Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы



бет3/12
Дата21.04.2023
өлшемі346 Kb.
#85119
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4 Пәннің мазмұны


4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/с

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1

Орта ғасырлар тарихының деректері (IҮ- ХҮII ғасырлар)

1,5

0,5

-

-

-

4

2

Ерте орта ғасырлар. Антика мен орта ғасырлардың түйісіндегі Европа (IҮ ғасырлардың аяғы- ХI ғасырдың ортасы). Рим империясындағы дағдарыс.

1,5

0,5

-

-

-

4

3

Франк державасындағы феодализмнің дамуы.Меровингтер патшалығы.

1,5

0,5

-

-

-

4

4

ІҮ-ҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы Византия (Шығыс Рим империясы).

1,5

0,5

-

-

-

4

5

Ерте орта ғасырлардың соңындағы Батыс Европа. ҮІІІ-Х ғасырдағы Италия. ІХ-ХІ ғасырлардың басындағы Германия. Шығыс Франк патшалығы.

1,5

0,5

-

-

-

4

6

ХІ ғасырдың ортасына дейінгі Англия. ҮІІІ-ХІ ғасырдың ортасындағы Испания. Испанияны мұсылмандардың жаулап алуы

1,5

0,5

-

-

-

4

7

Ежелгі дәуірдегі шығыс славяндар. Киев Русінің қалыптасуы.

1,5

0,5

-

-

-

4

8

Дамыған орта ғасырлар. Крест жорықтары. Крест жорықтары дәуріндегі Батыс пен Шығыс.

1,5

0,5

-

-

-

4

9

ХІ-ХҮ ғасырлардағы Франция және Англия

1,5

0,5

-

-

-

4

10

ХІҮ-ХҮ ғасырдағы Германия. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Италия.

1,5

0,5

-

-

-

4

11

Кейінгі орта ғасырлар. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы Германия. Реформация және Ұлы Шаруалар соғысы дәуірі. Швейцариядағы Реформация. Европадағы контрреформация.

1,5

1

-

-

-

5

12

ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы Италия, Франция және Англия

1,5

1

-

-

-

5

13

ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс.

1,5

1

-

-

-

5

14

Х-ХҮ ғғ. Қытай және Жапония

1,5

1

-

-

-

5

15

Дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі Азиядағы және Солтүстік Африкадағы араб мемлекеттері.

1,5

1

-

-

-

5

16

Х-ХҮ ғғ. Иран және ортағасырлық Түркия мемлекеті

1,5

1

-

-

-

5

17

Кейінгі ортағасырларда Қытайдағы әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі және ХҮІІ ғ.шаруалар көтерілісі. Жапонияның бірігіуі.

1,5

1

-

-

-

5

18

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Иран, Туркия және араб елдері

1,5

1

-

-

-

5

19

ХҮІ-ХҮІІ ғғ.бірінші жартысындағы Индия

1,5

1

-

-

-

5

20

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Тропикалық және Оңтүстік Африка.

1,5

1

-

-

-

5

БАРЛЫҒЫ :

30

15

-

-

-

90



4.2. Дәрістер мазмұны
Тақырып 1. Орта ғасырлар тарихының деректері (IҮ- ХҮII ғасырлар)
Ортағасырлық деректерді жіктеу (табиғи-географиялық, этнографиялық, заттық, сурет-бейнелеу, жазба). Орта ғасырлық жазба деректер: нерративті (баяндаушы, құжаттық, заңдық) Ерте орта ғасырлар тарихының маңызды деректері (IҮ ғасырдың аяғы – ХI ғасырдың ортасы). Феодалдық қатынастардың гулденген кезеңінің деректері (ХI ғасырдың ортасы - ХҮ ғасырдың аяғы). Кейінгі орта ғасырлар тарихының негізгі деректкрі (ХҮI- ХҮII ғасырлар). Ерте орта ғасырлардағы Қытай жылнамалары. «Хан кітабы». Зороастризмнің қасиетті кітабы – «Авеста». Сасандық тос кітабы. Қасиетті құран кәрім. «Артхашастра» - үндістандық саясат туралы трактат. Дамыған феодализм кезіндегі маңызды деректер. Араб географтары мен саяхатшыларының еңбектері. Жер бөлу жөніндегі құжаттар. Жеке меншіктік және құқық туралы заңдар. «Монғолдың құпия шежіресі», «Ұлы Ясса». Кейінгі орта ғасырлардағы (ХҮI- ХҮII ғғ.) деректер. Заңдар жинақтары мен тарихи жылнамалар. Сауда-саттық, айырбас, алым-салық, жөніндегі құжаттар.

Тақырып 2. Ерте орта ғасырлар. Антика мен орта ғасырлардың түйісіндегі Европа (IҮ ғасырлардың аяғы- ХI ғасырдың ортасы). Рим империясындағы дағдарыс.


Колонат эволюциясы. Эмфитевсис. Прекрарий. Патронат және коммендация. III-Ү ғасырлардағы экономикалық құдырау. III-Ү ғасырлардың аяғындағы Рим империясының қоғамдық және мемлекеттік құрылымы.
Европа феодализмі кейінгі антикалық қоғамдық қатынастармен герман, кельт, славян және орталық, солтүстік, Шығыс европаның өзге халықтарының рулық-тайпалық «варварлық» қоғамымен синтезі ретінде.
Халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуірінің басталуына дейінгі ежелгі германдықтардың қоғамдық құрылысы. Герман тайпалатының қоныстану территориясы. Аграрлық қатынастар. Г.Л.Маурердің марка иеориясы, классикалық вотчина теориясының авторларының еңбегі және страсбург мектебінің тарихшыларының еңбектері бойынша германдықтардың шаруашылығы мен аграрлық құрылымы, әлеуметтік құрылым. Ежелгі германдықтардың саяси құрылымы. Германдықтардың рухани мәдениеті. Шет елдік және Қазақстандық тарихнамадағы (ХҮIII- ХХ ғасырлардағы) ежелгі германдықтар тарихының мәселелері.
Батыс Рим империясының құлауы және вараврлық патшалықтардың пайда болуы. Халықтардың Ұлы қоныс аударуының себептері. Герман тайпаларының көшіп-қону жағдайлары. Империя құлағаннан кейінгі варварлық патшалықтар.
Европадағы халықтардың ұлы қоныс аударуы дәуіріндегі ғұндар. Солтүстік Кавказдағы аландары ғұндардың басып алуы. Боспор патшалығын талқандау. Оңтүстік-шығыс Еврпадағы «Ғұн» атаулы тайпалардың жазба деректерде аталуы. IҮ- Ү ғасырлардағы европадағы ғұндардың шаруашылық өмірі. Аттила және оның уақыты. Византия территориясына басқыншылық жорықтар.Жеңіске жеткен ұрыстар орындарғұндар Ғұндар және Батыс Рим империясы. Галлиядағы Каталаун даласындағы шайқасы. «Халықтардың ұрысы» туралы тарихы мәліметтер.Шампаниядағы Труа маңындағы ұрыс нәтижелерінің қазіргі бағасы.Аттиланың италияға жорығы. Аттила өлімі. Ғұн билеушісінің бейнесі. Ғұн империясының ыдырауы. Орта ғасырлық өркениет пен Европа тарихындағы ғұндардың орны.
Тақырып 3. Франк державасындағы феодализмнің дамуы.Меровингтер патшалығы.
«Салий заңдары» - франктердің қоғамдық құрылысын зерттеу үшін маңызды дерек. Меровингтік кезеңдегі франк қоғамындағы әлеуметтік жіктеліс. Франк патшалығы және оның территориялық өсуі. Орталық және жергілікті басқару. Хлодвигтің мұрагерлері тұсындағы мемлекеттің ыдырауы. Австразия майордомдарының елді біріктіруі. Каролингтердің франктік державасы. Карл Мартелл саясаты. Франктердің арабтармен күресі. Карл Мартеллдің бенефициялық реформасы, оның әлеуметтік алғышарттары мен нәтижелері. Ұлы Карл империясының негізінің қалануы, оның халықаралық және ішкі жағдайлары. Ұлы Карлдың жеке тұлғасы.
Тақырып 4. ІҮ-ҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы Византия (Шығыс Рим империясы).
Византия империясының қалыптасуы, оның территориясы, тұрғындарының этникалық құрамы. І Юстинианның патшалық құруы. Еуропамен салыстырғандағы Византиядағы феодалдану процесінің ерекшелігі. ҮІ ғасырдың бірінші жартысы мен ҮІІ ғасырдың екінші жартысындағы Византия империясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет