84
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Пайдалануға
ұсынылатын әдебиеттерді жалпы пән бойынша берілген
әдебиеттер тізімінен (7 тарау) және дәріс сабақтарына ұсынылған
әдебиеттерінен қарастыруға болады.
Тақырып № 7. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік
бақылау.
Тапсырмалар:
1. Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып, суицидтың
негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз.
2. Сараптамалық шолу. Э. Дюркгеймнің «девиация әрбір
қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі» деген тұжырымына қатысты
өз пікіріңізді білдіріңіз.
3. Г. Тардтың еліктеу теориясы мен Эдвин Г. Сазерландтың
дифференциалдық ассоциация теориясының негізгі идеяларын
түсіндіріңіз. «Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-
құлқының қалыптасуына әсер етеді» деген тұжырыммен келісесіз
бе? Әлеуметтанулық сұрау негізінде алынған келесідей
қорытындыны дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз: «Жоғары
сыныпта қатарластар ішімдік пен нашаны қолдануға әсер етеді».
(Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері,
Гидденс Э. Социология және т.б.).
Өзін-өзі бақылау материалдары: жазбаша жұмыс,
зерттеулермен жұмыс, дискуссия.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Берілген тапсырманы орындау
үшін девиация мен делинквенттілік ұғымдарын ажырату керек.
Қазақстан қоғамындағы девиантты мінез-құлықтың кең тараған
түрлерін көрсетіп, олардың көрінісін мүмкіндік болса
статистикалық мәліметтер арқылы дәлелдеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: