Бақылау сұрақтары:
1. Ядролық энергетика және технологияларға талдау жасаңыз.
2. Биотаға радиоактивтік элементтердің әсері қандай?
3. Табиғи радиоактивтілік дегеніміз не?
Дәріс 14.
Тақырыбы: Химиялық және мұнай өндіру химиясы өнеркәсіптері және қоршаған
ортаның жағдайы.1 сағ.
Мақсаты: Химиялық және мұнай өндіру химиясы өнеркәсіптері және оның қоршаған
ортаның әсерінің жағдайымен танысу.
Дәрістің жоспары:
1.Химиялық өнеркәсіптері және қоршаған ортаның жағдайы.
2.Мұнай өндіру химиясы өнеркәсіптері және қоршаған ортаның жағдайы.
Қазақстанның жер қойнауында Менделеев таблицасында келтірілген 107 элементтің 99
табылған, оның 78 зерттелген ,63 пайдалынылады.
Химия өнекәсібінде алынатын өнімдер, қолданылатын технологиялар және шикізат сан
түрлі болғандықтан, шығатын қалдықтардың түрі де, атмосфералық ауаны, су
бассейіндерін және топырақты ластаушы компоненттер де алуан түрлі және көбісі өте улы
заттар.
Бұл салада экологиялық мәселелерді шешу қиындау, өйкені қолданылатын аспаптардың
көпшілігі ескірген, олардың 60пайызына жуығы 10 жылдан артық,20 пайызы,20 жылдың
үстінде ұсталғандар.
Газды, сұйық пен қатты түрде тіршілік ортаға тасталатын негізгі заттарды атап өтсек,
бұлар көміртек, күкірт, азот оксидтері, көмірсутектер, аммиак, фенол, күкіртті сутек,
күкіртті көміртек, бензин,ауыр металдың қосылыстары.
Фосфор өндірісінің қалдықтары фосфогипіс пен галит көптеген жер көлемін алып
жатумен қатар, біраз мөлшерде топырақты ластап қышқылдандыруда.
|