A) 44; 48; B) 42; 46; C) 43; 47; D) 41; 42; E) 45; 46.
23. Бір кооператив өз жерінен 1500 ц, ал екінші кооператив одан 20 га кем жерден 1600 ц бидай жинады. Екінші кооператив біріншісіне қарағанда әр гектардан 5 ц көп бидай жинаған болса, онда бірінші кооператив әр гектардан қанша бидай жинады?
A) 11 ц; B) 12 ц; C) 13 ц; D) 14 ц; E) 15 ц.
24. Екі экскватор жер қазу жұмысын бір мезгілде бастап, оны 4 сағатта бітірді. Бірінші экскватор жеке өзі бұл жұмысты екіншісіне қарағанда 6 сағат кеш анықтайды. Осы жұмысты бітіру үшін әр экскваторға қанша уақыт қажет болады?
A) 4 сағ; 10 сағ; B) 5 сағ; 11 сағ; C) 6 сағ; 12 сағ; D) 7 сағ; 13 сағ;
E) 8 сағ; 14 сағ.
25. Екі трактор жерді 6 сағатта жыртады. Бір трактор сол жерді жеке жыртса, жүмысты екіншісінен 5 сағат бұрын бітіреді. Әр трактор жеке жұмыс істеген жағдайда, жерді неше сағатта жыртып бітірер еді?
A) 8 сағ; 13 сағ; B) 5 сағ; 10 сағ; C) 10 сағ; 15 сағ; D) 11 сағ; 6 сағ;
E) 15 сағ; 20 сағ.
26. Егер екі кранның біреуі екіншісінен 3 есе жылдам ағып бассейнді 9 сағатта толтырса, онда жылдам ағатын кран жалғыз өзі осы бассейнді қанша уақытта толтырады?
A) 30 сағ; B) 32 сағ; C) 34 сағ; D) 36 сағ; E) 38 сағ.
27. Егер оқушыларды партаға 2-ден отырғызса, онда 6 оқушыға орын жетпей қалады, ал егер 3 адамнан отырғызса, онда 4 парта бос қалады. Сыныптағы оқушылар санын табыңыз.
A) 41; B) 42; C) 43; D) 44; E) 45.
28. Егер оқушыларды партаға 5 адамнан отырғызса, онда екі оқушыға орын жетпей қалады, ал 7 адамнан отырғызса, 2 парта бос қалады. Сыныпта қанша оқушы бар?
A) 37; B) 38; C) 42; D) 47; E) 52.
29. Трактор бригадасы егістік жерді жоспар бойынша 14 күнде жыртып болуы керек еді. Бригада күн сайын жоспардағыдан 5 га артық жыртқандықтан, жер жыртуды 2 күн бұрын аяқтады. Егістік жердің ауданын табыңыз.