1. Ноосфера ілімінің пайда болу тарихын сипаттаңыз.
Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Практикалық сабақ № 1
Тақырыбы: АТМОСФЕРАДАҒЫ ШАҢ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ
Мақсаты: Атмосфералық ауаның құрамындағы шаң мөлшерiн анықтаумен танысу.
Шаң атмосферада аэрозоль түрiнде кездеседi. Ол қатты, не сұйық күйде атмосфераның
төменгi қабаттарында, тропосфера мен стратосферада таралады. Аэрозольдардың
көпшiлiгi биосферадағы табиғи процестер нәтижесiнде түзiлсе, бiраз бөлiгi адамның
шаруашылық iс-әрекетi арқылы түзiледi. Кейбiр есептеулер бойынша Жер
атмосферасына адамның iсәрекетi нәтижесiнде түсетiн шаң мөлшерi жылына 1 млрд
тоннаға жетедi. Шаңның химиялық құрамы түрлiше болуы мүмкiн: кремний диоксидi —
құм, улы металлдар, пестицидтер, көмiрсутектер, т.б. Антропогендiк аэрозольдар жану
процесi нәтижесiнде түзiледi. Энергетика мен транспорт антропогендiк аэрозольдың 2/4
бөлiгiн түзедi, бұдан басқа металлургия, құрылыс материалдары және химия
өнеркәсiптерiнде де бiразбөлiгi түзiледi.
Аэрозольдар Жердiң клиамтын өзгертедi, адамның тынысалу органдарында жинақталып,
аса қауiптi пневмониоз ауруынтуғызады. Көп жағдайда аэрозольдар құрамында
радиоактивтi бөлшектер, вирустар, микробтар болады, қышқыл жаңбырлармен смогтар
түзедi. Атмосфералық ауадағы шаңның мөлшерiн анықтау үшiнқазiргi кезде салмақтық
әдiс —гравиометрия қолданылады. Бұл әдiс бойынша елдi мекендер мен санитарлық-
қорғаныш аймақтарындағы ауада шаңның 0,04-10 мг/м аралықтағы мөлшерiн анықтауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: