1.2 Пәннің оқыту міндеті: Білу денгейінде: Қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерді, жеттік білуі қажет;
Үйрену денгейінде:Әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдай алуы қажет;
Танысу денгейінде:Тұлға жөнінде, әлеуметтенудің формаларын, бағыттары мен ерекшеліктерін, әлеуметтік жүріс – тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формаларын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден ғылыми хабары болуы тиіс.
1.3.Пәннің оқу процесіндегі алатын орны:«Әлеуметтану» пәні базалық пән ретінде оқытылады.
Пререквизиттер: Мектеп курсы «Адам және қоғам»; Мектеп курсы «Қазақстан тарихы»
Постреквизиттер:Философия
Күтілетін нәтиже:
Қоғам өмірінідегі әлеуметтік институттардың дамуы мен қалыптасуы және оның заңдылықтары жөнінде қоғамдық жүйе қатынастары туралы түсініктің болуы
Бұл курсты меңгеру студенттерденбіліктіліктіңкелесі түрлерін талап етеді.
Білу:
Әлеуметтанулық ғылым мен білімнің теориялық және қолданбалы негіздерін және қалыптасу заңдылықтарын;
Негізгі әлеуметтанулық ұғымдарды;
Классикалық және қазіргі әлеуметтанулық теорияларды;
Әлеуметтану саласындағы негізгі бағыттар мен қазіргі зерттеулердің нәтижелерін;
Мүмкіндігі:
Қоғамда болып жатқан процестер мен құбылыстарды өз бетінше талдай білу;
Ауызша және жазбаша түрде өзінің ойын дұрыс негіздей отырып қалыптасыра білу;
Білімін нақты ситуацияда қолдана білу;
Кәсіби міндеттерді шешуге альтернативті, жаңа және инновациялық әлеуметтанулық тәсілдерді қолдана білу;
Меңгеру:
Қазіргі қоғамның мәселелерін жобалауда және болжауда, талдауда тұтастық тұрғыдан келу дағдыларын;
Әлеуметтанулық ақпараттардың қол жетімді негіздерін, ақпараттарды талдауды және толықтыруды;
Төзімділікке және құрметтеуге негізделген тұлғааралық және мәдениаралық байланыстар дағдыларын;
Әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістемесін;
Ақпараттарды сынамалы тұрғыдан қабылдау қабілетін («сынамалы ойлау»);
Көпшілік алдында сөз сөйлеу, өз ойын негіздеу, пікірталас және ғылыми сайыс жүргізу дағдысын.