Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
құрамы, салмағы, энергиясы бар барлық тірі организмдердің жиынтығы болып табылады.
Бұл тірі зат қоршаған ортамен өзінің тыныс алуы, қоректенуі, көбеюі арқылы тығыз
байланыста болады деп түсіндірді.
Осылайша, В.И.Вернадский, биосфераның негізгі ерекшелігі-Күн сәулесі энергиясы
әсерінен болатын химиялық элементтер атомдарының миграциясы нәтижесінде жүретін
организмдердің көбею, өсу және зат алмасу процестері болып табылады деп түсіндірді.
Э.Зюсс ұсынған биосфера терминіне В.И.Вернадский тереңдетілген, жан-жақты жер
қабықшасының сапалы ерекшелігін көрсететін жаңа мағына берді. В.И.Вернадский
ілімінің негізі болып саналатын түсінік бойынша, биосфера- тірі организмдер мекендеген
және планетадағы тірі заттар әсерінен сапалы өзгерістерге үшыраған Жердің қабықшасы.
«Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың
ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер
жатады: барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі, қозғалыстың белсенділігі, саның
тұрақты болуы, бейімделушілік қабілеттілігі,реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы,
Тірі заттардың орта өзгерткіш қызметтері: энергетикалық, газдық, тотығу-
тотықсыздану,концентрациялық,
деструктивтік,транспорттық,
орта
өзгерткіштік,
информациялық.
Топырақ- континенттер беттеріндегі биосфераның күрделі компонентті топырақ
жабыны. Әдетте, топырақ деп-климаттық және биогенді заттар әсерінен түзілетін
континенттердің борпылдақ беткі қабатын айтады.
Топырақтану ғылымынын негізін қалаған орыстың дарынды табиғаттанушы
ғалымы В.В.Докучаев (1846-1903).
Топырақтың табиғаттағы рөлі өте зор. Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз
үлкен геологиялык және кіші биологиялык айналымы өтеді.
Топырақтың тағы бір функциясы - ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын
реттейді.
Биосфераның ең төменгі шекарасы құрлық бетінен 3 км тереңдікте және теңіз түбінен 0,5
км төменгі қабатта орналасқан деп есептелінеді. Жоғарғы шекарасы-тропосфераны және
жер бетінен 25 км биіктікке дейінгі старотосфераның төменгі қабатын алып жатыр.
Жоғарғы жағынан биосфера стратосфера қабатымен және ионосферамен шектеседі.
Биосфера өзін қамтитын қабаттар бойынша сипатталады; атмосфера, гидросфера,
литосфера.
Жердің кейбір жекелеген аудандарында жасанды экожүйелерінің түзілуіне мысал ретінде
жасанды су қоймалары, орман алқаптары, және жасанды көлдердің жасалуы
жатады.Келешекте ғарыш кеңістігін меңгеру бағытанда да жұмыстар жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |