Теория – 1
Мыс сымды темір төске қойып соққылағанда оның ішкі энергиясы:
Жұмыс істеу арқылы артады 2. Фотоаппараттың беретін кескіні: Шын, кішірейтілген, төңкерілген 3. Жай механизмге жататындар: Көлбеу жазықтық, жылжымайтын блок, шығыр 4. Броундық қозғалыс: Сұйықта немесе газда қалықтап жүрген қатты заттың ұсақ бөлшектерінің ретсіз қозғалысы 5. Металдардағы электр тогын тасымалдайтын бөлшектер: Электрондар 6. Электролиттерде заряд тасымалдаушылар: Оң және Теріс иондар 7. Газдарда заряд тасымалдаушылар: Электрондар мен Иондар 8. Жартылай өткізгіштерде заряд тасымалдаушылар: Электрондар мен Кемтіктер 9. Заттың қатты күйден сұйық күйге өтуі: Балқу 10.Заттың сұйық күйден қатты күйге өтуі: Кристалдану 11.Заттың қатты күйден газ күйге өтуі: Сублимация 12.Сұйықтың бетінде жүретін булану: Кебу 13.Сұйықтың барлық көлемінде жүретін булану түрі: Қайнау 14.Аморфты денелердің бөлшектері: Өте тығыз, ретсіз орналасады 15.Кристалл денелердің Аморф денелерден айырмашылығы:
• Анизатроптылығы • Кристалдық торы • Балқу температурасы 16.Абсолют температура: Дененің орташа кинетикалық энергиясына тәуелді (температура қанша есе артса,энергиясы да сол санға артады) 17.Резонанс құбылысы туралы пайымдаулардың дұрысы: Резонанс құбылысы байқалу үшін тербелістің меншікті жиілігі сыртқы күш тербеліс жиілігіне тең болуы керек 18.Механикалық индукция генераторы . . . түрлендіреді: Механикалық энергияны электр энергиясына 19.Егер көз торламаның сыртында жататын кескін берсе, онда ақау: Алыстан көргіштік және ол ақауды түзеу үшін жинағыш линза керек 20.Егер көз торламаға жетпей тұрса, онда ақау: Жақыннан көргіштік және ол ақауды түзу үшін шашыратқыш линза керек 21.Дененің инерттілігінің өлшемі: Масса 22.Денелердің қозғалу салдарынан пайда болатын энергия: Кинетиклық энергия 23.Әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия: Потенциалдық энергия 24.Дененің жұмыс істей алу қабілеттілігінің өлшемі: Энергия 25.Механиканың алтын ережесі: Күштен қанша есе ұтсақ, Орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз 26.Молекулалар мен атомдар [ МКТ – қағидасы ]:
• Барлық денені құраушы бөлшектер • Үздіксіз-ретсіз қозғалыста болады • Бір-бірімен әрекеттеседі 27.Электромагниттік индукция құбылысы: Магнит өрісі өзгергенде контурда ток пайда болуы 28.Материялық нүкте: Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денелер 29.Санақ жүйесі:
• Санақ денесі • Координата жүйесі • Сағат 30.Орын ауыстыру: Дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын кесінді 31.Механикалық қозғалыс: Дененің уақыт өтуіне қарай басқа да денелередің координатасының, жылдамдығының өзгеруі 32.Оң қол ережесі: Магнит өрісінің бағытын көрсетеді 33.Бұрғы ережесі: Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтайды 34.Магнит өрісі: Құйынды – Тұйық өріс 35.Атомның ядролық моделін ұсынды: Резерфорд 36.Ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспап: Психрометр және ( Гигрометр ) 37.Макродененің күйін сипаттайтын шамалар: Қысым, көлем, температура 38.Келесі берілген физикалық шамалардың ішінде, скаляр шамаға жататыны: Жол, уақыт, бастапқы координата, энергия, температура 39.Келесі берілген физикалық шамалардың ішінде, скаляр шамаға жататыны: Орын ауыстыру, жылдамдық, импульс, күш, қысым, салмақ, үдеу 40.Электромагниттік толқындар шкаласын, толқын ұзындығының кему ретімен орналастырыңыз: Радиотолқын→Инфрақызыл→Көрінетін жарық→Ультракүлгін→Рентген→Гамма 41.Электромагниттік толқындардың ішіндегі жиілігі ең көбі: Гамма 42.Вакуумнан ауаға өткенде: Жылдамдығы кемиді, Толқын ұзындығы кемиді, Жиілік өзгермейді 43.Судан ауаға өткенде: Жылдамдығы кемиді, Толқын ұзындығы кемиді, Жиілік өзгермейді 44.Дыбыс ауадан суға өткенде өзгермейтін шамасы: жиілік (әрқашан да өзгермей қала беретін шама) 45.Сұйықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы: Броундық қозғалыс 46.Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс: Траекториясы шеңбер, Жылдамдығы тұрақты 47.Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс: Траекториясы түзу, Жылдамдығы тұрақты 48.Түзусызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс: Траекториясы түзу, Жылдамдығы теңдей уақыт аралығында, Теңдей шамаға өзгеретін қозғалыс 49.Тангенциал үдеу (Толық үдеу): Жылдамдықтың модулі бойынша өзгерісін сипаттайды 50.Нормаль үдеу (Центрге тартқыш үдеу): Жылдамдықтың бағыты бойынша өзгеруі 51.Деформация: Сыртқы күштің әсерінен дененің пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі 52.Серпімді деформация: Денеге түсірілген күштің әсері тоқтағаннан кейін жоғалатын деформация 53.Пластикалық деформация: Денеге түсірілген күштің әсері тоқтағаннан кейін денеде сақталып қалатын деформация 54.Линза дегеніміз: Екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене Жинағыш линза – Жақыннан көргіш (+) Шашыратқыш – Алыстан көргіш (-)
55.Күш импульсінің өлшем бірлігі: Н·с және кг·м/c 56.Магнит ағынының өлшем бірлігі: Вб (Вебер) 57.Магнит ағынын анықтайтын негізгі формула: Ф = B·S·(cosα) 58.Магнит индукциясының өлшем бірлігі: Тл (Тесла) 59.Иін мен күштің әсер ету бағытының арасындағы бұрыш және өзара орналасуы: 𝛑 𝟐 ; перпендикуляр; 900 60.Клапейрон теңдеуі: 𝐩𝐕 𝐓 = 𝐜𝐨𝐧𝐬𝐭
61.Эквипотенциал бет үшін: 𝛗 = const 62.Процестер үшін термодинамиканың бірінші заңы:
• Изохоралық: V = const, A = 0, Q = ΔU • Изобаралық: p = const, Q = ΔU + A • Изотермалық: T = const, ΔU = 0, Q = A • Адиабаталық: Q = 0, A = - ΔU, ΔU = - A 63.Электр өрісінің кернеулігінің суперпозияция принципі: E = E1 + E2 + E3 . . 64.Шар ішіндегі кернеулік: E = 0 65.Электр өрісінің потенциалының суперпозияция принципі: