Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Үлгiлердегi NO2 мөлшерiн калибрлiк график бойынша табады. Үлгiлермен бiрге нольдiк
үлгiнiң де оптикалық тығыздығын табады. Ауадағы NO2 концентрациясын төмендегi
формула бойынша есептеп шығарады:
а х m V0 х b С = ; бұндағы: а сiңiргiш прибордағы ауаның жалпы көлемi (6 мл);
b — анализ үшiн алынған ауаның көлемi, (5 мл); m — калибрлiк график бойынша
табылған NO2 мөлшерi, мкг; V0 — қалыпты жағдайдағы сiңiрiлген ауаның көлемi, л.
Калибрлiк график құру
Сыйымдылығы 50 мл өлшеуiш колбаларға 1, 2, 4, 6, 8, 10, 20 мл негiзгi стандартты
ерiтiндiнi (1 мкг/мл) құяды. Белгiсiне дейiн сiңiргiш ерiтiндi құяды. Өлшеуiш
колбалардағы 5 мл стандартты ерiтiндiлердегi NO2 концентрациясы сәйкес 0,1; 0,2; 0,4;
0,6; 0,8; 1,0; 2,0 мкг болады. Стандарттар шкаласын дайындау үшiн пробиркаларға 5 мл әр
стандарттан құйып, жоғарыда көрсетiлген әдiс бойынша жұмыс жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |