Л.Н. Гумилев атындағыЕуразияұлттықуниве рситеті Пәнніңбағдарламасы (Syllabus) Басылым: алтышы ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 1.Пәннің қысқаша сипаттамасы Пәннің мақсаты: «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасында
айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін шешу тұрғысында студенттердің әлеуметтік-
гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: 1) қоғамның және оның ішкі жүйелерін зерттеудің негізгі әлеуметтік, саяси және гуманитарлық
тұжырымдамаларын, теориялары мен тәсілдерін игеру;
2) қазіргі қоғам мен оның әлеуметтік институттары жұмысының негізгі принциптері туралы иде яларды
қалыптастыру;
3) қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін, әлеуметтік процестер мен қатынастардың мәнін сипаттау және
талдау дағдыларын дамыту;
4) студенттердің әлеуметтік ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
5) әлеуметтануды игеру барысында алған білімдерін кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын ынталандыру;
6) сыни ойлау қабілеттерін және оны іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Пәнді оқыту барысында күтілетін нәтижелер: 1) білім беру пәнін құрайтын модульдің пәндік білімдерді(тұжырымдамалар, идеялар, теориялар) түсіндіру
және интерпретациялау;
2) әлеуметтік-саяси модуль пәндерінің негізгі білім жүйелеріндегі интеграциялық процестердің өнімі
ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;
3) белгілі бір академиялық пән контекстінде және модульдік пәндердің өзара әрекеттесу процесінде ғылыми
әдістер мен зерттеу әдістерін қолдануды алгоритмдік тұрғыдан ұсыну;
4) оқылатын пәндердің ғылыми бағыттарының теориялары мен идеяларының мазмұнына сүйене отырып
әлеуметтік коммуникацияның әртүрлі салаларындағы жағдайлардың сипатын түсіндіру;
5) қазақ қоғамының әр түрлі даму кезеңдері, әлеуметтік және тұлғааралық қатынастар туралы дәйекті және
негізделген ақпараттар беру;
6) әлеуметтік институттардың ерекшеліктерін қазақстандық қоғамды модернизациялау рөліндегі контексте
талдау;
7) қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларды қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесімен әлеуметтік,
іскерлік, құқықтық және этикалық стандарттармен байланысы тұрғысынан талдау;
8) қоғамды зерттеудің әртүрлі типтерінің стратегиясын ажырата білу және нақты проблемаларды талдау
әдістемесін таңдауды негіздеу;
9) қоғамдағы қатынастардың нақты жағдайын әлеуметтік-гуманитарлық типтегі белгілі бір ғылым
тұрғысынан бағалау, ықтимал қауіптерді ескере отырып оның даму перспективаларын жобалау;
10) қоғамдағы, оның ішінде кәсіби қоғамдағы жанжалды жағдайларды шешуге арналған бағдармалар
әзірлеу;
11) коммуникацияның әртүрлі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, әлеуметтік құнды білім
алуға, оны ұсынуға;
12) әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіру және қорғау.
ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым