Жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus)



бет2/16
Дата02.10.2022
өлшемі65,54 Kb.
#41091
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Силлабус Әлеуметтану

1.2 Пәннің оқыту міндеті:
Білу денгейінде: Қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерді, жеттік білуі қажет;
Үйрену денгейінде:Әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдай алуы қажет;
Танысу денгейінде:Тұлға жөнінде, әлеуметтенудің формаларын, бағыттары мен ерекшеліктерін, әлеуметтік жүріс – тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формаларын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден ғылыми хабары болуы тиіс.
1.3.Пәннің оқу процесіндегі алатын орны: «Әлеуметтану» пәні базалық пән ретінде оқытылады.
Пререквизиттер: Мектеп курсы «Адам және қоғам»; Мектеп курсы «Қазақстан тарихы»
Постреквизиттер: Философия
Күтілетін нәтиже:
Қоғам өмірінідегі әлеуметтік институттардың дамуы мен қалыптасуы және оның заңдылықтары жөнінде қоғамдық жүйе қатынастары туралы түсініктің болуы
Бұл курсты меңгеру студенттерденбіліктіліктіңкелесі түрлерін талап етеді.
Білу:

  • Әлеуметтанулық ғылым мен білімнің теориялық және қолданбалы негіздерін және қалыптасу заңдылықтарын;

  • Негізгі әлеуметтанулық ұғымдарды;

  • Классикалық және қазіргі әлеуметтанулық теорияларды;

  • Әлеуметтану саласындағы негізгі бағыттар мен қазіргі зерттеулердің нәтижелерін;

Мүмкіндігі:

  • Қоғамда болып жатқан процестер мен құбылыстарды өз бетінше талдай білу;

  • Ауызша және жазбаша түрде өзінің ойын дұрыс негіздей отырып қалыптасыра білу;

  • Білімін нақты ситуацияда қолдана білу;

  • Кәсіби міндеттерді шешуге альтернативті, жаңа және инновациялық әлеуметтанулық тәсілдерді қолдана білу;

Меңгеру:

  • Қазіргі қоғамның мәселелерін жобалауда және болжауда, талдауда тұтастық тұрғыдан келу дағдыларын;

  • Әлеуметтанулық ақпараттардың қол жетімді негіздерін, ақпараттарды талдауды және толықтыруды;

  • Төзімділікке және құрметтеуге негізделген тұлғааралық және мәдениаралық байланыстар дағдыларын;

  • Әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістемесін;

  • Ақпараттарды сынамалы тұрғыдан қабылдау қабілетін («сынамалы ойлау»);

  • Көпшілік алдында сөз сөйлеу, өз ойын негіздеу, пікірталас және ғылыми сайыс жүргізу дағдысын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет