Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет59/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   90
Байланысты:
Биосфера эволюция

Жер – ауа тіршілік ортасы 

Бұл  ортаның  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар.  Мұнда  оттегі  мен  жарық  мөлшері  көп  мөлшерде,  кеңістіктерде 

температураның өзгерісі күрт өзгереді, қысым әлсіз және ылғал жетіспеуі жиі болып тұрады. Ауа тығыздығы 

сумен  салыстырғанда  тіпті  аз,  сондықтан  ауада  тұрақты  өмір  мүмкін  емес.  Көптеген  түрлер  ауада  ұшатын 

болса,  ал  ұсақ  жәндіктер,  өрмекші,  микроорганизмдер,  өсімдік  тұқымдары  мен  споралары  ауа  ағынымен 

таралады, қоректену мен көбею жердің беткі қабатында өтеді. Ауа сияқты мұндай тығыздығы онша емес ортада 

организмдерге тірек қажет. Сондықтан жер беті өсімдіктерінде арқаулық ұлпа, ал жер үсті жануарларында ішкі 

және  сыртқы  қаңқа  дамыған.  Құрлық  мекендеушілерінің  3/2  бөлігі  белсенді  және  енжар  ұшуды  меңгерген. 

Олардың көпшілігі бунақденелілер мен құстар. 

Ауа  жылуды  нашар  өткізеді.  Организмдердің  ішінде  түзілетін  жылуды  сақтау  мүмкіншілігі  және 

жылықанды жануарлардың тұрақты температураны ұстауы ауаның  осы қасиетімен түсіндіріледі. Жылықанды 

жануарлардың дамуының өзі жер ортасында болған. Қазіргі сүтқоректілердің  - кит, дельфин, морж, тюленьнің 

ата  тектері  бір  кездері  құрғақшылықта  тіршілік  еткен.  Ылғалды  және  құрғақ  жағдайларда  өзін  қамтамасыз 

етумен байланысты жер үстін мекендеушілердің алуантүрлі болатын бейімделушіліктері бар. Өсімдіктерде бұл 

күшті  дамыған  тамыр  жүйесі,  жапырақ  пен  сабақтың  жоғарғы  бетінде  су  өткізбейтін  қабат,  лептесік  арқылы 

судың булануын реттеуге қабілеттілігі. 

Жануарларда тері және дене құрылысының әртүрлі ерекшеліктері және су тепе-теңдігін реттейтін олардың 

тіршілік әрекеттері бар, мысалы, олар су ішетін жерге көшуі мүмкін. Кейбір жануарлар бүкіл өмірінде құрғақ 

азықпен  қоректенеді,  мысалы,  қосаяқ  және  күйе  көбелек.  Бұл  жағдайларда  организмге  қажет  су  қорек 

құрамындағы бөліктердің тотығуы есебінен пайда болады. 

Жер үсті организмдер тіршілігіндегі маңызды роль атқаратын экологиялық факторларға судың мөлшері, ауа 

құрамы,  күшті  жел,  бедер  жатады.  Мұнда  ең  маңыздысы  -  ылғалдылық  пен  климат.  Жер  ауа  ортасы  жер 

климатына және олар тұрған жердегі ауа райы жағдайларының өзгеруіне бейімделуі тиіс. 

Барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін  энергияның  сырттан  түсуі қажет.  Оның негізгі көзі  күн  сәулесі 

болып табылады. 

   Егер Жерге дейін жететін  күн  энергиясын  100% деп есептесек, онда шамамен оның 19% атмосфера 

арқылы  сіңіріліреді,  34%  кері  космостық    кеңістікке    шағылысады  және  47%  жер  бетіне  жетеді.  Тікілей 

күн  сәулесі  -  әртүрлі  толқынды  электромагниттік  сәулелерден  тұрады:  ультракүлгін    сәулелер  1-ден  5% 

дейін , көзге  көрінетін сәулелер 16-дан 45% дейін,  инфрақызыл сәулелер -49-дан 84% дейін.  



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет