Жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)


Әріптік жүйе бойынша баға



бет15/16
Дата02.10.2022
өлшемі65,54 Kb.
#41091
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Силлабус Әлеуметтану

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мөлшерде

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B +

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

B -

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

C -

1,67

60-64

D +

1,33

55-59

D

1,0

50-54



0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-49

Пән бойынша қорытынды бағалаудың есебі
Пән бойынша қорытынды баға төмендегі формула негізінде есептелінеді:
ИО=Ри.0,6+Э.0,4
Р 1-бірінші рейтингтің сандық эквиваленті-60 балл-4,0
Р 2-екінші рейтингтің сандық эквиваленті-60 балл-4,0
Э-емтихандағы эквивалент-4,0
10. Курстың саясаты мен рәсімдерін оқытушының талаптары анықтайды

  • студенттердің сабаққа қатысуы(кешігу, сабақты босату);

  • студенттердің сабақ барысында өзін өзі ұстай білуі, мінез құлық ережелері;

  • 1,2 және қорытынды аралық бақылаудың қорытындысын шығару кезінде баллдарды есептеу ережесі.

Рейтинг есебі





Жұмыс түрлері

Балалардың саны

1

1

Аралық бақылау
ОЖСӨЖ және СӨЖ
Рубеждік бақылау

60% (пәннің көлемі мен ерекшеліктеріне байланысты бөлінеді)

2

2

Емтихан

40%

3

3

Қорытынды

100%


Әріппен бағалау

Сандық Эквивалент
пен бағалау

Пайызбен бағалау

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

Бағалау критериилері

A

4,0

95-100

Өте жақсы

«Әлеуметтану» пәні бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді жан-жақты, жүйелі және терең меңгеріп, жақсы нәтиже көрсеткен, Әлеуметтану пәні бойынша алған білімдерін іс - тәжірибеде қолдана алатын, әлуметтану пәнінің әдістемесі мен теориясын меңгерген, оқу бағдарламасында ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгерген, оқу бағдарламалық материалын түсіну мен ұғынуда шығармашылық қабілеттерін көрсеткен, жауаптарында пайдаланылған терминдердің нақтылығымен ерекшеленеді, қаралатын мәселені толық түсінетіндігін, материалды дәйекті түрде ұсынған студент лайықты

A-

3,67

90-94

«Әлеуметтану» пәні бойынша алған білімдерін нақты және негізгі ұғымдарға жан-жақты талдау жасап, жүйелі және терең білімді көрсеткен, әлеуметтану мазмұнына түсініктеме жасау негізінде алған білімдерін іс - тәжірибеде қолдана алатын, әлеуметтану пәнін толық меңгерген, оқу бағдарламасымен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгерген, жауапта қолданылған терминдердің дәлдігімен ерекшеленеді, материалды дәйекті және қисынды түрде баяндай алған, бірақ оқу бағдарламалық материалын түсіну мен ұсынуда шығармашылық қабілеттерін жеткіліксіз дәрежеде көрсете аалған студент лайықты

B+

3,33

85-89

Жақсы

«Әлеуметтану» пәні бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді жан-жақты, жүйелі меңгеріп, терең білімді көрсеткен, әлеуметтану пәні бойынша алған білімдерін іс - тәжірибеде қолдана алатын, бірақ әлеуметтанулық әдістерін жіктеу толық игерілмеген, негізгі және қосымша әдебиеттерді меңгерген, оқу бағдарламасы ұсынған жауаптарда пайдаланылатын терминдерде елеусіз кемшіліктер кездесетін студенттер лайық

B

3,0

80-84

«Әлеуметтану» пәні бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді жан-жақты, жүйелі меңгеріп, терең білімді көрсеткен, әлеуметтану пәні бойынша алған білімдерін іс - тәжірибеде қолдана алатын, бірақ қоғамның әлеуметтік инститттурының ерекшеліктері мен мазмұнына түсініктеме жасауда
алған білімдерін толық меңгере алмаған, бағдарлама ұсынған негізгі әдебиетті меңгерген, пән бойынша білім беру бағдарламасын одан әрі меңгеру үшін жеткілікті жүйелі білім сипатын көрсеткен студент лайық, бірақ жауаптарда пайдаланылатын терминдердің елеусіз дәлсіздігіне жол беріледі, материалды мазмұндауда аздаған бұзушылықтар орын алады.

B-

2,67

75-79

Әлеуметтану пәнінің қазіргі ғылыми-теориялық негізін, шетелдік және отандық зерттеулер мазмұнын игерген, жауаптарда қолданылатын терминдердің болмашы дәл еместігіне жол беріледі, теориялық білімді қолдану реттілігінде нақытылықтың болмауы орын алады, теориялық материалды жалпылау кезінде аздап қиындықтар туындайды.

C+

2,33

70-74

Әлеуметтану пәнінің негізгі ұымдары мен категориялары бойынша жан-жақты, жүйелі білім алған білім алушы лайық, әлеуметтану пәнінің қоғамдағы орнын, оның зерттеу объектілерін және ғылым ретіндегі орнын білімін толық емес дәрежеде көрсетеді, семинарларға дайындалу барысында қолда бар ғылыми әдебиетке өз бетінше сын көзбен талдау жасай білу бойынша толық дәрежеде қолдана алмайтын, оқу бағдарламасы ұсынған негізгі және қосымша әдебиеттерді толық игермеген, материалды баяндау реттілігінде шағын бұзушылықтар орын алады, теориялық материалды жалпылау кезінде ғана емес, сонымен қатар тұжырымдарды талдау кезінде де аз қиындықтар туындайды.

C

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

Әлеуметтану пәнін оқудың теориялық, нақты тарихи, ғылыми ерекшеліктерін білуде жан-жақты, жүйелі білім алған білім алушы лайық, қоғам, стратификация мәселелеріне байланысты білімді толық емес дәрежеде көрсетеді, семинарларға дайындалу барысында әлеуметтану пәніне қатысты нақты білімі бар, бірақ бағдарлама ұсынған негізгі әдебиетті толық игермеген, жеке ұғымдарды білмейді, дәлелсіздікке жол береді, дұрыс тұжырымдарды жеткіліксіз береді, бағдарламалық материалды баяндаудағы бірізділікті бұзады және логикалық негізделген қорытындыларды тұжырымдай алмайды.

C-

1,67

60-64

Әлеуметтанулық терминдерді қолдануда нақты білімін көрсете алмаған жағдайда, әдістерді қолдану аймақтарын дұрыс көрсете алмаған білім алушыға лайық оқу бағдарламасы ұсынған негізгі әдебиеттерді толық көлемде игермеген, жеке бөлшектерін білмейді, дәлелсіздіктерге жол береді, дұрыс тұжырымын бермейді, бағдарламалық материалды баяндаудағы бірізділікті бұзады.

D+

1,33

55-59

Әлеуметтану пәнін оқудың теориялық, нақты тарихи, ғылыми ерекшеліктерін білуде жан-жақты, жүйелі білім алған білім алушы лайық, бірақ теориялық негіздерін игермеген, жекеленген мәліметтерді білмейді, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негіздерін игере алмаған жағдайда білім алушыға лайық

D-

1,0

50-54

Әлеуметтану пәнін оқудың теориялық, нақты тарихи, ғылыми ерекшеліктерін білуде жан-жақты, жүйелі білім алған білім алушы лайық, бірақ курс бойынша білімді толық емес деңгейде көрсетеді және алған білімдерін практикада қолдана алмайды, оқу бағдарламасы ұсынған негізгі әдебиеттерді толық көлемде игермеген бағдарламалық материалдың дағдыларын игермеген, оқу бағдарламасы ұсынған негізгі әдебиеттерді толық көлемде игермеген, зерттеу әдістері мен сапаларын сипаттауда қиындық көретін білім алушыға лайық.

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

Әлеуметтану пәнін оқудың теориялық, нақты тарихи, ғылыми ерекшеліктерін, негізгі түсініктер бойынша жүйесіз білімді көрсеткен білім алушы лайық және алған білімдерін іс жүзінде қолдана алмайды, бағдарламада көзделген тапсырмаларды орындауда қателіктер жіберген, жауап беру кезінде бағдарламалық материалдардада елеулі қателіктер жібереді

F

0

0-24

Білім жетіспеушілігін көрсеткен және алған білімдерін тәжірибеде қолдана алмайтын, бағдарламада көзделген тапсырмаларды орындауда қателіктерге жол берген, қосымша пән бойынша қосымша сабақтарсыз оқуды жалғастыра алмайтын немесе кәсіби қызметке кірісе алмайтын білім алушы лайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет