Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
мен исiн байқайды. Аммиакты тыңайтқыштарды шыққан аммиактың исiнен, нитратты
қосылыстарды от жарқылынан, ал калий тыңайтқыштарын шытырлап жануынан бiледi.
Селитралар от шашып жанады, ал олардың әрқайсысының жалынының түстерi түрлiше
болады: натрий селитрасының жалыны сары-қызғылт сары түстi, калий селитрасы-күлгiн,
аммиак селитрасы- түссiз жалынмен жанады, кейде балқып, аммиак бөледi. Фосфорлы,
известi тыңайтқыштар мен гипс отқа қыздырғанда өзгермейдi.
7. Тыңайтқыштардың қышқылмен әрекеттесуi Пробиркаға не фарфор тостағаншаға аз ғана
құрғақ тыңайтқыш салып, үстiне 2-10%-тiк тұз қышықылын не сiрке қышқылын құяды.
Егер тыңайтқыш қайнап, көмiрқышқылын бөлсе, онда оның құрамында карбонат болғаны.
CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2↑
K2CO3 + 2HCl = KCl + H2O + CO2↑
8. Тыңайтқыштардағы магнийдi анықтауКалий йодидiндегi йод арқылы анықтайды.
Магний иондары гидроксил ионымен нашар еритiн магний гидроксидiн түзедi:
Mg++ + 2OH = Mg(OH) Магний гидроксидi йодпен қызыл-қоңыр түс бередi. Құрамында
магний бар калий, известi тыңайтқыштарын анықтауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |