ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
1. Түр-түсi
Консистенциясы. Тыңайтқыш — кристалл, аморфты не түйiршiктi болуы мүмкiн.
Кристаллды тыңайтқыштарға кальций цианамидiнен басқа барлық азотты және калийлi
тыңайтқыштар, аморфтыларға — барлық фосфорлы және известi тыңайтқыштар жатады.
Түсi. Тыңайтқыштардың түсi тасымалдау кезiнде не шаң әсерiнен және өндiрiс
технологиясына байланысты өзгерiске ұшырауы мүмкiн. Тазартылған тыңайтқыштардың
өздерiне тән түсi болады.
Исi. Барлық дерлiк тыңайтқыштардың тұрақсыз исi болады.
2. Тыңайтқыштардың суда ерiгiштiгi Пробиркаға 1-2 г тыңайтқыш салып, үстiне 15-20
мл дистильденген су құйып, араластырады. Суда еру дәрежелерiн салыстырады. Суда
жақсы еритiн тыңайтқыштарға барлық азотты және калийлi тыңайтқыштар жатады. Суда
ерiмейтiн немесе нашар еритiндерге — фосфорлы және известi тыңайтқыштар жатады.
3. Тыңайтқыштардың сiлтiмен реакциясы.Тыңайтқыштың ерiтiндiсiне бiрнеше тамшы 8-
10%-тiк сiлтi ерiтiндiсiн құяды. Ерiтiндiде аммиак болған жағдайда оны араластырғанда
аммиакқа тән иiс байқалады.
NH4NO4 + NaOH = NaNO4 + NH4OH
NH4OH → NH3 ↑ + H2O
4. Барий хлоридiмен реакциясы.Тыңайтқыш ерiтiндiсi құйылған пробиркаға бiрнеше
тамшы 5%-тiк барий хлоридi ерiтiндiсiн құяды. Тыңайтқыш құрамында сульфар-ион
болған жағдайда сiрке қышқылында ерiмейтiн барий сульфатының ақ тұнбасы түзiледi.
Сiрке қышқылымен тексеруге болады.
K2SO4 + BaCl2 = BaSO4↓ + KCl
5. Күмiс нитратымен реакциясы Тыңайтқыштың сулы ерiтiндiсiне 2-4 тамшы 1-2%
AgNO3 тамызып, пробирканы жақсылап араластырады. Ақ түтiн сияқты AgCl тұнбасы
түзiледi. KCl + AgNO3 = AgCl↓ + KNO3
Фосфорлы тыңайтқыштармен AgNO3 сiрке қышқылында еритiн сарғыш түстi тұнба
түзедi.
NH4H2PO4 + AgNO3 = AgH2PO4↓+ NH4NO3AgNO3 — мен реакция бұнымен бiрге
известi тыңайтқыштарды анықтауда да қолданылады. Мысалы, сөндiрiлген және
сөндiрiлмеген извеспен азот қышқыл күмiс сiрке қышқылында еритiн қоңыр түстi тұнба
түзедi. CaO + 2AgNO3 = Ca(NO3)2 + Ag2O ↓Ca(OH)2 + AgNO3 = Ca(NO3 )2 + Ag2O ↓
6. Қатты қызған көмiрмен анықтау.Көмiр кесектерiн алдымен электр плиткасында, содан
соң спиртовка жалынында қатты қыздырып, үстiне майдаланған тыңайтқыш салады.
Бұдан кейiн тыңайтқыштың жану жылдамдығын, түтiннiң пайда болуын, жалынның түсi
|