Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Тақырып 5 Ерте орта ғасырлардың соңындағы Батыс Европа. ҮІІІ-Х ғасырдағы Италия. ІХ-ХІ ғасырлардың басындағы Германия. Шығыс Франк патшалығы



бет4/12
Дата21.04.2023
өлшемі346 Kb.
#85119
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тақырып 5 Ерте орта ғасырлардың соңындағы Батыс Европа. ҮІІІ-Х ғасырдағы Италия. ІХ-ХІ ғасырлардың басындағы Германия. Шығыс Франк патшалығы.
ІХ-ХІ ғасырлардағы Батыс Европа елдерінде феодалдық құрылымының бекінуі. Саяси бытырыаңқылық және алғашқы Капетингтер тұсындағы король билігі. Франциядағы негізгі феодалдық иеліктер. Иль –де-Франс.
Лангобард. Патшалығын франктердің жаулап алуы. Италияның саяси бфтфраңқылығы. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Қалалардың өсуі. Антикалық қаладан ортағасырлық қалаға өту континуитеті. Жаңа қала тұрақтарының пайда болуы.
Феодалдық институттардың қалыптасу процесстерінің ерекшеліктері. Италияға жорықтар. Және Оттон І-нің Римде тәж киюі. Империялық шіркеу. Оттондардың «Римдік империясы». Саксон династиясынан шыққан билеушілердің шығыстағы көршілермен қарым-қатынасы. «Оттондық өркендеу».
Тақырып 6 ХІ ғасырдың ортасына дейінгі Англия. ҮІІІ-ХІ ғасырдың ортасындағы Испания. Испанияны мұсылмандардың жаулап алуы
Британиядағы англосаксон патшалықтары және феодалдану процестерінің ерекшеліктері. Англосаксон мемлекттерінің эволюциясы. Жергілікті басқару ұйымдары. ІХ-ХІ ғасырлардың бірінші жартысындағы феодалдану процесінің жылдамдауы. Англосакстердің христиандануы. Даттармен күрес.
Мұсылмандық Испания Дамасск халифатының құрамында. Ал-Андалус. Кордова. Толедо. Севиль. Валенсий. Сарагосс тайфтері. Экономикалық даму және әлеуметтік құрылым. Мұсылмандық Испанияның қалалық өркениеті. Араб мәдениетінің еворопа мәдениетімен ғылымына әсері. Христиандық испан мемлекеттерінің пайда болуы және Реконкистаның басталуы. Реконкистаның хронологиясы және Испан тарихының әртүрлі сатыларындағыерекшеліктері.
Тақырып 7 Ежелгі дәуірдегі шығыс славяндар. Киев Русінің қалыптасуы.
Шығыс славяндардың этногенезінің ерекшеліктері. Протославяндық мәдениеттер. Экономикасы және әлеуметтік құрылымы. Көршілермен қарым-қатынасы. Киев пен Новгородтың қалыптасу тарихы және Днепр маңындағы саудадағы орны. Варяг мәселесі.
Славян тайпаларының одақтарының қалыптасуы. Олег пен Игорьдің Констонтинопольға жорығы. Ольганың билік құруы. Христиандық ілімнің ене бастауы. Святославтың әскери жорықтары. Көшпенділермен күрес. Шығыс славяндардың саяси және мәдени өміріне христиан дінінің әсері. Экономикалық дамуы. Владимирдің ұлдарының арасындағы күрес. Ярослав Мудрыйдың билік құруы. «Орыс Правдасы». Владимир Мономахтың билік құруы. «Мономах Ережесі». «Жылнамалар Жинағы».
Тақырып 8 Дамыған орта ғасырлар. Крест жорықтары. Крест жорықтары дәуріндегі Батыс пен Шығыс.
Ортағасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы. Ерте ғасырлардағы қала өмірі. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығуы. Ортағасырлық қалалардың арнайы қолөнерінің қалыптасуының әлеуметтік және саяси алғышарттары. Ортағасырлық қалалардың феодалдану процесінің құрамды бөлігі ретінде қалыптасуы.
Крест жорықтарының алғышарттары мен сипаты. Клемор соборы. Петр Пустынник. Қайыршылар жорығы. Бірінші крест жорығы. Шығыстағы крестшілердің мемлекеті. «Иерусалим ассиздері». Діни-семсерлік ордендер. Крестшілердің мемлекеттерінің тұрақсыздығы. Екінші рет крест жорықтарының салдарлары.
Тақырып 9 ХІ-ХҮ ғасырлардағы Франция және Англия
ХІ- ХІІІ ғасырлардағы саяси бытыраңқылық. Орталықтандыру процесінің факторлары. Альбигой соғыстары және Лангедоктың қосылуы. ХІІІ ғ. Мемлекттік басқару. Людовик ІХ реформалары. Жүз жылдық соғыстың себептері мен басталуы. Э. Марсельдің басқаруымен болған париждегі көтеріліс.
