РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1). Шайқағыш аппарат; Фильтр қағазы;
2). Тығынды 200 мл-лiк колба; 1 мл — лiк колба;
3). Титрлегiш пипеткалар; Воронкалар; Бюкс; Кептiргiш шкаф; Эксикатор;
4). KМnO4 ерiтiндiсi, х.т., 0,01М ерiтiндi;
5). Натрий тиосульфаты Na2S2O3, 0,005 М ерiтiндi; 501,02
6). Күкiрт қышқылы, H2SO4 (тығыздығы 1,84 г/см), 1:3
сұйытылған;
7). Калий иодидi, KI, х.т., 10% -тiк ерiтiндi;
8). Крахмал, 1% -тiк ерiтiндi;
9). Мұнай өнiмдерiмен ластанған топырақ.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
100 г топырақты конустық колбаға салып, үстiне 200 мл дистильденген су құяды.
Колбаны тығынмен жауып, 4 мин шайқайды. Бұдан кейiн ерiтiндiнi фильтрлеп, конустық
колбаға100 мл фильтратты құяды, бiрнеше тамшы Н2SO4 тамызып, үстiне 1 мл 10% -
тiк KI ерiтiндiсiн құйып, араластырып, бюреткадан 0,01 М KМnO4 ерiтiндiсiмен сары
түс пайда болғанша титрлейдi. Иодтың артық мөлшерiн 1% -тiк крахмал ерiтiндiсiнiң
бiрнеше тамшысын тамызып, тиосульфат ерiтiндiсiмен итрлейдi. 0,01 М KМnO4
ерiтiндiсi мен титрлеуге кеткен тиосульфат ерiтiндiсiнiң айырмасы 100 мл фильтраттағы
күкiртсутектiң тотығуына кеткен 0,01 М I2 ерiтiндiсiнiң мөлшерiне тең болады. 1 мл 0,01
Н иод ерiтiндiсiнде 0,17 мг H2S болады. Мысалы: 0,01 М KМnO4 ерiтiндiсi мен
титрлеуге кеткен тиосульфат ерiтiндiсiнiң айырмасы 3 мл болсын. Онда 100 фильтраттағы
күкiртсутек мөлшерi — (0,17) 3 = 0,51 мг болады. Ал 200 мл фильтратта, яғни 100 г
топырақта — (0,51) 2 =1,02 мг H2S болады. Сонда топырақтағы H2S концентрациясы С
(мг/кг топырақта) С = 1000 = 10,2 мг/кг топырақта Топырақтың анализiнде оның
ылғалдығын да анықтайды, себебi, анализде топырақ абсолюттi құрғақ болуы керек.
Топырақтың ылғалдығын анықтау: Кептiргiш шкафта 100-1050С температурада
кептiрiлген шыны қақпағы бар шыны стаканды (бюксты) аналитикалық 51(m1 — m0) -
100(m1 — m) таразыда 0,0001 дәлдiкке дейiн өлшейдi, оған топырақ үлгiсiн салады. Қара
шiрiгi мол топырақтар үшiн 15-20 г үлгi алынады, одан соң бюкстың қақпағын ашып, 8
|