86
Тақырып № 10. Білім және әлеуметтік теңсіздік.
Тапсырмалар:
1. Қазақстанда тегін білім
беру қолжетімділігінің
артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау мақсатында
салыстырмалы кестені құрыңыз. Топтық жұмыс (4 адамнан көп
емес).
2. Білім адамның мәртебесін
айқындайтын басты фактор
болу себебін негізді түрде түсіндіріңіз. «Креденциализм»
түсінігіне анықтама беріңіз. Негізделген мысалдар келтіріңіз
(Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері,
Гидденс Э. Социология).
3. «Білім беру және Қазақстанның үшінші жаңғыруы»
эссе-
негіздемесін дайындаңыз.
Өзін-өзі бақылау материалдары: жазбаша жұмыс,
зерттеулермен жұмыс, дискуссия.
Әдістемелік нұсқаулықтар: ұсынылған тақырып бойынша
сұрақтарды қарастыру ерекше қиындық тудырмайды. Тақырып
ұсынылған әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде қарастырылған.
Сондықтан қазіргі замаңғы жетістіктерге баса назар аудару қажет.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Пайдалануға
ұсынылатын әдебиеттерді жалпы пән бойынша берілген
әдебиеттер тізімінен (7 тарау) және дәріс сабақтарына ұсынылған
әдебиеттерінен қарастыруға болады.
Тақырып № 11. Масс-медиа, технологиялар және қоғам.
Тапсырмалар:
1. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация,
қазіргі
заманғы ақпараттық технологиялар адамның күнделікті өміріне
қалай әсер ететіні туралы эссе жазыңыз.
2. Топтағы коммуникацияның негізгі түрлерін ашып
көрсететін схема дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С.
Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Достарыңызбен бөлісу: