Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
бейорганикалық (кадмий, сынап, қорғасын, мышьяк, мырыш т.б.) және органикалық
(фенолдар, амминдер, бензоперен т.б.) деп бөледі.
Химиялық токсикологиялық талдаулар кезінде улылығы мен таралуы жоғары ауыр
металдарға көп көңіл бөлінеді. Мысалы, мыс пен мырыштың химиялық белсенділігі өте
жоғары, олар аэробты жасушалардың табиғи селекциясына қатысатын ферменттердің
құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу- тотықсыздану процестеріне қатысады.
Мырыш норма бойынша 1 литр теңіз суында 5 мкг-нан кем болмау керек. Британия
аралдарының кейбір жағалау суларынан мырыштың мөлшері 46 мкг/л-ға жеткен. Мұндай
шоғырлануда мырыш барлық планктонды өсімдік ағзаларының фотосинтезін басып
тастайды.
Кадмий жалпы ең қауіпті орта уыттаушыларының бірі болып саналады. Ал бүкіл әлемде,
бар мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға жылына шамамен 5000 тонна кадмий
тасталады. Кадмийдің ағзаға түскен 30-40 мг мөлшерінің өзі өлімге соғуы мүмкін.
Сынап – экожүйедегі тірі организмге аса қауіпті поллютанттардың бірі. Токсикологиялық
зиянды әсері бойынша оның қосылыстарын мына тізбекпен көрсетуге болады: элементті
түрдегі сынап, бейорганикалық алкилсынапты заттар (метил, этил) және басқа да
органикалық сынапты заттар.
Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жануарлардан, т.б. жолмен пайда
болған заттарға, мысалы, мал ткандары, желім заттар, қи және организмнен шығатын
басқа да затттар жатады. Суда еритін минералды және органикалық қоспалардан
басқа ерімейтін қалқиымды немесе колоидты бөлшектер кездеседі. Биологиялық
немесе бактериялық компоненттерге – бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі
сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары, т.б. кіреді.
2. Қоршаған ортаның сапасын бағалау мақсатында қоршаған орта сапасының стандартты
жасалған. Қоршаған табиғи орта сапасының барлық нормативтер үш түрге (топтарға)
бөлінеді: санитарлық-гигиеналық, экологиялық (өндірістік-шаруашылық), қосалқы.
ШРКж.з. -жұмыс зонасының ауасындағы зиянды заттектердің шекті рауалы
концентрациясы, мг/м
3
.
ШРКм.б.--елді мекеннің ауасындағы заттектердің шекті рауалы максималды бір
жолдық концентрациясы, мг/м
3
ШРКө.т..- -елді мекеннің ауасындағы улы заттектердің шекті рауалы орташа тәуліктік
концентрациясы, мг/м
3
.
ШРКс—шаруашылық-ауыз су мен мәдени-тұрмыстық жағдайға қолданатын су
қоймаларындағы заттектредің шекті рауалы концентрациясы,мг/л;
ШРКб.с- --балық шаруашылығнда қолданылатын суаттарыдың суындағы заттектердің
шекті рауалы концентрациясы,мг/л;
Топырақтағы ластағыш заттектер үш бағыта нормаланады:
1) ауыл шаруашылығындағы пайдаланатын жердің егістік қабатындағы улы
химикаттардың мөлшері;
2 ) кәсіпорынның территориясындағы улы заттектердің жинақталуы;
3) елді мекендердің, көбінесе тұрмыстық қалдықтар сақтайтын жер топырағының
ластануы.
Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалауға екі көрсеткіш қолданылады:
ШРКт—топырақтың егістік қабатындағы заттектердің шекті рауалы
концентрациясы,мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына тікелей немесе жанама
түрде қолайсыз әсер тигізбеу қажет,сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалану
қабілетіне де;
ШРК (РҚМ) -азық-түлік өнімдеріндегі заттектердің шекті рауалы концентрациясы
(рауалы қалған мөлшері),мг/кг.
|