі
минералдық заттар ұсақ түйіршіктерге айналып, ежелгі тау жыныстарының арасында
сақталғандығы соңғы кезде анықталды. Оны ғылымда строматолиттер деп атайды.
Қазіргі
кезде
олар
Батыс Германия мен
Батыс Австралияда, Оңтүстік
Африкада, Украинада бұдан
3,4
—
3,8
млрд.
жыл
бұрын
түзілген тау
жыныстарынан табылған. Сол замандағы өте ұсақ организмдер теңіздерде тіршілік етіп,
гетеротрофты жолмен қоректенген. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, Жер бетіндегі ең
алғашқы тірі организмдер бұдан 4 — 3,5 млрд. жыл бұрын пайда болған деп есептеледі. Олар
кейін күрделі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. 2 — 1,5 млрд. жыл бұрын бір клеткалы
эукариотты организмдер шыққан, олардан кейін (1,4 млрд. жыл бұрын) көп клеткалы
организмдер пайда болып Жер бетіне кеңінен таралған. Ал 700 — 600 млн. жыл бұрын
тіршілік еткен моллюскілердің қатты қаңқа қалдықтары толық сақталған.
Ғылыми деректер бойынша, биосфера эволюциясында мынадай негізгі кезеңдер
болған: өздігінен қалпына келе алатын гетеротрофты организмдердің тіршілік кезеңі; әлсіз
тотығу процестеріне негізделген алғашқы автотрофты организмдердің тіршілік кезеңі; толық
тотығу процестері жүретін автотрофты организмдердің Жер бетінде кеңінен таралу кезеңі.
Биосфера эволюциясының палеонтологиялық шежіресіне сүйене отырып: биосфера
эволюциясы ешқашан кері жүрмейді; геологиялық замандарда биологиялық эволюцияның
жылдамдығы арта түседі; жалпы эволюцияның қарқынды жүруінен жаңа түрлер пайда
болады; жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесінде олардың жүйке жүйесі
күрделене түседі деген тұжырымдар жасауға болады.
Қазіргі кезде жердің даму тарихы ғаламшарлық (планеталық) даму кезеңі және
геологиялық даму кезеңі болып екіге бөлінеді.
Жердің ғаламшарлық даму кезеңі оның алғаш ғаламшар болып қалыптасуынан бастап
жер қыртысының құрылуьіна дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жердің ғарыштық дене
ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа ғаламшарлардың
|