Жұмысшы спорттық-гимнастикалық қозғалыстары туралы


Кәсіпқой спорттың пайда болуы



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі23,53 Kb.
#123772
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
РЕФЕРАТ

3.2. Кәсіпқой спорттың пайда болуы
І дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың әлемдік қаржы-экономикалық жағдайлары бірден күшейіп кетті. Ол әлемдегі қуатты мемлекетке айналды. АҚШ-тың империалистік буржуазиясы дүние жүзіне өзінің үстемдігін орнату мақсатында «американдық өмір сүру салтын» басқа капиталистік елдерге уағыздай бастады. «Американдық өмір сүру салтын» насихаттаудың бір жолы ретінде, американдық спортшылардың халықаралық жарыстарда қатысуы болды. Жастарға идеологиялық тұрғыда ықпал ету және әскери-дене қимылы дайындығы амал ретінде спортқа үлкен мән беру арқылы АҚШ-та спорттық ұйымдардың іс-қызметін бақылау күшейді. Штаттардың басым көпшілігінде мектептердегі дене қимылы дайындығының арнайы заңдары қабылданды. Бұл заңдар арқылы қаржылай демеушілік, дене тәрбиесінің оқытушыларын дайындау және дене тәрбиесі сабақтарына бөлінген уақыт мөлшері анықталды. Сонымен, дене тәрбиесі буржуаздық тәрбиенің жалпы жүйесінің бір бөлімі ретінде заңдастырылды. Мектептер мен скаут ұйымдарында 17 жасқа дейінгі балалардың дене тәрбиесінің негізгі назары буржуаздық моральді спорт пен ойындарға көп көңіл бөлінді де, ал гимнастикаға аз көңіл бөлінді. Ауқатты, бай адамдардың балалары дене тәрбиесі білімін колледждер мен университеттерде алып, клубтарда спортпен айналысты. АҚШ-тың колледждері мен университеттері спорттық жұмыстардың негізгі орталығы болып саналды. Американдық колледждер мен университеттер де жеңіл атлетика, жүзу, баскетбол, ескек есу спорты, теннис, бейсбол, кеңінен таралды. Американдық өзіндік спорттық қозғалыстың негізгі рөлін 1988 ж. ашылған әуесқой атлеттік одақ атқарды. Ол одақ университеттік клубтардан басқа, АҚШ-тағы спорттық ұйымдардың барлығының іс-қызметін бақылады. Бұл атлеттік одақтың басшылығында ірі қаржы және өндірістік капиталдың өкілдері тұрды.
ХІХ-ғасырдың аяғында, ХХ-ғасырдың басында дүние жүзінің Европа елдерінде, әсіресе, АҚШ-та кәсіпқой спорт жеделдетілген түрде дами бастады. Оның себебі капиталист-бизнесмендердің дене мәдениеті, спорт саласында ақша істеп, пайда табу жолдарын қарастыра бастауы еді. Кәсіпқой негіздегі спорттың дамуы, пайда табу үшін істелінген тірліктер пресса, кино, радио, теледидар арқылы жарнамалаудың жолына түсті. Бұл өндірістің арнайы коммерциялық саласы - спорттық тресттер, компаниялар ашуға, стадиондар мен басқа да спорттық ғимараттар салуға, кәсіпкерлерге үлкен табыс әкелетін жарыстар мен сайыстарды ұйымдастыруға әкелді. АҚШ-та кәсіпқой спорт бизнес түріне айналды. Спорт саласындағы епті пайда тапқыштар спортшыларды пайдаланудың арқасында жақсы табыс көрді. Мысалы, 1927 ж. АҚШ-та ұйымдастырылған кәсіпқой бокстан дүние жүзі чемпионы атағын жеңіп алу үшін өткізілген кездесудің барысында, ұйымдастырушылар 2 миллион доллардан астам пайда тапты. Бокс, баскетбол, теннис, гольф, хоккей, регби т.б. секілді спорт түрлерінен үлкен мөлшерде ақшалар тігіліп, спортшыларды құл ретінде сатып, алып жатқан заман еді. АҚШ бизнесмендері стадион, спортклубтар, спортзалдары мен алаңдарын салып, одан жанкүйерден төленетін ақша, тотализатор ойнау, әртүрлі жеңіл-желпі тамақтар сатып, одан да басқа ақша табудың көздерін қарастырып, байыған үстіне байи берді. Спортшыларды құл ретінде басқа егесіне сату, олармен күш-қайраты бар кезінде өздеріне ыңғайлы контракт жасау т.б. пайдакөштену жолдарын істей берді.
Сонымен, бірінші және екінші дүние жүзі соғыстары арасындағы кезеңде буржуаздық спорттық-гимнастикалық қозғалыс одан әрі милитаризациялау жолында дами түсті. Бұл жастардың жаңа дүниежүзілік соғысқа әскерден тыс дайындығының маңызды амалы ретінде болды. Буржуаздық спорт идеологиялық тәрбиенің бір амалы ретінде қолданылды. Неғұрлым дамыған капиталистік елдерде спорт үлкен бизнес көзіне айналды.
Спортшыларды ақша табу мақсатында барынша пайдалану үшін, адам төзгісіз жағдайларды істеді. Олардың барлық күш-қуатын сарқа пайдалану үшін, жаттықтырудың небір сан-алуан түрлері пайда болды. Жарыстардағы көрсеткіштер, спорт түрлерінен әлемдік рекордтар үстін-үстін жаңара берді. Соның есесінен спорт жағынан спорттық команда немесе спортшы иегерлері жаңа жетістіктерге жету үшін, тактикалық, техникалық, дене қимылы қасиеттерін дамыту үшін, небір құйтырқы әрекеттерге бара бастады. Спорттық жетістіктерге неғұрлым оңай, жеңіл жету үшін спортшыларға анаболиктер, стероидтер, тиым салынған дәрі-дәрмектер мен препараттарды күштеп қолдандыра бастады. Оның нәтижелері көп ұзамай-ақ шыға берді. Спортшылар мүгедектікке ұшырап, керек емес, бағы мен күші қайтқан кезде, көшеге аяусыз лақтырылып жатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет