ДӘРІС 9. Биосферадағы заттар айналымы. Әлемдік биохимиялық циклдар.
Мақсаты: Студенттерге биосферадағы зат айналым, әлемдік биогеохимиялық циклдар
жайлы білім беру.
В.Н.Вернандскийдің ілімі бойынша, тірі организмдер күн сәулесінің электромагниттік
энергиясын потенциалды химиялық энергияға айналдырады. Химиялық энергия
механикалық энергияға өзгеріп, түрлі күрделі биохимиялық процестер биосферада үздіксіз
жүріп отырады. Бұл жөнінде жердің жасыл желегі ерекше роль атқарады. өйткені
өсімдіктердің құрамында жасыл хлорофил бар. “Хлорофилдің жасыл түйіршігі”, - деп жазды.
К.А.Тимирязев, - әлемдік кеңістіктің нүктесі, фокусы. Оған бір жағынан күн энергиясы
ағылып келіп жатады, ал екінші жағынан, одан жер бетіндегі тіршілік өзінің бүкіл қажетін
алып отырады”.
Жерге күннен секундына 1,1·10
26
калория энергия келіп сіңеді. Оның 42 процентін жер
әлемдік кеңістікке таратады да, қалған 57% өз бойында сақтайды. 1% энергия өсімдіктерге
жиналады. Бұл энергия жердің жасыл желегінде болатын фотосинтез процесінде жұмсалады.
К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда, жердің жасыл желегі аспан мен жер арсындағы дәнекер
болып есептелінеді. Күн сәулесінің электромагниттік энергиясы өсімдік организімінде
химиялық энергия ретінде сақталынады немесе консервіленеді. Ал химиялық энергия жан-
жануар организімінде механикалық энергияға айналады да бірнеше күрделі жұмыстарды
жасауға жұмсалады. Жан-жануарларды гетеротрофты организмдер деп аталады. Себебі олар
дайын органикалық заттармен қоректененді.
Фотосинтез процесінде бөлініп шыққан оттегі бүкіл адамзат, жан-жануарларға және
басқадай аэробты (оттегімен тыныс алатын) организмдерге қажет. Жердің жасыл желегі
фотосинтез процесі арқылы жылына ауаға 400 миллиард тонна оттегін бөліп шығарады.
Биосфераға осындай көлемде оттегі қосылып отырса ғана ауадағы оттегінің мөлшері
азаймайды.
Жер бетіндегі жасыл өсімдіктер мен судағы балдырлар өздерінің пайда болған кезінен бастап
550 миллион жыл ішінде атмосфераға оттегінің 24,3·10
15
тонна қорын жасады.
Жер жүзіндегі өсімдіктердің массасы 323 миллиард тонна (құрғақ зат есебімен алынғанда).
Оның 74% құрғақ жерде өсетін өсімдіктердікі, 26% суда тіршілік ететін балдырлардікі. Осы
органикалық заттың 40% көміртегініің үлесіне тиеді.
Тірі организмдер жылына 93 миллиард тонна көміртегінсіңіреді. Оның 24 миллиард
тоннасын жер бетіндегі организмдер, 69 миллиард тоннасын судағы организмдер
қабылдайды.
Осы мөлшерде көміртегі ауадағы көмір қышқыл газынан алынады. Көміртегі өсімдіктерге
сіңірілгенімен оның ауадағы мөлшері ешқандай да азаймайды. Себебі, органикалық заттар
жерде жатып шіриді де құрамындағы көміртегін ауаға таратып отырады. Ауадағы
көміртегінің мөлшері 2,3·10
12
тонна.
Көмір қышқыл газы ауаға жануартаулардың атқылауынан, ыстық бұлақтардан, адамдар мен
жануарлардың дем алуынан, жағылған отындардан (мұнай, газ, көмір, шымтезек) қосылып
отырады. Отқа жағылған заттардан жылына ауаға 1·10
10
тонна көмір қышқыл заты тарайды.
|