Норман жаулап алушылығы және оның Англиядағы феодализмнің дамуына әсері. «Қорқынышты сот кітабы». ХІІ ғ. Ортасындағы феодалдық қырқысулар. Плантаганет әулетінің басы және олардың ХІІғ мен ХІІІ ғ басындағы англо-француздық державасы. Ирландияны жаулап алу. Генрих ІІІ. Барон соғысы. «Оксфордық провизиялар». «Вестминистрлік провизиялар». Тюдорлар әулетінің басы. Ағылшын халқының қалыптасу процесінің аяқталуы және ағылшын ұлтының пайда болуының алғышарттары.
Тақырып 10 ХІҮ-ХҮ ғасырдағы Германия. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Италия.
Ворм конкордаты және дағдарыстың нәтижелері. Штауфендер. Тұсындағы империя. Итальяндық саясат. Фридрих ІІ. Қасиетті Рим империясы.Швейцариялық одақтың құрылуы және дамуы. Германияның саяси дамуы. Императорлар мен аймақтық князьдар. Неміс халқының қалыптасуы.
Италияның әр аудандарының дамуының бір деңгейде болмауы. Қала коммуналары және олардың біртіндеп қала мемлекеттерге айналуы. Тукиндер қозғалысы. Цехтық құрылымның ыдырауы және мануфактураның тууы. Тарихнамадағы Италиядағы ерте капиталистік қатынастар мәселесі.
Тақырып 11 Кейінгі орта ғасырлар. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы Германия. Реформация және Ұлы Шаруалар соғысы дәуірі. Швейцариядағы Реформация. Европадағы контрреформация.
Алғашқы қорлану процесі, елдің өзіндік ерекшелігі. Капиталистік мануфактура. Ауфыл шаруашылығында капитализмнің дамуы. Ұлттың пайда болуы. Европадағы алғашқы буржуазиялық революциялардың көрінісі.
Германияның экономикалық және саяси дамуының ерекше жағдайлары. Реформация қарсаңындағы Германиядағы католик шіркеуі. Неміс гуманизмі және өзіндік ерекшеліктері. Томас Мюнцер.Шаруалар соғысының басталуы. Гейльброн жоспары.Германиядағы Реформация мен шаруалар соғысының тарихи маңызы.
ХҮІ ғ. Швейцария одағы. Ульрия Цвингли және оның ілімі. Цюрихтегі Цвингли реформациясы. Цюрихтегі реформацияның аяқталуы және қорытындылары.Кальвиндік реформация алдындағы Женева. Кальвиндік ілім және шіркеу. Швейцария реформациясының тағдыры мен тарихи маңызы. Европадағы контрреформация, оның алғышарттары. Иезуиттер ордені. Игнатий Лойола. Тридент соборы. Контрреформация нәтижелері.
Тақырып 12 ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы Италия, Франция және Англия
Итальян соғыстары. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы Италияның саяси картасы. Италиядағы реформация және контрреформация. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы Италияның мәдениеті.
Ағылшын абсолютизмі және оның ерекшеліктері. Англиядағы реформация. Англикан шіркеуінің сипаттамасы. Тюдорлардың ішкі саясаты. Отарлық экспансия.
ХҮІ ғ. Экономиканың дамуы. Абсолютизмнің қалыптасуы. Галликан шіркеуі. Реформация. Реформациядағы буржуазиялық бағыт. Дворяндық бағыт. Азамат соғыстар. Католиктік және Париждік лигалар. Нант эдикті. Генрих ІҮ оның ішкі және сыртқы саясаты. Бірінші министр кадинал Рищелье. ХҮІ ғ. Францияның мәдениеті.
Тақырып 13 ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс.
ХҮІ ғасырдағы халықаралық қатынастар. Сипаты. Дипломатиялық қызметтің рәсімденуі. Халықаралық қайшылықтардың ошақтары. Отызжылдық соғыстың төрт кезеңі және олардың сипаттамалары. Вестфаль бітімі. ХҮІ-ХҮІІ ғ. Бірінші жартысындағы батыс.
Тақырып 14 Х-ХҮ ғғ. Қытай және Жапония
«Бес әулет пен он патшалық дәуірі». Солтүстіктегі билік үшін күрес. Цзедущилер билігі. Сун әулетінің билікке келуі, оның елде саяси тұрақтылық орнату жолындағы шаралар. Әкімшілік басқару жүйесіндегі және әскери ұйымдағы орталықтандыру. Саяси күрестің шиеленісуі. Және реформаторлық қозғалыстың өріс алуы. Сун империясының сыртқы жағдайы. Чжу Юань-Чжаннің көтерілісі және Минь мемлекетінің құрылуы. Кітап басу ісінің жетілуі. Ғылымның дамуы. Тарихнаманың одан әрі дамытылуы. Поэзияның, сәулет және мүсін өнерінің дамуы.
Дамыған феодализм кезіндегі аграрлық қатынастар. ХІІІ-ХҮ ғғ. Феодалдық жер иеленушілік пен алым-салық түрлері. Сегунаттың орнауы. Рицуре заңдары, куродокоро. Құқықтық мемлекет және «императорлық» мемлекет. Инспекторлар институты. Жапониядағы қолөнері мен сауданың дамуы. ІХ-ХІҮ ғ. Жапно мәдениеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет