3. Кездейсоқ ену - ірі жануарлар қорегімен бірге ұсақ организмдерді жұтуы мүмкін. Олардың кейбіреулері
өлмейді, олар жаңа жағдайларға бейімделіп, паразиттерге айналады.
Ағзаның адаптациялық биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.
Табиғаттағы жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар
тіршілігінде құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осы құбылыстарды биологиялық
ырғақтар дейді. Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік әрекетіне байланысты),
сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп бөледі. Фотопериодизм дегеніміз организмдердің
тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.
|