БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
4.
Топырақтың нитратпен пен ластануына сипаттама беру.
5.
Нитратты анықтаудың ең кең таралған әдiсi қандай
6.
Топырақтың нитратпен пен ластануының алдын –алу жолдары.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 7.
Қосымша әдебиеттер: 2, 3.
Практикалық сабақ № 9
Тақырыбы: ТОПЫРАҚ ПЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНIМДЕРIН ЛАСТАУШЫ
МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ САПАЛЫҚ ТАЛДАУЫ
Мақстаы: Топырақ пен ауылшаруашылық өнімдерін ластаушы минералдық
тыңайтқыштардың сапалық талдауы мен танысу
Минералдық тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау немесе шамадан тыс артық мөлшерiн
қолдану және оларды сақтау ережелерiн дұрыс орындамау топырақ пен ауылшаруашылық
өнiмдерiнiң ластануына себеп болады. Азот тыңайтқыштарының суда
ерiгiш түрлерi өзендер, көлдер мен тоғандарға құйылып, грунт суларына жетiп, олардағы
нитраттардың мөлшерiнiң жоғарылауына әкеп соғады, ал бұл адамдар денсаулығына
үлкен қауiп туғызады. Көп жағдайда тыңайтқыштарды өсiмдiктерге бергенде тазаламай
берiледi, бұл топырақтың радиоактивтi, улы заттармен ластануына әкеледi (мысалы,
калий тыңайтқыштарын пайдаланғанда калий изотоптары). Суперфосфаттардың түрлi
формалары қышқылдық ортаны көрсететiндiктен, рН ортасы төмен дәрежедегi
аймақтардың
топырақтарының
қышқылдануына
әкеп
соғады.
Фосфор
тыңайтқыштарының артық мөлшерi ағысы жай суларға құйылып, оларда оттектiк
режимнiң тепе-теңдiгiн бұзатын балдырлар мен басқа да өсiмдiктердiң қаулап өсуiне
себеп болады. Кейбiр жағдайларда тыңайтқыштар дұрыс сақталмай, егiс далаларында
ашық қалып қояды да, өзiнiң бастапқы түр-түсiн жоғалтады. Соған байланысты
экологтар тыңайтқыштардың органолептикалық қасиеттерiн ғана емес, оларға тән жай
сапалық реакциялар арқылы ажырата бiлулерi керек.
Достарыңызбен бөлісу: |