Жұмыс мақсаты: Ubuntu Linux операциялық жүйесімен танысу


  Зертханалық жұмысты орындау реті



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата25.12.2022
өлшемі388,11 Kb.
#59505
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
9.3 
Зертханалық жұмысты орындау реті 
 
9.3.1 Процестің идентификаторын анықтау ps идентификаторын 
анықтау командасын қолданады. Егер барлық процестердің тізімін жіберу 
керек болса, онда –e параметрі қолданылады: ps – e. 
9.3.2 Процестің орындалуын тоқтату үшін kill командасын қолданады: 
kill
. Процесс басқа да процестерді жүктей алады. Процесс пен оның 
барлық ішкі процесстерінің орындалуын аяқтау үшін kill командасының -9 
параметрі қолданылады: kill -9 

9.3.3 Графикалық бағдарламаның орындалуын тоқтату үшін xkill 
командасын қолдану керек. Оны жүктеу үшін Alt+F2 қолданылады, ашылған 
сұқбат терезеде xkill командасын енгізіп, Enter пернесін басамыз. 
9.3.4 Компьютерде орындалып жатқан процестер туралы ақпараттарды 
экранға шығару үшін top командасы қолданылады. 
9.4 Бақылау сұрақтары 
 
9.4.1 Процесс идентификаторы дегеніміз не? 
9.4.2 Процесс идентификаторы қандай команданың көмегімін
анықталады? 
9.4.3 kill және killall командаларының айырмашылығы неде?
9.4.3 Максимальды және минимальды приоритеттер нешеге тең? 
9.4.4 Жүйенің жұмыс уақыты қалай анықталады? 
9.4.5 Тапсырмалар туралы ақпараттарды қалай алуға болады? 
9.4.6 Top командасы қандай қызмет атқарады? 
 
 
10 Зертханалық жұмыс
 
№ 10. Жүйе туралы ақпараттар 
 
Жұмыстың мақсаты: жүйе туралы ақпараттармен жұмыс жасау. 
10.2 Жұмыстың тапсырмасы 
 
1) Жүйелік мониторды пайдаланып жүйе туралы ақпарат алу. 
2) Жады картасын және ашылған файлдарды тексеру. 


32 
3) Мәтіндік утилиттермен жұмыс жасау. 
4) Жедел жады туралы ақпараттарды қарастыру. 
10.3 Теориялық мәліметтер 
 
Linux операциялық жүйесінде жүйе туралы ақпарат алу үшін жүйелік 
монитор қолданылады. Жүйелік монитор – Жүйе – Администрациялау – 
Жүйелік монитор командасының көмегімен жүктеледі. Жүйелік монитор 
мынадай бөліктерден тұрады: 

жүйе; 

процесстер; 

ресурстар; 

файлдық жүйелер. 
Жүйе қосымшасы жүйе туралы ақпараттарды қамтиды. Процесстер 
қосымшасында процесстердің атауы, жағдайы, орындалу пайызы, приоритеті, 
ID, жады көлемі көрсетіледі. Процестің орындалуын аяқтау үшін «Процессті 
аяқтау» пернесін басу жеткілікті. Егер процесстің жады картасын көру қажет 
болса, онда оны ерекшелеп алып, Ctrl+M басылады. Егер қай файлдар 
процесстер ашқанын анықтау қажет болса, онда Ctrl+F қолданылады. Жүйе 
қосымшасы процессорды, жадыны пайдаланғаны және желі туралы 
ақпараттар береді. Файлдық жүйелер қосымшасы қай файлдық жүйелер 
қолданылатындығын, дискідегі бос орындар туралы мәліметтерді береді.
Linux операциялық жүйесінде мәтіндік утилиттерді қолдануға болады, 
яғни терминалмен жүктеу мүмкіндігі бар. Arch және uname утилиттерін 
қарастырайық. Arch утилиті жүйе архитектурасын, uname утилиті 
дистрибутив атын көрсетеді: 
den@den-desktop:~$ arch i686 den@den-desktop: ~$ uname Linux 
den@den-desktop:~$ 
hostname утилиті компьютер атын экранға шығарады: 
den@den-desktop:~$ hostname den-desktop 
uptime командасы ағымдағы уақыт, жүйе уақыты, тіркелген 
пайдаланушылар, соңғы 1, 5 және 15 минут кезіндегі жүйе жүктелуі туралы 
жалпы ақпаратты шығарады: 
den@den-desktop:~$ uptime 
Жедел жадыны пайдалану туралы мәліметтер free командасының 
көмегімен алынады: 
den@den-desktop:~$ uptime. 


33 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет