Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Гидросферадағы өздiгiнен тазару құбылысының мәнi не?
2. Антропогендiк фактордың гидросфераға әсерi қай кезден
басталды?
3. Ауыз суы қалай алынады?
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 7.
Қосымша әдебиеттер: 2, 3.
Практикалық сабақ № 13
Тақырыбы: СУДЫҢ ЖАЛПЫ КЕРМЕКТIГIН АНЫҚТАУ
Мақсаты: Судың жалпы кермектігімен танысу.
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1. Бюретка;
2. Пипеткалар: 15 мл; 100 мл-лiк;
3. Конустық колба-250 мл;
4. 100 мл өлшеуiш цилиндр;
5. 0,05 н трилон Б ерiтiндiсi;
6. 0,05 н MgSO4 ерiтiндiсi;
7. аммиакты буферлiк ерiтiндi (NH4OH +NH4Cl);
8. қара хромоген индикаторы;
9. зерттелетiн су.
Жалпы кермектiк (Нж) — судағы екi валенттi катиондардың, негiзiнен, кальций мен
магний катиондарының болуына байланысты қалыптасатын судың табиғи қасиетi.
Кермектiк жалпы, карбонатты, тұрақты және уақытша болып бiрнеше түрлi болады.
Уақытша (Ну) және карбонатты (Нк) кермектiк судағы кальций мен магнийдiң
карбонаттары мен бикарбонаттарының болуына байланысты. Суды қайнатқан кезде
бикарбонаттар нашар еритiн карбонаттарға айналып, қақ түрiнде тұнбаға түседi де, су
бiршама жұмсарады ,яғни кермектiгi азаяды. Ал тұрақты (Нт) және карбонатты емес
(Нке) кермектiктер судағы кальций мен магнийдiң хлоридтерi, сульфаттары және
басқа да тұздарының болуына байланысты. Бұл кермектiктердi төмендегi формулалар
бойынша табуға болады: Нт = Нж – Ну ; Нке = Нж – Нк
Жалпы кермектiгi 3,5 мг*экв/л болатын су жұмсақ, 3,5-7 мг*экв/л — орташа кермек, 7-
10 мг*экв/л — кермек, ал 10 мг*экв/л — ден жоғары су өте кермек болып саналады.
Судың жалпы кермектiгi трилонометриялық әдiспен анықталады. Бұл әдiсте
қолданылатын негiзгi реактив — трилон Б— этилендиаминтетрасiрке қышқылының қос
натрий тұзы — (COONa – CH2)2 – N – CH2 – CH2 – N – (CH2 – COONa)2
Судағы кальций мен магнийдiң иондарын анықтау трилон Б реактивiнiң бұл иондармен
сiлтiлiк ортада сутектiң бос иондарының кальций мен магний иондарының орнын баса
отырып берiк комплекстi қосылыстар түзу қасиетiне негiзделген. Индикатор ретiнде
реакцияға магний иондарымен қанық қызыл түстi қосылыс беретiн қара хромоген
қатысады. Магний иондары жойылғанда ерiтiндi көк түске боялады. 90 пмл MgSO4 пмл
трилон Бn * N * K * 1000 V
Достарыңызбен бөлісу: |