БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Жер атмосферасының химиялық құрамы қандай?
2. Адамның iс-әрекетiнiң ауа райы мен климатқа әсерi қан-
дай?
3. Атмосфераға температураның әртүрлi инверсиялары қа-
лай әсер етедi?
4. Атмосфераны ластаушы негiзгi факторлар қандай?
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 7.
Қосымша әдебиеттер: 2, 3.
Практикалық сабақ № 2
Тақырыбы: АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР САНЫН
АНЫҚТАУ
Мақсаты: Атмосфералық ауадағы микроорганизмдерді санын анықтаумен танысу.
Ауасы жиi желдетiлмейтiн тұрғын үй, қызмет орындары, мектептер, вокзалдар, т.б.
орындардың ауасында түрлi микроорганизмдер көп болады. Мысалы, мектептерде сабақ
басталғанға дейiн 1 м3ауада 2 мыңдай бактерия болса, сабақ бiткен соң олардың саны
бiрнеше ондаған мыңға жетедi. Əсiресе ауру туғызатын патогендi микроорганизмдер
тұмау, т.б. аурулардың
эпидемиясы кезiнде көп жиналады. Мұндай кезде күн сәулесi, бактерицидтiк лампалар
немесе ылғал шүберекпен сүрту арқылы бактериялардың санын бiршама азайтуға болады.
Бұнымен қатар қылқан жапырақты ағаштар бөлiп шығаратын фитонцидтер де
бактерияларды жойып жiбередi. Бұл жұмыста студенттер ауасы ластанған орындардағы
атмосфера құрамындағы микроорганизмдер санын анықтауды үйренедi және
микроорганизмдер тiршiлiгiне фитонцидтердiң әсерiн анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |