Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: бірінші
ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым
мәселені шешуге болады, мысалы, органикалық қалдықтарды өңдеуді және топырақтың
құнарлығын жоғарылатуда. Көрнекті биолог ғалым Ч. Дарвии айтқандай «... өткен ғасырлар
бойы жауын құрттары арқылы жыртылып келген».
Бір жауын құртының массасы шамамен 0,5 грамдай, бір шаршы метрде олардың саны 50 – ге
жуық болады. Бір жылдың 200 күнінде олар өз денелері арқылы 50 тоннадай топырақты,
құрғақ шөптерді, жапырақтарды, көңді және тағы басқа да органикалық заттектерді өткізіп,
құнарландыра алады. Жаңбыр құрттарының өнімділігі және өсімі жоғары қызыл түрлері
кейбір елдерде жасанды жолмен өсіріліп құстарға, балықтарға, терісі қымбат аңдарғы жем
ретінде беруге және өте сапалы биогумус деген тыңайтқыш алуға қолданылып жүр. Жауын
құртының ішегінен өткен органикалық қалдықтар биохимиялық өзгерістерге ұшырап, жай
қосылыстарға айналады және микроэлементтер мен пайдалы микроформалармен
байытылады, капролитті құрлымы түзеді. Капролиттер суда біртіндеп еріп топырақтың
құрылысын жақсартып отырады. Оларға бактерицидтік қасиеттер де тән. Биогумустың
тиімділігі барлық органикалық тыңайтқыштардікінен анағұрлым жоғары. Оны қолдану
арқылы ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарлатумен қатар топырақтың
құнарлығын, жел мен су эрозиясына беріктілігін, экологиялық жағдайын жақсартады.
Биогумус радиоактивті элементтердің, ауыр металдардың, нитраттардың транслокация
процесін тегжейді.
Достарыңызбен бөлісу: |